Бүгінгі таңда инклюзивті білім беруді қолдау бағытында жалпы білім беретін мектептерде белгілі себептермен ақыл ой дамуында ауытқуы бар немесе психикалық дамуы тежелген оқушылар білім алуда
БОӨЖ-3 Тақырыбы: Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар бұзылысын анықтау ерекшеліктері
Кафедра: Информатика және білімді ақпараттандыру
Орындаған: Құдайберген А.
Тексерген: Ержанова Г.
Алматы 2023
Бүгінгі таңда инклюзивті білім беруді қолдау бағытында жалпы білім беретін мектептерде белгілі себептермен ақыл - ой дамуында ауытқуы бар немесе психикалық дамуы тежелген оқушылар білім алуда. Әр оқуышының білім алуда өз ерекшеліктері бар. Мәселен әр оқушының эмоционалдық және психикалық таным процестерінің дамуы деңгейі әртүрлі. Қазіргі таңда әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие сапалы білім беру өмір талабы болып табылады. Бүгінде еліміздің барлық аймағында мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруді қолдау негізінде жалпы білім беретін мекттептерде түзете-дамыта оқыту сыныптары біртіндеп ашылып жатыр. Бұл сыныптың мақсаты: әр сыныптағы мүмкіндігі шектеулі оқушыларды бір сыныпқа топтастырып, әр оқушыға жекелеп сыныбы мен оқу бағдарламасына сай білім беру. Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруді ұйымдастыру мақсатында, типтік арнайы білім бағдарламасы жасалды. Онда балалардың мұқтаждықтары ескеріліп, білім алуларын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдістері қарастырылған. Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді. Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады. Өйткені, олар бір- бірімен қарым-қатынас жасауға, танып-білуге, қабылдауға үйренеді.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға медико-педагогикалық және әлеуметтік көмек жүйесін тиімді дамыту интегралды білім берудің принциптері мен идеясын жүзеге асыру болып табылады. Оның құралдары балаларды бөлектеу және өздерінің олқылығы туралы тұрақты көрініс табу емес, мүмкіндігі шектеулі балаларды дені сау балалар ортасына қосу, біріктіріп оқыту, бос уақытын бірге өткізуді ұйымдастыру және оларға өзара көмек көрсету арқылы шешілетін, әлеуметтік өмір траекториясының құрылымын жасау болып табылады.
Қазіргі уақытта ерекше оқытуды қажет ететін балалар білім алу үшін мекемелерді таңдауға кұқылы, сол себепті бүл жерде оқудын әр кезеңінде білім, икемділік, дағдыларды меңгеру талаптары мен әлеуметтік бейімделу жағдайларын ескеру қажет. Ерекше оқытуды қажет ететін балаларға білім беру мазмұны олардың даму ерекшеліктерімен анықталуы тиіс, ең негізгі кажеттілігі калыпты түлғалармен бірдей білім алуға жағдайларын қамтамасыз ету.
Ерекше оқытуды қажет ететін баланың белсенді әлеуметтенуі үшін кемістіктерді түзету, нақты екіншілік реттегі кемістіктің алдын алу және білім беру арқылы кемістіктің орнын толыктыру қажет. Бұл жағдай психикалық немесе дене кемістікке байланысты бала бойында туындаған
Оқушылардың дене және психикалық ерекшеліктері мен дамуындағы кемістіктерді ескере отыратын бекітілген білім беру ережелері бар. Ол денсаулығында кемістігі бар балаларға жалпы білім берудің мемлекеттік стандарты немесе арнайы білім беру стандарты деп аталады. Стандартта білімділіктің мемлекеттік деңгейінің негізгі көрсеткіштер жүйесі бекітілген. Ол көрсеткіштер келесідей, коғамның аталмыш тұлғаларға кажетті білім деңгейі туралы көз қарасы және екіншіден жеке тұлғаның шынайы сол білім деңгейін меңгеру мүмкіндіктерін ескереді.
Арнайы білім беру стандарты білім алуда ерекше қажеттіліктері бар тұлғалардың барлық топтарына ортақ жалпы білім беру деңгейіне, түзету- дамыту жұмысына, сауықтыру және кәсіби еңбекке даярлауға деген талаптарын белгілейді. Стандарт талаптарын әзірлеуде мүмкіндіктері шектеулі түлғалардың барлығына тән даму кемістіктер есепке алынады. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың барлығына ортақ кемістіктер:
– қабылдаудың баяу және шектеулі сипаты; – тірек-қимыл-қозғалысындағы кемістіктер; – сөйлеу тіліндегі ауытқушылықтар;
– ойлау процесіндегі кемістіктер;
– таным әрекетінің жетілмеуі;
– қоршаған орта мен тұлғаралық қарым-қатынастар туралы түсініктердің толық жетілмеуі;
– жеке дара тұлғалық дамуындағы кемістіктер (сенімсіздік, қоршаған адамдарға себепсіз тәуелдену, өзімшіл болу, өз әрекетіне барабар баға бере алмауы, тәртіп сақтай алмауы т.б.).
Аталмыш кемістіктерді жою, түзету үшін білім мазмұнына өзгерістер енгізіледі. Сонымен бірге оқу пәндердің құрамы да өзгертілуі мүмкін, мысалы, оқушылардың қоршаған орта туралы білімдерін толықтыру үшін арнайы пропедевтикалық оқу кезеңі енгізіледі. Ал зиятында ауытқушылықтары бар балалар үшін білім беру мазмұны жалпы жеңілдетіледі.
Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау маңызды рөл атқарады. Психологиялық-педагогикалық қолдау мамандардың жүйелі ұйымдасқан, бір тұтас әрекеттерінің барысында әрбір баланың білім беру-тәрбие үдерісінде өз мүмкіндігі мен қажеттіліктеріне сәйкес табысты оқуы мен дамуы үшін қажетті әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық қолдау балаға көмек (немесе қолдау) көрсетудің ерекше түрі ретінде қарастырылады.
Мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асыратын білім беру ұйымының педагогтар ұжымы инклюзивті білім беруді ұйымдастыру және іске асыру мәселелері бойынша біліктілігін арттыру курстарында оқуға, арнайы педагогика мен психологияның негізін білуге, мүмкіншіліктері шектеулі балалардың психологиялық және дене даму ерекшеліктері туралы түсінуге, білуге, білім беру үдерісін ұйымдастырудың әдістемесі мен технологиясын білуге міндетті.
Ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыларды бағалау кезінде ҚР МЖМБС көрсетілген білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарға негізделеді. Алайда, кейбір білім алушыларда бағдарламаны меңгеру мерзімі ұзағырақ, оның нәтижесінде олар қалыпты дамыған балалардың бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейіне сәйкес келетін деңгейге жетеді. Білім алушылар жетістіктерін бағалауда ең маңызды құрал, бағалау жүйесі білім беру процесін жетілдіруді жалғастыру үшін объективті және тиімді болуы қажет.