Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы теңгенің айналымға енгізілген күні. Осы күн елімізде сонымен қатар, қаржыгерлердің кәсіби мерекесі ретінде де аталып өтіледі
Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы – теңгенің айналымға енгізілген күні. Осы күн елімізде сонымен қатар, қаржыгерлердің кәсіби мерекесі ретінде де аталып өтіледі. Портал оқырмандарына ұлттық валютамыздың айналымға енгізілу тарихы, теңгенің айналымға енгізілгеннен кейінгі өзгерістері туралы мақаланы ұсынамыз.
/////////////////
1993 жылы 12 қарашада ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «ҚР-ы Ұлттық валютасын енгізу туралы» Жарлығы шықты, ал, 15 қараша күні теңге айналымға енгізілді.
Кешегі КСРО-ға мүше елдер ішінде Қазақстан ең соңғы болып рубльдік зонадан шығарылды. Қазақстан алдында ол кезде жаңа валютаға өтудің екі жолы тұрды. Бірі, басқа да одақтас елдердің тәжірибесіндегідей, екі кезеңді қамтитын реформа еді. Ол бойынша алдымен уақытша ақша бірлігі айналымға енгізіліп, кейін тұрақты валютаға көшу керек болды. Қазақстан бұл жолдан бірден бас тартты. Сөйтіп, 1992 жылы бірден жаңа Ұлттық валютаны енгізу тіралы шешім қабылданды. Құрамына жоғары дәрежелі мамандар Меңдібай Әлин, Тимур Сүлейменов, Ағымсалы Дүзелханов және Хайролла Ғабжалилов кірген арнайы комиссия құрылып, жаңа валютаны әзірлеу жұмысына кірісіп кетті.
Дизайнерлердің жаңа валюта кескінін әзірлеу жұмыстары Алматы қаласында ерекше құпия жағдайда жүргізілді. Бұл туралы дизайнерлерден басқа мемлекет басшылығындағы санаулы адамдар ғана білген.
Жаңа валютаның атауына қатысты да бірқатар ұсыныстар болған. Елбасы Н.Назарбаев «Алтын» атауын ұсынды. Кейін жаңа ақшаны «теңге» деп атау туралы шешім қабылданды. «Теңге» сөзі бастауын орта ғасырлардағы түркі мемлекеттерінің күміс ақшасы «денге», «таңғадан» алады. Осы сөз орыстың «деньги» сөзіне де арқау болғанын айта кету керек.
///////////////////////////////
Ал, қағаз ақшаға халқымызға белгілі ақын-жазушы, ғалым, ойшылдардың бейнелерін салу ұйғарылды. Суретшілердің айтуынша, бәрінен де әл-Фараби бейнесі бар банкноттар қатарын ашатын бір теңгелік купюра қиынға түскен. Оның портреті бұрынырақта Кеңес Одағының Ғылым академиясымен канонизацияланған (әулиелер санатына қосылған) еді. Бірақ, оны ғалымдардың мұрағаттарда сақталған еңбектерінен табу да қиынға соқты. Бір теңгелік номинал бар қатарға идея берген негізгі купюра болды. Онда әл-Фарабидің ислам әлеміндегі барлық мешіттердің күмбездері есептелген схемалары, формулалары бейнеленген еді. Басқа купюралармен де қиындықтар болған. Олардың ішіндегі ең негізгісі – біздің кітапханаларымызда банкноттарда бейнелегісі келген тарихи тұлғалардың тура бейнелерінің болмауы. 1992 жылы тамыздың 27-сі Ұлттық банкте теңге купюрасының үлгілерін бекіткен дизайнерлер тобы Англияға аттанды.
/////////////////
Елімізде ақшаны бастыратын фабрика жоқ болатын. Тіпті, құнды қағаз бастыратын қаржы да тапшы болатын. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ол кезеңді “Президенттің үлкен ойыны” фильмінде “Шетелдерге бару үшін ұшаққа жанармай, аэропортты жалға алу үшін қаржы жоқ еді” деп еске алады. Осындай кезеңде елімізде қаржылық реформа жүргізіліп, ұлттық валютаның қажетті қаражаттық инфрақұрылымын жасау қолға алынды. Теңге Ұлыбританиядағы “Харрисон және оның ұлдары” деп аталатын банкнот фабрикасында басылатын болды. Ал, алғашқы металл монеталар Германияда әзірленді.
Бұдан кейінгі жағдайды Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сөзімен айтқанда: «Жеті миллион доллар тауып, ақшамыздың қалған бөлігін шығаруға қажетті шығынды төледік. Төрт «Ил-76» ұшағын жалдап алып, ақшамыздың 60 пайызын тасып әкелдік. Бұл өте құпия операция еді. Құжаттарға: «Мемлекет басшысының салынып жатқан резиденциясына керекті мүлік» деп жазылды. Оған дейін облыстарда жерасты қойма жасатып қойдық. Төрт ұшақ аптасына Лондон-Орал, одан облыстарға дейін әрлі-берлі он сегіз рейс жасап тұрды. 12 қарашаны мен ақшаны енгізу күні деп жарияладым. Жиырма күнге жетер жетпес уақыт қалды. ҰҚК басшыларының бәрін операцияны өткізуге жұмылдырдым. Ең қиыны – ақшаны барлық аудандарға, барлық банкілерге жеткізу. Ол сегіз күннің ішінде атқарылып шықты. Бәлкім дүние жүзінде жаңа ақшаны енгізу тап осындай тез әрі табысты жүзеге асырылған жоқ шығар» деп сонау 1993 жылдарды еске алады Елбасы Н.Ә. Назарбаев. 1993 жылы 1-і қарашада Ұлттық банктің облыстардағы филиалдарына “Х” күні ашылады деген құпия конверттер жетті. Ал, араға үш күн салып Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен ұлттық валюта – теңгені енгізу бойынша мемлекеттік комиссия құрылды. 1993 жылы 3 қарашада Президенттің Жарлығымен құрылған Ұлттық валютаны енгізу жөніндегі мемлекеттік комиссия ұлттық валютаны енгізудің тұжырымдамасын дайындады. Бұл құжатта жаңа валютаның енгізілу мерзімі, тәсілі, жаңа валютаны айырбастау пункттеріне жеткізу мәселелері, қолма-қол ақшаны айырбастау коэффициенті мен лимиттері, валюта бағамын қалыптастыру және басқа маңызды мәселелер айқындалды. 1993 жылы 12 қарашада «Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығы шықты. Онда «Қазақстан Республикасы аумағында 1993 жылы 15 қарашада сағат 08.00-ден Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы-теңге айналымға енгізілсін; 1993жылғы 18 қарашада сағат 08.00-ден бастап теңге Қазақстан Республикасының заңды төлем құралына айналады. Теңге 100 тиыннан тұрады. Қазақстан Республикасындағы қолдағы ақша банкноттар мен монеталар түрінде айналыста болады»- деп көрсетілген.
///////////////////////
Қарашаның 13-і барлық газеттер жаңа валютаның суреттерін берді. Ақша купюрасы теңге мен қағаз тиындар, ауыстыру тәртібі туралы республикалық, облыстық баспасөз хабарлап жатты. Ал қарашаның 15-інен 20-сына дейінгі уақыт сомды теңгеге ауыстыру үшін берілді. Тура алты күнде халық қолдағы ақшасын тәуелсіз елдің валютасына айырбастауы керек еді. Халық бес жүз сомы бір теңге алып жатты. Қағаз ақшасын қапшықтап жинаған ағайын енді теңгенің кезегіне тұрды. Бұл күндер әр тұрғынның есінде. Қобыраған “шөп ақшаны” жинап, сақтағанды шығарып, қолға жаңа купюраны көргендер төл теңгені бірнеше күн қызықтаған. Ағартушы Әл-Фараби, күйші Сүйінбай, ғалым Шоқан Уәлиханов, ақын Абай, Әбілқайыр хан бейнеленген теңге халықтың арасына ене берді. Ұлттық банктің облыстық басқармасы, екінші деңгейлі он екі банктің филиалдары, есеп айырысу кассалары тәулігіне 19 сағатқа дейін тұрғындар қаржысын ауыстырып жатты. Ескі ақша түні бойы есептеліп, сұрыпталып, жөнелтуге даярланды. Жұмыстың ең ауыры облыс орталығындағы есеп-касса орталықтарына түсті. Бұл ұжым алты күннің ішінде 8 миллиард рубль ескі ақша қабылдапты. Осы күндері ақша тапсыруға 362 мың тұрғын келген. Тұрғындар 19,6 миллиард ескі рубль жинаған. 770 қапқа салынған 20 тонна рубль отқа жағылған. 1993 жылдың қарашасында теңгенің айналысқа шығарылуы біздің жас тәуелсіз республикамыздың жылнамасындағы ең маңызды оқиғалардың бірі болып табылады. Ол еліміздің тәуелсіздігін нығайту жолындағы түбегейлі әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізу үшін қажетті тарихи қадам болды. Ал осы жылы қарашаның 22-сінде зейнетақы мен еңбекақы теңгемен беріле бастады. Елімізде валюта айырбастау пункттері ашылып жатты. Кейін Алматы қаласында Ұлттық банктің Банкнот фабрикасы, Өскеменде Монета сарайы ашылды. Уақыт талабына сай теңгенің дизайны өзгерді. Бүгінде купюраларымыздың қорғаныштық қасиеті дамыған елдер валютасымен бәсекелесе алады. Республикада ақша айналысындағы монетамен қатар мерейтойлық және ескерткіш монеталар да қолданылады. Мерейтойлық және ескерткіш монеталар оларда белгіленген құнға сәйкес төлем қабілетіне ие, бірақ олар негізінен мәдени — ағарту мақсатында шығарылған . Әдеттегідей , олар қатаң шектеулі таралыммен шығарылады және Қазақстан Республикасының аумағында және шет елдерде коллекциялық құнымен сатуға арналған.
/////////////////////////////
2006 жылы Ұлттық валюта кескіні түбегейлі өзгертілді. Онда бұрынғы үлгіде болған даңқты тұлғалардың бейнелері алынып тасталды. Жаңа үлгідегі банкноталар бірыңғай стильде орындалған, суреттер бет жағында негізінен тігінен, сырт жағында көлденеңінен орналасқан. Тұтастай алғанда, дизайн Қазақстанның қазіргі бейнесін көрсетеді, барлық мемлекеттік нышандар, сәулет объектілерінің және елдің табиғат ландшафтарының бейнелері кіреді. Банкноталардың бет жағында орталық бөлігінде «Астана-Бәйтерек» монументі — қазіргі заманғы қазақстандық сәулеттің, конструкторлық және инженерлік ойдың жетістігі, тәуелсіз Қазақстанның даму нышаны орналастырылған. 2010 жылыҚазақстанның ЕҚЫҰ төрағалық етуіне арналған 1000 теңгелік, «Азиада 2011» Жетінші қысқы Азиада ойындарына арналған номиналы 2000 теңгелік, 2011 жылғы 25 мамырдан бастап Ислам Конференциясын Ұйымдастыруға Қазақстанның төрағалық етуіне арналған номиналы 1000 теңгелік, 2011 жылғы 4 шілдеде Қазақстанның Ұлттық банкі республиканың тәуелсіздігіне 20-жыл толу қарсаңында номиналдық құны 10000 теңгелік, 2011 жылғы 4 шілдеде айналысқа жіберілген Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған номиналдық құны 10000 теңгелік, 2011 жылы 30 желтоқсанда айналысқа жіберілген «Қазақ елі» монументі бедерленген 5000 теңгелік, 2013 жылғы 29 наурызда Ертіс өзені бейнеленген Қазақстан картасының сұлбасы бар 2000 теңгелік, 2013 жылдың 12 желтоқсанында «Kүлтегін» түркі жазба ескерткішіне арналған номиналы 1000 (бір мың) теңгелік ескерткіш банкнотты айналысқа шығарды. Оның көлемі 134х70 мм қағазда дайындалған. Осы банкноталарды енгізу кезінде жаңа банкноттарда грамматикалық қателерге жол берілгенін де айта кеткен жөн.
//////////////////
2006 жылы қарашада Ұлттық банк теңгенің символы болатын үздік суретке байқау жариялады. Ол байқауды 30 мың суреттің ішінен суретшілер Вадим Давиденок мен Сенжар Әмірхановтің жобасы ұтып алды. Ол символ Т әрпінің үстіне көлденең тартылған сызық түріндегі қарапайым сурет еді. Жеңімпаздарға бір миллион теңге сыйақы берілгенненк кейін аталған символ Жапония пошта қызметінде 126 жылдан бері қолданылып келгені анықталды...
Бүгінде қазақстандық банкноталар 15 деңгейлі қорғаныс қабатына ие, қолдан жасау мүмкіндігі барынша шектелген қаржылық айналым құралы болып саналады.
Бүгін Қазақстанның Ұлттық валютасы – төл теңгеміздің айналымға енгізілген күні. Сондай-ақ, 15 қараша республикада қаржыгерлердің кәсіби мерекесі ретінде де аталып өтіледі. 1997 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен ең алғаш теңге айналымға енгізілген күн, 15 қараша «Ұлттық валюта күні» деп жарияланған болатын.
Теңгенің тарихына тереңірек үңілсек ең алғаш қазақ даласында күміс монета он бесінші ғасырда Отырар қаласында «таньга» деген атаумен пайда болған. Ал Ұлттық валютамыздың тарихы 1992 жылдан бастау алады. 1992 жылдың 27 тамызы күні Қазақстаның Ұлттық банкі теңге купюрасының үлгілерін бекіткен болатын. Мемлекет басшысының жеке тапсырмасымен отандық суретшілер Тимур Сүлейменов, Қайролла Әбжәлелов, Меңдібай Алин және Ағымсалы Дүзелханов Англияда қазақ валютасының дизайнындағы портретін бекітті. Дизайнерлердің жаңа валюта кескінін әзірлеу жұмыстары Алматы қаласында ерекше құпия жағдайда жүргізілді. Бұл туралы дизайнерлерден басқа мемлекет басшылығындағы санаулы адамдар ғана білген. Осылайша теңге алғаш рет Ұлыбританияда басылып шықты. 1993 жылдың 12 қарашасы күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлыққа қол қойылып, 15 қараша ұлттық валютамыз айналымға енгізілді.
Бүгін Қазақстанның Ұлттық валютасы – төл теңгеміздің айналымға енгізілген күні. Сондай-ақ, 15 қараша республикада қаржыгерлердің кәсіби мерекесі ретінде де аталып өтіледі. 1997 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен ең алғаш теңге айналымға енгізілген күн, 15 қараша «Ұлттық валюта күні» деп жарияланған болатын.
Теңгенің тарихына тереңірек үңілсек ең алғаш қазақ даласында күміс монета он бесінші ғасырда Отырар қаласында «таньга» деген атаумен пайда болған. Ал Ұлттық валютамыздың тарихы 1992 жылдан бастау алады. 1992 жылдың 27 тамызы күні Қазақстаның Ұлттық банкі теңге купюрасының үлгілерін бекіткен болатын. Мемлекет басшысының жеке тапсырмасымен отандық суретшілер Тимур Сүлейменов, Қайролла Әбжәлелов, Меңдібай Алин және Ағымсалы Дүзелханов Англияда қазақ валютасының дизайнындағы портретін бекітті. Дизайнерлердің жаңа валюта кескінін әзірлеу жұмыстары Алматы қаласында ерекше құпия жағдайда жүргізілді. Бұл туралы дизайнерлерден басқа мемлекет басшылығындағы санаулы адамдар ғана білген. Осылайша теңге алғаш рет Ұлыбританияда басылып шықты. 1993 жылдың 12 қарашасы күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлыққа қол қойылып, 15 қараша ұлттық валютамыз айналымға енгізілді.