Негізгі бөлім
2.1 Дене тәрбиесі
Дене тәрбиесі теориясында әр түрлші ұғым дар, түсініктер бар: дене дамуы, дене әзірлігі, дене жетілуі, дене тәрбиесі, дене машықтығы, дене тәрбиесі білімі, дене жаттығулары, спорт, дене тәрбиесі мәдениеті т.б. қолданылатын әр түрлі құбылыстардыкөрсете отырып, олар бір-бірімен тығыз байланыста болады. Қазіргі кезде қолданылып жүрген ұғымдар қоғамның тарихи дамуының әр кезеңінде пайда болған. Олардың мазмұны дене тәрбиесі жөніндегі ғылымының және оның практика жүзінде жүзеге асырылуын дамуына қарай тереңдеп нақтыланып келеді. Адамның түсінігі тек қоғамдық практика негізінде ғана қалыптасады. Адамзат тәжірибелерінің нәтижелері тіл формасында бекіп, қоғамдық мәнге ие болады. Ендеше, дене тәрбиесі теориясында жиі қолданылатын ұғымдарға, түсініктерге тоқталып өтейік.
Дене тәрбиесі – тәрбиенің құрамды бөлігі. Ол денені жетілдіруге, яғни денсаулықтың дене амуының және дене әзірлігінің жоғары деңгейіне жетуіне бағытталған. Бұл анықтама дене тәрбиесінің салыстырмалы түрде даралық ерекшелігін көрсетеді. Ол тәрбиенің басқа түрлері – адамгершілік, эстетикалық, ақыл-ой, еңбек т.б тәрибелермен байланысты. Сондықтан да біздің елімізде дене тәрбиесінде қоғамдық тәрбие мақсатын туындайтын педагогикалық міндеттер де шешімін табады. Дене тәрбиесі ұғымын жалпы тәрбие деген кең ұғмның бір саласы деп ұққанымыз дұрыс. «Дене тәрбиесі» атауы педагогикалық процесс. Ол тәрбиелік және білімділік міндеттері шешуге тиіс. Дене тәрбиесінің басқа тәрбиелерден айырмашылығын айтатын болсақ біріншіден бұл процесті дене сапаларын дамытумен бірге тиімді дағды, әдет қозғалыстарын қалыптастыру арқылы дене жұмыскерлігін арттыру деп ұғынамыз. Қорытып айтқанда, «дене тәрбиесі» дегеніміз ол адам бойындағы морфофункционалдық қасиеттерді дамытатын, білімін байытып, шеберлігін, қозғалыс дағдыларын арттыру негізінде еңбек көрсеткіштерін жақсартумен бірге Отанымызды қорғауда жоғары жетістіктерге жетуге бағытталған педагогикалық процесс. «Дене тәрбиесі» ұғымының екі мағынасы болуы мүмкін. Біріншісі – дене жөніндегі білімділік, екіншісі – ден қасиеттерінің тәрбиесі.
Мектептегі дене тәрбиесі – жалпы педагогикалық жүйенің басты бөлшектерінің бірі. Бұл тек мектеп қабырғасында жүргізілетін жұмыстарымен, дене тәрбиесі сабақтарында, дәрістерде шектелетіндігі айқын.
Оқушылар ден тәрбиесі – мектепте, мектептен тыс жерлерде мектеп жасындағы балалармен жүргізілетін әртүрлі жұмыстар.
Дене дамуы – адам организмі формаларымен қызметінің индивидуальды өмір барысындағы өзгеру процесі.
2.2 Дене тәрбиесі сабағында тәрбие аспектілерінің қарастырылуы
Мектептегі дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері - тәрбиеші, жаттықтырушы және тәлімгерлік қызметтерді қатар атқаратындығы белгілі. Мұғалімнің кез-келген мәселені шешу қабілеті, мектептегі дене шынықтыру мен сауықтыру жұмыстарын сабақ барысында және сабақтан тыс уақытта ұйымдастыра алу шеберлігі, оқушылардың денсаулығын нығайту міндеттерінің орындалуы осы тұстан көрініс табады, осы тұрғыдан алып қарағанда дене шынықтыру сабағы барлық уақытта мектептегі дене тәрбиесі және тәрбие жүйесіндегі басты пән болып қала береді. Сабақ мазмұнының дұрыс ұйымдастырылуы, мектеп оқушыларының спортқа бейімділігі мен дайындығын, оқушылардың сабаққа қызығушылығын жоғары дәрежеде қалыптастырып дамытудың озық, үлгілі тұстары қарастырылуға тиіс.
Дене тәрбиесінің жалпы міндеттерімен қатар оның тәрбиелік, тәлімдік, нұсқаушылық бағыты оқушылардың сабақ барысында және үй жағдайында өзіндік шынығуына ықпал етуі де өте маңызды. Дене тәрбиесі сабағының тиімділігін арттыру, ол пән мұғалімін тек дене жүктемесінің орындалу деңгейіне ғана емес, сонымен бірге оқушы сабақта қандай білім, тәрбие және дағды алды, оны күнделікті өмірде нақтылы жағдайда пайдалана алды ма? және өзге іс-әрекеттерінде осы алған білім, дағдыларын қаншалықты жүзеге асыра алды - деген мәселелер де толғандыруы тиіс. Мектепте оқушыларға дене тәрбиесінен білімді бірыңғай теория (ақпарат) түрінде беру дұрыс емес. Оқушылардың дене қабілеттері мен қозғалыс дағдыларын дамыту үшін бір бағытта ғана емес, сонымен бірге сабақ өткізудің әдіс-тәсілдерін жан-жақты тиімді қолдану және жаттығулар мен жүктемелерді қиыннан оңайға, оңайдан қиынға ауыстыра жүргізу қағидалары арқылы қол жеткізуге болады.
Оқушының жаттығуларды орындаушылық қабілеті, ол дене әзірлігі жағынан қаншалықты дайын болуына байланысты. Мұғалім осы бағытта оқушылардың бойындағы ізденушілік, белсенділік, жинақылық сияқты қасиеттерін дамытуға ұмтылуы тиіс.
Әрбір мұғалім балалармен жұмыс істеуде өз мүмкіндігі мен жұмыс жағдайына қарай жол іздейді. Ауыл мектептерінде бұл жолдарды шешудің өзіндік жолы мен мүмкіндіктері, ерекшеліктері бар.
Мұғалім оқушыларға күделі жаттығу элементтерін үйреткен кезде оқушыға тікелей әсер ететін тәсілдер пайдалану ұсынылады (көмек көрсету, қолдау, сақтандыру т.б.) Гимнастика сабақтарына «Қозғалмалы ойындар» бөлімінің материалдарын енгізген тиімді болады. Бұл ойындар оқушылардың өмірінде кездесетін қиыншылық сәттерді жеңе білу мүмкіндігін қарастырады.
Мектептерде дене тәрбиесі сабақтарын табысты өткізу үшін келесі қағидалар тұрақты сақталуы тиіс.
оқушыларды кез-келген сабаққа ұйымдастыру кезінде оқу материалы осы сыныптың оқу бағдарламасына сай болуы тиіс;
нақты жағдайларға қарай, сабақ жүргізудің әр түрлі әдістерін барынша жан-жақты қолдану қажет;
әр сынып оқушыларының жаттығуларын жас ерекшеліктеріне сәйкестендіріп міндетті түрде іріктеу керек.
бастауыш сынып оқушыларына үлгі ретінде жоғарғы сынып оқушыларының жаттығу орындау және ойындардағы іс-тәжірбисін шебер пайдалану қажет;
барлық оқушылардың жаттығуларға, қимыл-қозғалыстарға белсене қатысуына зор көңіл бөлген дұрыс;
сабақ жүктемесін жаттығу, ойын дәрежесіне сай реттеп отыру керек.
бағалау, бақылау, қателіктерді дер кезінде түзеп отыру қажет.
Осы аталған қағидалар мен сабақ өткізудің әдістерін мұғалім дене тәрбиесі сабағында тиімді қолданған жағдайда оқушылардың қозғалыс дағдылары қалыптасып, денсаулықтары нығайып, дене қабілеттері дамып, жетіледі.
Қимыл-қозғалыс ойындарын дене тәрбиесі сабағының барлық бөлімдерінде жүргізуге болады. Ойын кезінде оқушылардың жағымды эмоциялық күйі жоғарылайды. Ойын балаларға қашанда қуаныш әкеледі, сондықтан тәртібі нашар оқушыларды да ойыннан шығарып тастауға болмайды. Сондықтан тәрбие аспектілерін шешуге қимыл-қозғалыс ойындарының тәрбиелік мәні зор. Мектептерге ойын таңдау дене тәрбиесі сабағындағы өте қажетті шарт болып табылады. Бұл көптеген тәрбиелік және қозғалыстық міндеттердің шешімі болады. Сондықтан сабақ жоспарына енгізілген барлық қозғалыс ойындарын олардың жасы мен жынысына қарамай үлкен табыспен барлық сынып оқушыларына жүргізгенде ғана нәтижелі болады.
2.3 Дене шынықтыру сабақтары процесінде баланы жан-жақты тәрбиелеу: адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық, еңбек т.б.тәрбиелер.
Дене шынықтыру сабақтары процесінде баланы жан-жақты тәрбиелеу: адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық, еңбек т.б.тәрбиелер дене шынықтыру сабағы процесінде баланың жеке басыынң жан-жақты үйлесімді дамуы баланың бойында адамгершілік қасиеттерін, эстетикалық сезім мен қарапайым еңбек дағдыларын нысаналы түрде қалыптастыру жолымен жүзеге асырылады. Дене шынықтыру сабағының ерекшелігі, балалар орындайтын жаттығу уақыты тәртібінің дәлдәгәнен көрінеді, мұныңөзі жалпыға бірдей қарқынды қимыл үйлесімін, саналықты, жинақылықты, ерік-жігер күшін, тәртіптілікті қалыптастырады. Балалар үйренетін негізгі қимылдардағы жаттығу батылдық, табандылық, өзін-өзі билеуді және ептілік көрсетуді талап етеді. Бұл жатытғуларды орындау қорқыныш пен сенімсіздік сезімін жеңумен, ерік-жігер ширығуымен, мақсатқа жетудегі табандылықпен байланысты. Ережелі қимыл-қозғалыс ойындарында балалар ұстамдылық пен ерік-жігер, ойын жағдайының күтпеген жерден өзгеруіне тез реакция жасауды, сондай-ақ жолдастық, өзара көмек, әділеттілік, батылдық пен табандылық сезімін көрсете отырып жаттығады. Сабақта балаларыдң аталған қасиеттерді қайталануына және тәрбиешінің басшылығына қарай белсенділік көрсетуі біртіндеп күнделікті өмірге ауысады. Сабақ процесінде тәрбиеші балалардың бойында олардың адамгершілік қасиетіне лайық барлық нормалардың қалыптасуын бақылады. Ол қарапайым формада баланың өз қимыл-әрекеті мен жолдастарының әрекеттеріне қолайлы талдау жасауға, сын тұрғысында баға беруге үйретеді. Бұл орайда тәрбиешінің сөзі, балаларға ұсынылған тапсырманы тұжырымдаудың барынша айқындлығы, қимылды дұрыс орындағаны мақұлдацуы, кемшілік жөнінде ескерту жасауы, ойынды жігерлі түрде бейнелеп әңгімелеп беруі маңызды рол атқарады. Дене шынықтыру сабақтары баланың эстетикалық қабылдау қабілетін, талғамын, қоршаған өмірдің, сұлулықтың кейбір элементтерін қосуын дамытуға бағытталған эстетикалық тәрбиемен тығыз байланысты. Дене шынықтыру саласында оның ерекшелігіне байланысты эстетикалық қабылдау жоғары моральдық қасиетті, жан сұлулығын игерген, денсаулығы мықты, үйлесімді дамыған, күшті , ақ жарқын адамның бейнесінен басталады. Сырт көрінісі сымбпатты, сұлу тұлғаның әсемділігіне ең алдымен тәрбиеші сай болуы керек. Онымен тікелей күнделікті қарым-қатынас, оның өзін-өзі ұстау мәнерін, сөйлеу және қимыл мәдениетін, қайырымлыдық, кішіпейілдігін қабылдау балаларға игілікті әсер етеді, еліктеуге ынталандырады. Сабақ процесінде тәрбиешінің айтқан сөзі, балаларға үн қатуы зор тәрбиелік рол атқарады. Ойынның мазмұнын бейнелі, эмоциялы етіп әңгімелеп беру, тәрбиеші көрсеткен дене жаттығулары көрнекі үлгілері техникалық жағынан дұрыс болуы керек. Олардың асем, дәл орындалуы балалардың солай қайта жасауға қызығушылығын туғызады. Балалардың дербестігі мен шығармашылық белсенділігін, әсіресе ересектерін тобында нысаналы түрде қалыптастыру балаларды өз беттерінше жаттығуға және ойынға өзіндік ой қосуға, сондай-ақ өз ойларын ойлап үйретеді.
2.4 Дене шынықтыру сабақтары. Сабақтың жалпы сипаттамасы
Сабақ өткізу әдістемесі. Сабаққа арнап дене жаттығуларын іріктеп алу негізінден жасалған жұмыс жоспарымен анықталады. Белгілі бір топтағы балалардың жасын, әрбір баланың жеке басының денсаулық жағдайын, дамуының жалпы дәрежесін балалар игерген қимыл дағдыларын, әрбір баланың жеке басының типологиялық ерекшелігін, жыл мезгілін, смабақ өткізу үшін жасалған жағдайды, сондай-ақ балалардың бұрынғы әрекеттерін есепке алуды да ескеретін перспективалық және календарлық жоспарларды негізге ала отырып, міндеттер белгіленеді және нақты дене жаттықтырулары іріктеліп алынады. Кезекті сабақтың жоспарын талдап жасауға бұрын өткен сабақтың, әсіресе соңғы сабақтың тиянақты талдауы алғы шарт болады. Балалардың сабақ кезіндегі зейіні, белсенділігі олардың эмоциялық жағдайы әр түрлі жастағы топтарда қимыл материалдарының іріктеп алынуына , тәрбиешінің қолданылатын тәсілдері мен сабақ кезінде балаларды ұйымдастырудың әртүрлі әдістері арқылы қимыл әрекеттерін үйрету, қимыл-қозғалыс ойындарын өткізу процесінде қимылға бір мезгілед тартылса, оларды тұрақты зейінділік, эмоциялық жағымды күй, тапсырмаға толық дәрежелі реакция байқалады.
Сабақтың типтері. Дене шынықтыру сабақтары ойын формасында өткізілуі немесе гимнастикалық жаттығуларды және қиымл қозғалыс ойындарын ұштастыру мүмкін. Жоғарыда қарастырылған бала организмінің жұмыс істеу қабілетінің динамикасын ескертетін, сабақ құрылымы сабақтың көрсетілген типтерін жасаудың негізін құрайды және олардың жоспарын анықтайды. Ойын формасындағы сабақ кез келген жастығы топта өткізіледі, әсіресе 1-4 сынып кішкентайлар тобында өткізу тиімді болады. Олар шартты формада баланы қоршаған әлемді бейнелейтін және негізі қимылдар мен денені жалпы дамытатын жаттығғулардан құралады, ал ересектер тобында сан алуан имитациялық-бейнелі элементтерінен тұратын тұтастай мазмұндық ойын жағдайының динамикасы мен жасқа байланысты мүмкіндігін ескертетін сабақ құрылымымен сай келуі керек. Ойын формасындағы сабақ мазмұны жөнінен әр түрлі қимыл-қозғалыс ойындарынана да құрылуы мүмкін, олардағы қимыл материалдарының жүйелілігі мен сипаты нақ жоғарыдағыдай құрылымын көздейді (мысалы, «Өзіңе серік тап», «Ең ынтымақ кімнің тобы?» , «Тап та үндеме» ойындары). Бұл типтегі сабақ қимыл қозғалыс ойындарының өзара байланысты жүйелілігін және басшылықтың шағармашылық әдістемесін талап етеді.
Сабақтың мазмұны мен құрылымы. Әрбір жастағы топтарға арналған бағдарламадан туындайтын және балалардың қимыл әрекеттерінен көрінетін дене жаттығулары сабақтың мазмұныны құрайды. Дене жаттығулары мазмұны жағынан әр алуан. Бұл орайда айқын әрі дәл міндетті бағдарламаның жүргізілу жүйелілігін сақтау, сондай –ақ балалардың жасына байланысты, жеке басының ерекшеліктерін ескеру міндетті түрде қажет. Сабақтың құрылымы жене жаттығуларын жүйелі түрде қажет. Сабақтың құрылымы дене жаттықтыруларын жүйелі түрде орындауынан көрінеді. Дене шынықтыру сабақтары өзара байланысты үш бөлімнен кіріспе дайындық (мотивациялық-қозғаушылық), негізгі (ұйымдастыру-іздестіру) және қорытынды (рефлексивті-түзетушілік) бөлімдерден тұрады. Сабақтың әрбір бөлімі үшін барлық білім беру, тәрбиелеу және сауықтыру міндеттерінің бірдей зор маңызы бар. Көрсетілген міндеттердің орындалуы балаларға жан-жақты ықпал етуді қамтамасыз етеді. Баланың ойының ширақ жұмыс істеуіне, сезіміне, игерген дағдыларына байланысты, тапсырмаға баланың реакциясы сабақтың кез келген бөлімінен және әрекеттің бүкіл сан алуандылығынан көрінуі тиіс.
Дене шынықтыру сабақтары. Сабақтың жалпы сипаттамасы. Дене шынықтыру сабақтары – балаларға дене шынықтыру жаттығуларын жүйелі түрде үйретудің негізгі формасы. Сабақтың арнаулы міндеті барлық жастағы топтардың балаларын дұрыс қимыл қозғалысқа үйрету, дене қасиетін тәрбиелеу болып табылады. Сабақтың маңыздылығы өзара байланысты сауықтыру, білім беру, тәрбиелеу міндеттерін жүйелі түрде жүзеге асыру олардың орындалуы баланың дене күшінің дамуын, денсаулығының нығаюын, олардың дұрыс қитмыл-қозғалыс дағдыларын игеруін дене тәрбиесі мен спортқа эмоционалды-жағывмды қатынасын қалыптасрыуды, оның жеке басын жан-жақты қамтамасыз етеді.
2.5 Дене тәрбиесі сабақтарында ұлттық ойындарды пайдалану
Дене тәрбиесі сабақтарында ұлттық ойындарды пайдаланудың да жан-жақты үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастырудағы маңызы зор. Әсіресе, дене тәрбиесі сабақтарында ұлттық ойындары жүйелі пайдаланудың адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудағы орны ерекше. Бұл тақырыптқа қазақтың халық шығармашылығы туындыларында басты орын берілуі де кездейсоқ емес.
Балалардың ойын кезіндегі ерекшеліктеріне қарап қазақ халқы олардың келешекте кім болатыны туралы болжаған. Болашақ батыр, көшбасшы, данышпандарды халық балалардың ойынына қарап ерте жастан анықтаған. Халық ертегілері мен аңыздар, басқа да фольклор түрлері мотивтерге толы.
Елімізде бәсекеге қабілетті білім - білім беру саласының ең басты міндеті болып отыр. Дамудың алдыңғы қатарындағы елдердің білім дәрежесімен теңесу - еліміздің біліми саясатының негізгі көздегені. Дамыған елу елдің қатарына енудің алғышарттарының бірі де осы сапалы да бәсекеге қабілетті білім. Сондықтан да еліміздегі мектептердегі білім берудің басты ұстанымдары мен міндеттері, әрекеттері, жолдары осы мақсатқа орай ұйымдастырылады. Мақсатқа жетудің түрлі жолдары бар. Солардың бірі де бірегейі оқытудың жаңа технологияларын пайдалану. Осыған орай қазір еліміздегі көптеген мектептерде білім берудің жаңа жүйесі енгізіліп, әлемдік білім беру кеңістігіне бет алуда. Білімі мен ғылымы өз дәрежесінде дамыған елдер көш бастап, қашан да елдік дамудың кез келген саласында озық тұрары сөзсіз. Бізде осы көштен қалмаудың қамын жасап бағудамыз.
Жалпы орта мектептердегі «Дене тәрбиесі» пәнінің мақсаты әлі күнге дейін толықтыруды қажет етеді, осыған орай оның ғылыми негізделген бағыт-бағдарын жасау қажеттілігі туындайды. Осы бағыттағы ізденістердің тиімдісі дене тәрбиесі сабағында дәстүрлі емес оқыту құралдарын қолдануды зерттеу болып табылады.
Дене тәрбиесі өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласының бір тармағы болып табылады және ол жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке жарамды адамды қалыптастыруға, оны Отан сүйгіштікке дайындауға қызмет етеді.
Республикамыздағы білім беру саласында және әртүрлі қолдану салаларына байланысты жаңа бағыттағы спорт, дене тәрбиесі жүйесі бойынша мамандарға деген сұраныстардың артуы, оларды дайындаудағы білімділігі мен қабілеттілігі, біліктіліктің қазіргі талаптарға сай болуы өте үлкен маңызды жұмыстарды атқаруды талап етеді және болашақ педагогтардың кәсіби даярлығын, білім стандартына, мазмұнына сай жетілдіру мәселелері көкейкесті мәселе болып отыр.
Көрсетілген міндеттерді толық жүзеге асыру дене тәрбиесі жүйесіне тікелей байланысты. Дене тәрбиесін жүзеге асыру - денсаулықты нығайту, білім беру, дамыту, тәрбиелеу міндеттерін шешуге арналған педагогикалық жұмыстардың бірі бола отырып, жеке тұлғаның денсаулық деңгейін арттыру, табиғи күш-қуатын нығайту, дене мүшелерін гигиеналық негіздері мен дене- қозғалыс қабілеті мүмкіндіктеріне сай, өз бетінше қимыл -қозғалыс жаттығуларын орындап, өзін- өзі үнемі дамытып, көңілді де сергек жүруге баулиды.
Болашақ ұрпағымыздың денсаулығының мықтылығы, салауатты өмір сүруі мектеп мұғалімінің жеке басымен оның жоғары оқу орнындағы теориялық жеке тәжірибелік дайындығының дәрежесіне тікелей байланысты. Осыған орай оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастыруға болашақ мұғалімдерді даярлау ісін кәсіби дайындықтың ажырамас бөлігі ретінде қарастыру керек. Дене тәрбиесі және спорт мамандары күрделі әлеуметтік міндеттерді шешуге араласумен бірге оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне сай, оқу-тәрбие міндеттерін шешуде олардың рухани жетекшісі де болуы тиіс.
Оқушыларға дене шынықтыру сабақтарында жаңа технологияны пайдалану оқыту мен тәрбиелеудің жалпы заңдылықтарына бағынған. Сондықтан оны іске асыру барысында дене тәрбиесінің жас және жыныстық ерекшеліктерін ескере отырып, осы заңдылықтарды көрсететін жалпы педагогикалық ұстанымдарды басшылыққа алу қажет. Ол ұстанымдарға жататындар: жан- жақтылық, саналылық пен белсенділік, бірте-бірте жасалатын әрекет, қайталамалық, көрнекілік, жеке даралық.
Оқу үдерісінің үздіксіздігі негізгі үш қағидаларда көрініс тапқан:
а) оқу-тәрбие үдерісі көп жылғы және жыл бойындағы сипатқа ие болуы тиіс;
ә) сабақ барысында әрбір келесі сабақтың әсері алдыңғы сабақтың ізінше қатпарлы әсер қалдыруы тиіс, себебі жас оқушының ағзасында алдыңғы сабақтардың әсерінен пайда болған
жағымды өзгерістер беки түсуі және жетіле түсуі қажет;
б) демалыс жұмыс қабілетін қалпына келтірудің арта түсуі үшін жеткілікті болуы тиіс.
Дене жүктемелерін бірте-бірте және жоғары деңгейге арттыру ұстанымы олардың көлемі мен қарқындылығының, оқушыны дайындауға қойылатын талаптардың бірте-бірте күрделенуінің үздіксіз арта түсуімен байланысты болып келеді.
Сабақтарды бір-бірте күрделендіру оқушыны дайындаудың мүмкіндіктері мен деңгейлеріне сәйкес келіп, олардың спорттық жетістіктерінің үздіксіз арта түсуін қамтамасыз етуі тиіс. Дене жүктемелерінің толқынды түрде өзгеру ұстанымы олардың динамикасының толқынды сипатын көрсетеді, себебі ол салыстырмалы алғанда оқу - тәрбие үдерісінің кішігірім үзіндісіне, немесе сабақтардың кезеңдері мен тұтас бір дәуіріне де тән болуы мүмкін.
Спорттық техника мен оны жаңа тұрғыда жетілдіруге үйрету әдістерінің кез-келген түрінің жағымды жақтары бар, бірақ ол жеке қалпында шапшаң әрі тиімді үйретуді толық қамтамасыз ете алмайды, сондықтан спорттық техниканы меңгеру барысында барлық әдістер бірін-бірі толықтыратын түрде қолданылады. Олар жиірек бір уақытта пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |