1557 жылдары ол Азия елдерін саяхаттап, оның ішінде Хорезмге де барған,
мұнда ол ноғайлардың орыстарды қолдайтын саясаты туралы ескертілді.
«Манғыттар, - деп жазады ол, - бөтен ел адамын көргенде, оны орыстарға
жаулап береді».
Сібір хандығы жергілікті билеушілердің шығу тегі Шыңғыс ханның
үлкен
ұлы
Жошының
баласы
Шейбаниге
тірелетін
бухара
шейбанилықтарының өкілдері болған билеушілерімен тұрақты күресінің
алаңы болған. 1563 жылы Сібірге ену әрекеттері сәтті аяқталды: Сібір
аймағының бір бөлігінде бухара шейбанилығы Көшім хан таққа отырды.
Көшім ұлысының басты қаласы Іскер болды (қазіргі Тобольск ауданында).
1563 жылдан бастап Батыс Сібірде бірнеше тайталасушы ұлыстар пайда
болады. Бухара ханының қолдауына сүйеніп, Көшім Едігер мен оның ағасы-
бірігіп басқарушы Бекболатты жеңіп, оларды тұтқынға алып, өлтірді. Бірақ
жеңіс Көшімге оңайлықпен тиген жоқ. Жеті жыл бойы сібірлік бас имейтін
ақ сүйектерімен – ноғай мырзаларымен және самодий тайпаларының
князьдарымен күресуге тура келді.
Шейбанилықтармен тайталас болған қазақ даласының хандарының
сондай-ақ Сібірде өз мүдделері болған. Ноғайлықтардың қайғылы тағдыры
туралы білген Көшім Хакк-Назар жағынан нақты қауіп-қатер сезінді. Оның
қауіптенуінің негізі болатын, өйткені қазақ хандарының Сібір оқиғаларына
қатысулары тек қазақ-ноғай қатынастарының жалғасуы ғана емес, қазақ-
өзбек тайталасының да жалғасуы болып табылған. Бірақ «әскери міндеттерді
атқаратын татарлар» деп аталған ресейлік азаматтар болып кеткен
казандықтар, астрахандықтар және ноғайлықтар Мәскеуге Сібірді және
Қазақстанды иеленуде көмектесті.
1581 жылы орыс құжаттарында Волга жағалауларынан Камаға қашқан
атаман Ермактың казак жасағы туралы бірінші хабарлар пайда бола
бастайды. Строгановтар жоңғылармен, қарумен, оқ дәрімен және азық-
түлікпен қамтыған бұл жасақ
Чусовая
өзені бойымен және Камень (Орал)
арқылы – Сібірге жылжып, өлкені жаулауды бастады. Олардың бірінші
әрекеттері «Сібір шежіресінде» бейнеленді, олардың баяндалуы жорықтан
соң қырық екі жылдан кейін жазылған кәрі ермактіктердің «аңыздарына»
негізделген. «Аңыздар» Ермак тұлғасы туралы сұраққа анық жауап бермейді.
Бұл аңыздар оны орыс патшасы үшін оңтүстік және батыс майдандарда
соғысқан, содан кейін Сібірге кеткен, құдайды сүйген және ер жүрек
Ермолай атты орыс казагы болған деген ойда азды-көпті бір пікірлі болған.
Ермактың шағын жасағында православилық мәртебесінен айырылған діни
қызметкер болған, сондықтан кейіннен ол құдайдан безгендерге «Христос
сөзін» әкелді деп айтуға негіз болды. Қалай болғанда да 1636 жылдан кейін
Ермактың Сібірдегі ролі осылайша түсіндірілді. Ермактың Сібірге дейінгі
өткен күндері туралы мәлімет жоқтың қасы десе болады. Оның үстіне
бұрынғы өмірінен батырдың ноғайлық шығу тегіне, яғни шығу тегі ноғайлық
казак екендігіне сілтейтін барлық мәліметтер шығарылып тастаған.
Достарыңызбен бөлісу: