Бүгінгі таңда біздің басты мақсатымыз еңселі егемендігімізді нығайту



Pdf көрінісі
бет5/11
Дата31.03.2017
өлшемі7,52 Mb.
#10732
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ерман ӘБДИев

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалында 

Жамбыл ОІІД бастығы, полиция генерал-майоры 

Тілеген Маткенов азаматтардың жеке сұрақтары 

бойынша қоғамдық қабылдау өткізді. Бұл күні 

қоғамдық қабылдауға үш азамат жазылған екен. 

Алғашқы болып қайырылған Құрманғазы Мүсір 

полиция капитаны А.Айдарбековтің іс-әрекетіне 

наразылығын білдірді. Тілеген Советұлы бұл 

мәселе бойынша қызметтік тексеру болғандығын 

алға тартып, полиция капитаны мен жоғарыда 

 

„

қоғамдық қабылдауға келген көпшілік шағымдарының аяқсыз 



қалмайтындығына сеніммен қайтты.

шыМБайға Батқан соң 

шағыМданады

 

„

«нұр отан» партиясы 



тараз қалалық филиалы мен 

қалалық ішкі істер басқармасы 

жергілікті полиция қызметімен 

бірлесіп «жолда қабылдау» 

акциясын өткізді. 

жүргізушілерге 

жадынамалар 

таратылды

Сейділдә ТӨреН

Шараның маңыздылығын түсіндірген партия 

Тараз қалалық филиалы төрағасының орынба-

сары Арын Асқарбеков партия мен тұрғындар 

арасындағы байланысты нығайту және сенімділікті 

қалыптастыруда акцияның тиімділігі мол екеніне 

тоқталды. 

Жамбыл  даңғылы,  ҚР  Тұңғыш  Президенті 

атындағы саябақ, қаладан «Құмшағал» аумағына 

қатынайтын күре жолдың бойы мен Жібек жолы 

көшелерінде өткен қабылдау барысында көлік 

жүргізушілеріне  құқықтық  кеңес  беретін  жа-

дынамалар  таратылып,  жан-жақты  түсіндірме 

жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ жүргізушілер 

өздерінің  көкейкесті    сұрақтарын  қойып,  заң 

шеңберінде жауаптар алды. Мұнымен қоса, әртүрлі 

тақырыпта қозғалған мәселелерге партия тарапы-

нан қолдау болатыны айтылды. 

-  Өзім  Саңырақ  батыр  көшесі,  6  үйдің 

тұрғынымын. Осы мен тұратын және Жібек жолы 

көшелерінің бағаналарына жарық қойылса. Түн 

батса  болды,  қаланың  іші  бола  тұра  көшеміз 

тас  қараңғы  болады.  Жарығы  жоқ  Почтовая 

көшесінен біздің көшеге дейінгі жолдың шетінің 

бәрі нашақорлардың тұтынған заттарына толып 

кеткен. Тіпті оны өзіміз  тазалаған күндер де болған. 

Бұл сөзіммен полиция қызметкерлері жұмыс жа-

самайды дегенді айтқым келіп тұрған жоқ. Олар 

жұмыс жасап жатыр. Көңілім де толады. Дегенмен 

көшеде жарық болмағаннан, түннің жарымында 

нашақорлар көшені еркін кезеді. Сол себептен 

көшеге жарық жүргізілсе, - дейді көлік жүргізушісі 

Сатмырза Жұманов. 

Жүргізушілер Темір жол вокзалы аумағындағы 

Гоголь көшесінің жолы жаңғырту жұмысынан 

кейін сапасыз жөнделгені, «Шахристан» базары 

аумағындағы кәріз құдықтарының қақпақтары жиі 

ұрланатындығы туралы мәселелер көтерді. 



діни экстремизм - 

қоғам дерті

Тарихи-мәдени  ескерткіштерді  қорғау  және  қалпына 

келтіру дирекциясы қызметкерлері ұйымдастырған дөңгелек 

үстелде қазіргі қоғамдағы лаңкестік және экстремистік іс-

әрекеттер талқыланды. 

Басқосуды Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архив-

тер және құжаттама басқармасының «Мәдениет және өнер» 

бөлімінің бас маманы Ғани Нұрсейітов ашып,  шараның 

мақсаты адамның қауіпсіздігі мен діни экстремизм және 

терроризм көріністерінің қоғамға қауіптілігінің алдын алу 

және болдырмау екендігін тілге тиек етті. 

Жиында  облыс  әкімдігінің  Дін  істері  проблемаларын 

зерттеу  орталығының  ақпарат  және  түсіндіру  бөлімінің 

басшысы Самғат Мутанов хабарлама жасады.

- Адам өмірге келгеннен діни сана қалыптасады. Діни 

санадан кейін барып діншілдік пайда болады. Діншілдіктің 

өзі діни фанаттар, фундаменталистер, радикалистер, экс-

тремистер  және  террористер  болып  бөлінеді.  Бүгінде 

қоғамға қауіпті болып табылатын террористер санаға және 

физикалық  шабуылдаушылар  болып  жіктеледі.  Мұнда 

қауіптісі  -  санаға  шабуыл  жасайтындар.  Өйткені,  на-

сихат арқылы бірнеше адамның санасын улап, өздерінің 

қатарына қосып алады. Сондықтан дінде сауаттылық ке-

рек, - деді Самғат Мутанов. Сондай-ақ ол дөңгелек үстелге 

қатысушыларға  дәстүрлі  дін  мен  салафизмнің  ара-жігін 

ажыратып берді. 

Тарихи-мәдени  ескерткіштерді  қорғау  және  қалпына 

келтіру дирекциясы «Тарих және археология» бөлімінің 

ғылыми қызметкері Асылжан Шайділдаев «Психологиялық 

соғыс» санатына жататын терроризм бұрыннан келе жатқан 

немесе қолдан жасалған қақтығыстар мен келіспеушіліктер 

негізінде  қалыптасқан  төңкерісшіл  идеологиялар  мен 

қозғалыстарды белгілі бір мақсат бойынша ұйымдастырудың 

нәтижесінде болатындығын айтты. 

- «Жиһад» сөзі араб тілінде белгілі бір нәтижеге, мақсатқа 

жету  үшін  яки  бір  істі  істеу  үшін  бар  қажыр-қайратың 

мен  ынта-жігеріңді  төгу,  тырысу,  күресу  деген  сияқты 

мағыналарды білдіреді. Бұл сөздің аясы өте ауқымды. Бүгінгі 

таңда теріс бағыттағы ақпарат салдарынан көптеген адамдар 

жиһадты «қару алып соғысу» деп түсінеді. Әрине, мұндай 

түсінік жиһадтың мағынасын шектейді. Құранда «жиһад» 

сөзі 35 жерде өткенімен, төрт жерде ғана «тікелей соғыс» 

мағынасында  келген.  Құранда  «соғыс»  ұғымы  «харб», 

«мухарабә», «мағрака», «қитал» терминдерімен білдірілген. 

Бірақ жиһад сөзі соғысты да қамтығандықтан, көпшілік 

«жиһад» делінген кезде тікелей соғысты түсінеді. Жиһад – 

адамның Алла Тағаланы тануына кедергі келтіретін барлық 

тосқауылдарды жою. Жаратушы мен адамның арасындағы 

бөгеттерге сауатсыздық, әлеуметтік жағдайдың төмендігі, 

ерік-ойға,  санаға  жасалған  шектеулер  жатады.  Ендеше, 

жиһад деп осы бөгеттерді жою үшін жасалатын барлық іс-

шара, күреске айтылмақ, - деді ол. 

Басқосуда қызметкерлер тақырып бойынша дайындалған 

бейнероликті тамашалады.  



әскердегі бір күн

Шараны «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы 

жанындағы «Жас  Отан» жастар қанаты ұйымдастырды.

Жасотандықтарды  «Гродеково»  шекара  заставасы 

бастығының  тәрбие  жөніндегі  орынбасары  Темірлан 

Жаңабаев күтіп алып, белсенді жастарды әскери өмірмен 

таныстырды. Жастар қанатының мүшелері әуелі заманауи 

жабдықталған заставаның із кесуші иттері тұратын тәлім 

бағына  бас  сұқты.  Ол  жерде  тәжірибелі  Малинуа  атты 

белгиялық овчарканың жаттығуын қызықтады. Мұнан соң 

олар сарбаздар ұйымдастырып қойған атыс қаруларының 

кішігірім көрмесінде болып, «Калашников» автоматы және 

пулеметі, «Драгунов» дәлдегіш снайпері, гранат, дүрбілердің 

түр-түрі, «АГС-17» пулеметі, травматикалық қарулардың 

түрлерімен  жақынырақ  танысты.  Сондай-ақ  техникалар 

тұратын  гараждарда  әскери  автокөліктердің  жай-күйіне 

қанықты.  Жаттығу  залдарында,  сарбаздардың  жатын, 

тынығатын, ас ішетін, арғысы жуынатын бөлмелеріне дейін 

аралап, Отан алдындағы әскер борышын өтеп жүрген сарбаз-

дармен еркін сұхбаттасты. Заставадан шығып, Қазақстан мен 

Қырғыз Республикасы шектесетін шекара шебінде болды. 

Застава сарбаздары жастарға шекараны кескен жағдайда 

қандай қылмыстық іс қозғалатынын айтып, заңсыз шекара 

шебін кесуге болмайтындығын ескертті. 

«Гродеково»  шекара  заставасы  бастығының  тәрбие 

жөніндегі  орынбасары  Темірлан  Жаңабаевтың    айтуын-

ша,  ҚР  Ұлттық  қауіпсіздік  комитетінің  шекара  қызметі 

2035  әскери  бөлімі  ағымдағы  жылдың  10  айында 

контрабандалық 7,5 тонна есірткі заттарының жолын ке-

скен.  Сондай-ақ шекараны заңсыз кесіп өтпек болған 400-

ге жуық адамды ұстап, олар қылмыстық жауапқа тартылған. 

Ал мұның ішінде «Гродеково» шекара заставасының қосып 

жатқан елеулі үлесі зор. Мәселен, жақында ғана шекара-

дан 23  бас  жылқыны  заңсыз  алып  өтпек  болған қырғыз 

азаматын  ұстаған.  Бүгінгі  күні  бұл  іс  тергеліп  жатыр 

екен.  Сонымен  қатар  осыдан  екі  жеті  бұрын  шекараны 

кесіп өтіп бара  жатқан қазақстандық азамат қырағы көз 

шекарашылардың қолына түскен. Қазіргі таңда ұсталған 

азаматқа ҚР Қылмыстық кодексінің 392-бабы, 1-тармағы 

бойынша іс қозғалған. 

-  Әскери  өмірдің  қыр-сырына  қанығып,  тыныс-

тіршілігімен таныстым. Әскери өмірді көру арқылы менің 

Отан  алдындағы  азаматтық  борышымды  өтеуге  деген 

құлшынысым артты, - дейді ТарМПИ «Бастапқы әскери 

дайындық» мамандығының студенті Алмат Қуанбек. 

еңбек құқығы қорғалды

Тараз қалалық сотында талап қоюшы А.Касымбековтің 

жауапкер «ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Жамбыл 

облысы Төтенше жағдайлар департаментінің (Тараз қаласы) 

жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесіне бұйрықты 

заңсыз деп тану, бұрынғы жұмысына қайта орналастыру, 

бос  жүрген  уақытына  жалақысын  өндіру  туралы  еңбек 

дауы  бойынша  азаматтық  іс  қаралды.  2016  жылдың  27 

шілдесінде сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылып, 

А.Касымбеков  бұрынғы  жұмысына  қайта  орналастыры-

лып, оның пайдасына бос жүрген уақытына  299172 теңге 

жалақысы  және  15000  теңге  моральдық  зиян  өндірілді. 

Аталған шешім апелляциялық саты сотының қаулысымен 

күшінде қалдырылды.  



Дайындаған  Шынболат СеЙДУаЛИев.

Мәселе шешімін тапты.    суретті түсірген автор.

ш а ғ ы м д а н у ш ы   а з а м а т т ы ң 

арасындағы  кикілжің  жұмыстан 

тыс уақытта болғандықтан, сотқа 

шағымдануына  толық  негіз  бар 

екендігін айтты. «Бұл жерде оқиға 

орнына  жеткен  учаскелік  поли-

ция  инспекторының  бұзақылық 

әрекетке  байланысты  хаттаманы 

неліктен толтырмағандығы жөнінде 

қызметтік тексеру жүргіземін» - деді 

Т.Маткенов. Ал Тараз қаласының 

тұрғыны Белес Узенов 19 қыркүйек 

күні  «ВАЗ-2114»  көлігін  Шым-

кент  қаласының  тұрғыны  қолды 

қылғанын және осы ұрлыққа бай-

ланысты  шағым  түсіргенімен, 

ОП-3  полиция  бөлімі  әрекетсіз 

отырғандығына  қынжылыс  та-

нытты. Тіпті, ол ұры сол оқиғадан 

кейін  Шымкент  қаласында  жеке 

тұрғындардың велосипедтерін ұрлап 

қолға түскен екен. ОІІД бастығы бұл 

оқиға  бойынша  он  күннің  ішінде 

нақты шешім болатындығын айта 

келе, криминалды полиция бөлімінің 

басшысына нақты тапсырма берді. 

Ал Каспий банк қызметкерлеріне 

шағымданушы азаматтың мәселесін 

көтере  келген  Алина  Кимнің                   

жайымен толық танысқан Тілеген 

Маткенов  ол  мәселе  жан-жақты 

зерделеу  жұмыстарын  талап 

ететіндігін айтып, қолынан келген-

ше көмектесетіндігін жеткізді.



//   «Жамбыл - Тараз»  //  №43 (1331), 26 қазан  2016 Жыл  //

рухАнИяТ


11

МақсұтыМ – 

тіл ұстартып, 

өнер шашпақ...

 

„

жыл сайын ел аумағында қазақ баласының һәм бүгінгі 



адамзаттың әдеби, рухани атасына айналған абай құнанбайұлының 

даналығына, даралығына тағзым ретінде өскелең ұрпақтың 

арасында түрлі байқаулар ұйымдастырылады. Биылғы қалалық 

дәстүрлі байқау барысында абайдың қазаққа ғана емес, барша 

ұлтқа, күллі адамзатқа беделі биік, бағасы жоғары екендігін 

тараздық жастар тағы да өнерімен дәлелдеді. 

Нұржан СерІКХаНҰЛЫ

Жалпы бұл доданың ерекшелігі– 

шараға  қатысқан  13  үміткердің 

барлығы  да  әр  ұлттың  өкілдері 

болды. Соған қарамастан, Абаймен 

жақындығы көрермендердің талай-

ын таң қалдырды. Тіпті арасында 

топ  жарып,  байқаудың  бірінші 

кезеңінде-ақ  шабысы  бөлек  өнер 

жүйріктері  көзге  бірден  түсті. 

Үміткерлер арасында ЖОО және 

колледж  студенттерімен  бірге 

мектеп  оқушылары  да  бақ  сы-

насты.  Биылғы  байқау  ерекше 

көңілмен, қажырлы дайындықпен 

өткендігіне  көрермен  көзі  куә. 

Тіпті кейбір үміткерлердің өлең оқу 

мәнеріне,  шығарманы  шырайлы 

да шынайы етіп  баяндауына және 

күміс  көмей  әншілігіне  сілтідей 

тынып  тыңдаған  көрермендердің 

қарасы көп болды. Барлығы да өзге 

ұлттың өкілі бола тұра, мемлекеттік 

тілді  меңгергені  соншалық,  тіпті 

қазіргі  уақытта  қазақ  жастары 

атүсті  қарап,  көз  қырын  салмай-

тын хәкімнің маржандай даналық 

пәлсапаларын  жүректеріне  жүзік 

қып  тағып,  сахнаға  шыққандай 

әсер  қалдырды.  Дегенмен    өз 

мамандықтары  бойынша  жоғары 

білім  алып  жатқан  студенттерге 

қарағанда, мектеп оқушыларының 

абайсүйгіштігі, қазақ әдебиеті мен 

руханиятына деген махаббаты, бір 

сөзбен  айтқанда,  дарыны  басым 

түсті.  Колледж  студенттері  ара-

сында тек Юрий Чикалиди өзінің 

салмақты  болмысымен,  жас  та 

болса өзінен үлкендерге қарағанда 

Абайды тереңірек түсінетіндігімен, 

көп  білетіндігімен  даралан-

са,  №22  мектептің  оқушысы                                         

Русалина    Пряхина  да  танымы-

мен талайды тебірентті. №41 көп 

салалы  гимназияның  оқушысы  

Виолетта  Кимді    қазақтың  қара 

көздерінен  айыру  мүмкін  емес. 

Тілі анық, түсінігі мен талабы тау-

дай  нәзік  қыздың  өнеріне  өзінің 

қарсыластары  да  тәнті  болды. 

Дегенмен    №13  орта  мектептің 

оқушысы  Камила  Дуйсекованың 

талантына ешкім таласа алған жоқ. 

Жалпы байқау үш кезеңнен тұрды. 

Бірінші  кезеңде  Абай  өлеңдерін, 

поэмаларын  қазақ  тілінде  жатқа 

айту болса, 2-кезеңде «Абай жолы» 

романының  бөлімдерінен  неме-

се  қара  сөздерінен  мемлекеттік 

тілде  баяндап  беру    талаптары 

қойылды.  Соңғы  ақтық  кезеңде 

үміткерлер Абай әндерін шырқап, 

әдебиетсүйер  көрерменді  әуезді 

сазға бөледі. Мұнда, 1-кезең бой-

ынша оза шапқандар келесі кезеңде 



 

„

тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай абай атындағы  гуманитарлық колледждің бір топ ұстаздары мен студенттері облыстық 



тарихи-өлкетану музейінде көрме ұйымдастырды. 

тарихпен үндескен қолөнер 

 

„

кітап оқуды 



тыйған күні ойдан 

тыйыласыз. 

кітап оқуға 

шақырды 

арайлым ШаБДеНОва

Адамзат баласының қол жеткізген 

ұлы қазынасы – білім. Ол ұрпақтан-

ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе 

әдебиет арқылы да жетеді. Кітап – адам 

баласының сан ғасырлық ақыл-ойының 

жемісі, тарихы мен тағылымының алтын 

сандығы.  

Ел  Тәуелсіздігінің  25  жылдығына 

орай  құрылған  облыстық  жастар 

ұйымдарының  коалициясы  жастар-

ды  кітап  оқуға  шақыру  мақсатында 

Ш.Уәлиханов  атындағы  облыстық 

әмбебап кітапханасымен бірлесе оты-

рып  «Тәуелсіздік  жолы»  атты  кітап 

көрмесін  ұйымдастырды.  Көрмеде 

жастарға  тәуелсіздік  жылдары  және 

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай 

жарыққа шыққан кітаптар, кітапхананың 

тыныс-тіршілігі  және  оның  қызмет 

түрлері  таныстырылды.  Жиынды                    

Тараз қалалық мәслихатының депутаты 

Серікбол  Берікқожа  ашып,  жүргізді. 

Алғашқы сөз алған «Нұр Отан» партия-

сы Жамбыл облыстық филиалы «Жас 

Отан»  жастар  қанатының  төрағасы 

Уәлихан Болатбек жастарды кітап оқуға 

және  танымал  жазушылардың  әйгілі 

шығармаларын танып білуге шақырды.

– «Кітап маған тақтан да қымбат» 

деген екен Шекспир. Бұл сөзден түйер 

ойымыз,  адамға  жан  азығы,  рухани 

байлығы бола білген – кітап. Cол себепті 

оның орны тақтан да жоғары. Кітап- 

сенің  асып-таспайтын  асыл  досың. 

Себебі кітаппен дос болған адамның 

ой-өрісі  кең,  сөз  мәдениеті  жоғары, 

саналы, жан-жақты болып тәрбиеленері 

сөзсіз.  Білімнің  көзін  ашып,    ғылым 

саласын танытқан, оқытып-үйреткен  

кітаптың бүгінде электронды және аудио 

түрлері де кең таралуда. Тіпті әлеуметтік 

желіде  арнайы кітапты жарнамалап, оны 

оқуға үндейтін түрлі топтар ашылған. 

Сол  сайттар  мен  топтарға  қосылуға 

барлықтарыңызды шақырамын, – деді 

Уәлихан Болатбек.

Шара барысында кітапхана ұжымының 

қызметкерлері тәуелсіздікке арналған 

ақын-жазушылардың арнауларын оқи 

отырып, авторлардың кітаптарымен та-

ныстырды. Ал келушілер кітапхананың 

барлық бөлімдері мен қызмет түрлері, 

ондағы кітап қорымен және сан алуан 

салаларымен  таныс  болды.  Жалпы 

облыстық кітапханада 236 мыңнан астам 

кітап қоры бар екен. Оның 63 мыңнан 

астамы мемлекеттік тілде. Абонемент 

қорында 76 мың кітап сақталған. Оның 

17 мыңы қазақ тілінде. Кітапхананың  2 

электронды залында оқырмандар сирек 

кездесетін кітаптарды пайдалана алады. 



 

арайлым БаҚЫТЖаНҚЫЗЫ 

Жастарға ұлттық құндылықтарды таныта отырып, туған 

өлке тарихын тереңірек білуіне ықпал жасау мақсатында 

өткен шараға 30-ға жуық жұмыс қойылған. Көрмеге қойылған 

«Сәндік-қолданбалы  өнер  және  халықтық  кәсіпшілік», 

«Бейнелеу өнері және сызу» мамандықтарының студенттері 

теріден, киізден, ағаш пен темірден, шиден жасаған қолөнер 

бұйымдары мен майлы бояулармен салған кескіндемелік 

шығармалар жиынтығы көздің жауын алды. Тарихы терең 

туған  өлкенің  әсем  табиғаты  мен  халқымыздың  ұлттық 

салт-дәстүрін бір арнаға тоғыстырып, қиялына ерік берген 

суретшінің бірі – Берік Халиев. Өзі білім алған оқу орнына 

ұстаздық қызметке келген Беріктің бүгінде шәкірттері де 

төл тарихымызды ұлықтайтын, сымбаты мен салтанаты 

келіскен бүгінгі Тараз келбетін шығармашылықтың арқауы 

етіп алған. Қолөнер бұйымдарының ішінде көзге түскені– 

қазақы нақышта ою-өрнекпен безендірілген «Қобдиша» 

атты киіз үй мен ұлттық зергерлік бұйымдары. Мельхордан 

әзірленген әшекейлерге ұстаның 2 айға жуық уақыты кетіпті. 

Ал колледж оқытушысы Серік Ахметов көбінде живопись 

және тері материалдарымен жұмыс жасайды. Тарихты  өз 

шығармашылығына қосып композиция жасауды жаны сүйетін 

суретші көрмеге бірнеше туындысын арқалай келген. Соның 

ішінде «Тарих қойнауында» туындысы көпшіліктің назарынан 

тыс қалмады. Мұнда түрлі кезеңдерді суреттейтін трипихтар 

мен таңбалы тастарды түрлі аң стилі мен қазақша ою-өрнектер 

орналастырылған. Туындыны құрастыруға жарты жылдан 

астам уақыт кетсе, оны бейнелеуге 1 ай жұмсалған. Жалпы 

басымдылық тарихтан сыр шерту мен ұлттық құндылықтарға 

берілген көрмеде ата-баба мұрасы тағы бір жаңғырды. 

– Көрмеде студенттер мен ұстаздардың шығармашылық 

жұмыстары  көпшілікке  таныстырылды.  Жыл  сай-

ын  республикалық,  облыстық,  қалалық  байқауларда 

студенттердің  еңбегі  еленіп,  түрлі  байқауларда  жүлделі 

орындарды иеленуде. Төл туындыларымызды қылқаламның 

көмегімен  бейнелеп,  ұлттық  мәдениетімізді  жаңғыртып 

жүрген жастар легінің саны күн санап көбеюде. Мұндай 

шара суретшілер мен қолөнер иелерінің шығармашылығына 

шабыт  қосып,  жаңа  туындылардың  дүниеге  келуіне  өз 

септігін тигізеді, – дейді колледждің сәндік қолданбалы өнер 

бөлімінің меңгерушісі Алмагүл Сапақова.

Адамзатқа ортақ Алатау.    суретті түсірген н.тұрғынбек.

сүрінсе,  кейбіреуі  соңғы  сында 

шабысынан шалынып жатты. Бірақ  

нағыз таланттар барлық кезеңде де 

белсенді өнер көрсетіп, жиналған 

қауымның  қошеметіне,  қазылар 

алқасының  жоғары  бағасына  ие 

болды. Шешуші сәтке дейін бір-

бірінен кем түспей, қатар келген 

(кәріс  ұлтының  өкілі)  Виолетта 

мен  (түрік)  Камила  сахнаның 

сәніне айналды.  Дегенмен  ұпай 

саны  бойынша  байқаудың  бас 

жүлдесі  Камилаға  бұйырды.  Ал 

Виолетта 1-орынға лайық деп та-

нылды.  Орыс  ұлтының  өкілдері, 

талапты  жастар  Русалина  мен 

Юрий жүлделі 2 және 3 орындарды 

өзара бөлісті. Басқа үміткерлердің 

барлығына  бағалы  сыйлықтар 

мен  дипломдар  табыс  етілді. 

Енді  қалалық  доданың  дүлдүлі 

алдағы уақытта облыстық байқауда 

шаһардың  намысын  қорғайтын 

болады.                   



сАЛАМАТ

12

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №43 (1331), 26 қазан  2016 Жыл  //



универсиаданы қолдайМыз!

 

„

тараз қаласында тұңғыш рет сүт безінің қатерлі ісігіне имплантат қойылды. 



 

„

ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына 



орай мүмкіндігі шектеулі балаларға 

арналған  «жаңа шабыт» қоғамдық 

бірлестігінің  төрағасы талғат 

ахметбековтің қолдауымен  

«Бәріміз бірдейміз!» атты шара өтті.  

Балалардың ой қабілетін дамыту, 

шығармашылық қасиеттерін 

ашу, қоғамға бейімдеу және 

әлеуметтендіру мақсатын мұрат 

еткен шара ауқымды болды.

 

„

тұғыры биік тәуелсіздіктің 



ширек ғасырлық тойы жақындаған 

сайын қаламызда түрлі деңгейдегі 

іс-шаралар лек-легімен өткізілуде. 

соның бірі ретінде саламаттылықты 

жандарына серік еткен ұстаздар 

мен оқушылардың жүгіру жарысын 

айтуға әбден болады.                                                                                                                    

ерте қамданған абзал

Бала жүрегіне 

жол таба білген 

Бағындырар белес көп

арайлым ШаБДеНОва

Сүт безінің қатерлі ісігіне  жыл сайын 3000-нан астам әйел  шалдықса, 

1000-нан астамы көз жұмады екен. Өңірде жылына шамамен 150 адамда  

осы ауру анықталса, өткен жылы бұл кеселден 87 әйел көз жұмыпты. Ал 

аурудың алдын алу үшін жыл сайын әлемде қазан айында «Pink activities» 

іс-шаралар айлығы өтеді. Шара  аясында әйелдерге ақысыз тексерулер, 

қатерлі ісікке қарсы жаяу жүру, ғимараттар мен ескерткіштерді қызғылт 

жарықпен безендірулер жүргізіледі. Облыс орталығында да бұл шара 

жалғасын тауып, алдымен ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябағында 

«Pink Тараз» қайырымдылық марафоны өтті. Оған  «Біз қатерлі ісікке қарсы 

тұрамыз!» ұранымен барлығы 600-ден астам адам қатысты. Марафоннан 

кейін онкологиялық аурулар бойынша еліміздің аурушаңдық деңгейі мен 

онымен емделуге байланысты жаңа инновациялық әдіс-тәсілдер жөнінде 

журналистерге арналған баспасөз мәслихаты ұйымдастырылды. Оған  Қазақ 

онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының  директоры, 

м.ғ.д. Диляра  Қайдарова және  облыстық онкологиялық диспансердің бас 

дәрігері Абай Нұржанов  қатысып, облыстық онкологиялық диспансерінде 

еліміздің бас маммологы Шынар Талаеваның  32 жасар Шу ауданының 

тұрғынына сүт безінің қатерлі ісігін  жою, яғни ісік безінің  орнына им-

плантат қою арқылы сәтті жасалған операция туралы айтылды. Науқас сүт 

безі қатерлі ісігінің  І және ІІ сатысында, аурудың анықталғанына шамамен 

1 айдай болған. Отаның бұл түрі Алматы, Астана және Оңтүстік Қазақстан 

облысында ғана жасалған екен. Өңірімізде алғаш рет сәтті жасалған ота 

алдағы уақытта облыстық онкологиялық диспансерде  тұрақты түрде жа-

салатын болады. Сондай-ақ облыстық онкологиялық диспансерде Қазақ 

онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты маммологиялық 

орталығының басшысы, медицина ғылымының докторы Шынар Талаева 

тұрғындарды қабылдады. Арнайы ұйымдастырылған Ашық есік күніне өз 

денсаулығын тексеруге келушілердің қарасы қалың болды. «Сүт безі қатерлі 

ісігі  әйелдердiң репродуктивтiк, лактациялық функцияларына байланысты 

дамуы мүмкін. Мысалы, әйел адамның сүт безінің функциясы 25 жасқа дейін 

толық қалыптасып болады. Яғни, әйел адам 25 жасқа толғанша кемінде бір 

бала босанып, баласын емізуі керек. Сүт безінің негізгі қызметі бала емізу 

болғандықтан, бұл ағза өз функциясын уақытында атқаруға тиіс. Егер әйел 

осы уақытқа дейін бала тумаса немесе туғанымен сүті бола тұра баланы ер-

терек емшектен шығарып жіберсе, алғашқы жүктілікті тоқтатса, онда ол әйел 

сүт безінің қатерлі ісігіне шалдығуы мүмкін топта болады. Сонымен қатар 

етеккірі ерте, яғни 12 жасқа дейін келген қыз балалар, 50 жастан асқанша 

климаксы кешігетіндер, жиі жасанды түсік жасататындар, тұңғышын 28 

жастан асқаннан кейін босанатындар да қауіпті топқа жатады» – дейді 

облыстық онкология диспансері бөлімінің маммологы Бақытжан Мұсаев. 

Атап  айтқанда,  облыстық  көзі  нашар  көретін 

балаларға арналған арнайы «Болашақ», саңырау және 

нашар еститін балаларға арналған арнайы «Мейірім», 

ақыл-ойында  кемістігі  бар  балаларға  арналған 

арнайы мектеп-интернаттарында шығармашылық 

байқау, эстафеталық жарыс, тарихи орындарға саяхат 

өткізіліп тұрады. 

«Дружба начинается с улыбки» атты мерекелік 

бағдарламада  балғындар  өз  өнерлерін  ортаға 

салып,  мың  бұрала  би  билеп,  ән  айтады.  Ал 

бағдарламалардың  қызықты  өтуіне  ән-би  пән 

мұғалімдері Людмила Папова, Анжела Мусаелян, 

тәрбиеші  Ляззат  Абитжанова,  ұйымдастырушы 

ұстаз Мәншүк Қадырбаева және сурдо ұстаз Ляззат 

Қыпшақбаевалар атсалысты.

Ал 6-10 қазан аралығында «Тарихымыз тереңде» 

тақырыбы бойынша балғындар Айша бибі, Қарахан 

кесенесінде болып, «Қазақ хандығына - 550 жыл» 

монументіне, «Ежелгі Тараз» музейіне  экскурсияға 

шықты.  Мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндірге арнап 

ұйымдастырылған кештер мен әрбір көрсетілген 

ілтипат олардың көңілін көтеріп, жүрегіне жылылық 

сыйлайтыны сөзсіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет