Бүгін қараша айының 21-інші жұлдызында «Жауқазын» бөбекжайына іс-тәжірибе өтуге келдім



бет1/7
Дата04.04.2023
өлшемі21,27 Kb.
#79070
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Практика МАД


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТҮПҚАРАҒАН ГУМАНИТАРЛЫҚ-КӘСІПТІК КОЛЛЕДЖІ

«01120100 - Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының


ІІ курс студенті Бержанова Қымбаттың практика

КҮНДЕЛІГІ


2023 жыл
21.11.2022


Бүгін қараша айының 21-інші жұлдызында «Жауқазын» бөбекжайына іс-тәжірибе өтуге келдім. Балабақша әдіскері Жылқыбаева Гүлнұр қарсы алып балабақшаның ішін аралатып, тәртібімен, ішкі-сыртқы талаптарымен түсіндіріп таныстырды. Әр студентті топтарға бөлді. Мен «Жасұлан» мектеп алды даярлық (МАД) тобына бекітілдім. 9.00-де таңғы ас ішілді. 9.30-да сауат ашу сабағы өтті. Сабақта алдағы ашық сабаққа қызу дайындық жүргізілді. 10.00-де екінші таңғы ас ішілді. 10.30-да аулаға серуенге шықтық. Балаларға адамзат қоршаған ортамен тығыз байланысты екенін түсіндіріп, балалармен бірге бақшадағы гүлдерге, ағаштарға су құйдық. 12.40-та түскі ас ішілді. 13.00-де балалар түскі ұйқыға жатты.
22.11.2022
Бүгін 07.45-те келіп балаларды қабылдап, ата-аналармен таныстым. 8.30-да таңғы сергіту жаттығуларын жасадық. 9.00-де таңғы ас ішілді. Мен көмекші апайға таңғы ас ішілген жерді жинастыруға көмектестім. 9.30-да қарапайым математика бойынша сабақ өттік. Жұмыс дәптермен жұмыс жасадық, жоғалған сандарды жапсырдық. 10.00-де екінші таңғы ас ішілді. Балалар кішкене ойнап, содан соң ән сабағына кетті. 12.00-де түскі ас ішіп, 13.00-де балалар түскі ұйқыға жатты.
23.11.2022
Бүгін 07.45-те келіп балаларды қабылдадым. 8.30-да таңғы сергіту жаттығуларын жасадық. 9.00-де таңғы ас ішілді. Балалар ойын ойнады. 10.00-де сурет сабағына барды. 10.30-да екінші таңғы ас ішілді. 11.00-да аулаға серуенге шықтық. Серуенде қимыл-қозғалыс ойындарын ойнады. 12.00-де түскі ас ішіп, 13.00-де балалар түскі ұйқыға жатты.
24.11.2022
Бүгін 08.00-де келіп балаларды қабылдадым. 8.30-да таңғы сергіту жаттығуларын жасадық. 9.00-де таңғы ас ішілді. 9.30-да балаларға Тәуелсіздік күніне арналған тақпақтарын жаттатқыздым. Балаларды тақтаға шығарып, өткен әріптерді жазғыздым. 10.00-де екінші таңғы ас ішілді. 10.30-да аулаға серуенге шықтық. Балалармен бірге қазір қандай мезгіл екенін сұрап, табиғатты тамашаладық. 12.00-де түскі ас ішіліп, 13.00-де балалар түскі ұйқыға жатты.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет