Сұйық-газ шекарасын қарастырғанда, газ фазасының күштік өрісін ескермеуге болады. Ал бір бірімен араласпайтын екі сұйықтықтың арасындағы шекараны қарастырғанда, екінші фазаның күштік өрісінің қарқындылығын ескеру қажет. Күштік өрістердің әсері, әдетте, аддитивті болады және екі сұйықтықтың арысындағы шекаралық не фазааралық деп аталатын керілуді осы өрістер қарқындылығының айырымымен анықтауға болады. Молекулалық күштер әсерінің аддитивтілігі Антонов ережесі арқылы көрсетіледі: . (6.21)
Екі сұйықтықтың арасындағы фазааралық керілу бір біріне қаныққан әр сұйықтықтың беттік керілулерінің айырымына тең.
1 және 2 екі сұйықтық арасындағы фазааралық керілуге (σ12) олардың химиялық табиғаты қатты әсер етеді (4-кесте).
Шектесетін фаза табиғатының әсері қатты денелерге де тән, ондай әсер жұғу құбылыстарында көрінеді.
Қатты дененің сүйық не газ арасындағы шекарада да σқс, σқг артық бос энергия болады. Мұндай энергияны фазааралық керілу деп есептеуге болмайды, себебі қатты беттің түзілуі қайтымсыз процесс. Қатты денелердің күштік өрісі қарқынды болғандықтан қатты беттің бос энергиясы сұйық беттерге қарағанда едәуір үлкен болады. Қазіргі таңда қатты беттің беттік энергиясын анықтау тәсілдері жоқ, бірақ жанамалы әдістер бойынша есептеулер қатты денелердің беттік энергиясы жүздік не мыңдық эрг/см2 шамасын қүрайтынын көрсетті.