Ж: 3. Ең қарапайым беттер деп жазықтық, тұйық жарты жазықтық және квадратты айтамыз. Ең қарапайым беттерге гомеоморфты фигураны элементар бет деп айтамыз.
Басқаша айтқанда, элементар бет деп фигурасын айтамыз, егер ол екі өлшемді сандық жиын гомеоморфты болса.
Евклид кеңістігіндегі бет деп ақырлы немесе санаулы элементар беттермен жабуға болатын фигурасын айтамыз.
Егер әрбір нүктесінің маңайы элементар бет болса, онда ол бетті қарапайым деп атаймыз.вклидтік кеңістігінде тік бұрышты координаттар жүйесін ендіреміз, онда элементар беттің теңдеуін келесі түрде беруге болады.
Векторлық теңдеуі:
мұндағы - нүктесінің радиус векторы.
Параметрлік теңдеуі:
Айқындалмаған теңдеуі;
Параметрлік теңдеуі арқылы берілген F элементар беті класына жататын біртегіс бет деп аталады. егер функциялары k реткіге дейін үзіліссіз дербес туындылары бар болып әрбір нүктесінде орындалса ғана.
п көпбұрыш берілсін. Олардан жасалған бірігуді көпжақты бет дейді, егерде 1-ден, көпбұрыштын әрбір қабырғасы тек осы көпбұрыштын немесе тағы бір көпбұрыштын қабырғасы ғана болатын болса, 2-ден кез-келеген , көпбұрыштар тізбегі шынжырлы тізбек болатын болса.
Көпжақты бетті құрайтын көпбұрыштарды ол көпжақты беттін жақтары, көпбұрыштың төбелері мен қабырғаларын көпжақты беттін төбелері, қырлары дейді. Егер қыр екі жаққа ортақ болсаішкі қыр, тек бір жақтың ғана қабырғасы болса шекаралық қыр делінеді.