Бүгінгі таңда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген


Мектеп жасына дейінгі балалардың ерік әрекетіндегі



Pdf көрінісі
бет104/135
Дата30.09.2024
өлшемі1,4 Mb.
#146125
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   135
Байланысты:
Дүйсенова, Ж.Қ., Нығметова, Қ.Н. Балалар психологиясы

Мектеп жасына дейінгі балалардың ерік әрекетіндегі 
кемшіліктер және оны қайта тәрбиелеу жолдары
Баланың ерік, қайратын тәрбиелеуде бірыңғай дұрыс жоспарланған 
жарасымды іс-шараларды қолдану олардың мінез-құлқындағы 


215
кемшіліктерді жою жолдары болып табылады. Ерік кемшіліктерінің 
ішіндегі балаларда көп кездесетіні – қыңырлық. Қыңырлық ешқандай 
себепсіз өз дегенін істегісі келтіндіктен болады. Профессор Н. Д. Левитов 
қыңырлықтың психологиялық ерекшеліктерін байқататын мынандай 
белгілерін атап өтеді. 1) қалай да өзінің айтқанын істегісі келушілік, 2) 
баланың жаңа пікірді ұға алмайтын ойының тарлығы, 3) басқа адамға 
талап қойғыш, өзінің айтқан талап-тіліктерін мойындататындығы. 
Денсаулығы нашар, организмі әлсіз бала шаршағыш, ашуланшақ 
келеді. Мұндай бала кейде құр босқа ашуланып, тез қылықтар 
жасайды. Мысалы, қыңырлық ешқандай тыйым көрмеген еркеліктен 
туады, ол өзімшіл болады, ұжымнан шет қалады, дербестігі жойылып, 
өз бетімен еңбек ете алмайды. Осыдан келіп қыңырлық, өзімшілік 
туады. Мұндай қыңырлықты жою үшін отбасындағы тәрбие бағытын 
түзеу керек. Қыңырлық кейде ересек адамның балаға орынсыз ұрсып, 
шектен тыс жәбірлеуінен де болады немесе орынсыз ұрып-соғып 
жәбірлеудің нәтижесі. Сондай-ақ тәрбиеленушілердің қатаң талап 
қоюынан үгіттеу көп болып, бір сөзді болмай орынсыз мақтай беруінен 
де туындайды. Осы себептер жойылса, қыңырлық та жойылады. 
Сонымен бала тілегін қайтармай құры мәпелей беру іс-әрекетті дұрыс 
ұйымдастырып отырмаушылық қыңырлықтың болуының негізгі себебі. 
Еркелікті тудыратын негізгі себептер қыңырлықтың себебімен бірдей 
болғандықтан, еркелікпен күресу де қыңырлық сияқты. Қыңырлық пен 
еркелікті байқаған жерде тәрбиеші мынандай шаралар қолдану керек: 
ерке балаға көңіл бөліп, арыздарына құлақ сала бермей, қатаң талап 
қоя білу керек. Егер еркелік денсаулығына байланысты болса, маман-
дәрігерлерден кеңес алу керек. Еркелікті жою үшін үйде де, бақшада 
да баланың айтқанын істеуді қою керек, жылайды екен деп айтқанын 
істей беруге болмайды. 
Ұжыммен тапсырманы орындатуда өзінің жауапкершілігін сезу 
өзімшілдікпен күресудің ең жақсы жолы. Мектеп жасына дейінгі 
балаларда әлі де болса кездесетін жаман әдеттен біреуі – бақырып жылау. 
Жылау көбінесе белгілі бір қажеттілігінен орындалмауынан туады. 
Бала бұны басқа жолмен білдіре алмайды, өйткені онда шыдамдылық 
пен ұстамдылық сияқты ерік сапасы әлі жетілмеген. Мұндай жағдайда 
баланы өзін-өзі ұстай білуге үйрету керек. Үйдегі, топтың ішіндегі 
өнегелі балаларды үлгі етіп, кітаптағы өнегелі балалардың мінез-
құлқына еліктету жақсы нәтиже береді. Егер де бала жылап отырғанда 
тілегін қанағаттандыратын болса, бала «жылауды» үйдегілерге әсер 
етудің тиімді бір құралы деп есептейді де, әдетке айналдарады. 


216
Мектеп жасына дейінгі балаларда қырсығу да жиі кездеседі. 
Бірдеңені олай істеме деп айтсаң, ерегесе түседі. Ашуланып, қарсылық 
көрсететіндері де болады. Мұндай қылықты көбінесе, жүйке жүйесі 
қозғыш балалар көрсетеді. Ол табиғатынан осындай қасарыспа 
емес, жүйке жүйесінің қозғыштығына байланысты. Жалқаулық та 
ерік-жігерінің аздығын көрсетеді. Баланың белсенділік пен еңбек 
сүйгіштік қасиетінің болмауы, жалқаулықты жою үшін сол әдеттен 
шығудың жолдарын іздестіру керек. Жалқаулықтың басты себебі 
баланың ойынға айналып кетуі. Жауапкершілігінің жоқтығы және 
мақсатсыз әрекет етуге байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет