Бүгінгі таңда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген


Бақылау сұрақтары және тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет105/135
Дата30.09.2024
өлшемі1,4 Mb.
#146125
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   135
Байланысты:
Дүйсенова, Ж.Қ., Нығметова, Қ.Н. Балалар психологиясы

Бақылау сұрақтары және тапсырмалар:
1. Қыңырлықтың пайда болу себептерін атаңыз?
2. Қыңырлық пен еркелікті байқаған жерде тәрбиеші қандай 
шаралар қолдануы қажет?
3. Еркелікті жоюдың жолдары
4. Баланың бойына ізгілік қасиеттерді қалыптастырудың жолдарын 
атаңыз?
5. Профессор Н. Д. Левитов бойынша қыңырлықтың психологиялық 
ерекшеліктерін байқататын белгілерін атап көрсетіңіз.
6. Мектепке дейінгі балалық шақта бала сезімінің сыртқы 
белгілеріндегі өзгерістерді атаңыз?
7. Мектеп жасына дейінгі балалардың сезімінің дамуы
8. Мектеп жасына дейінгі балалардың ерік өрісінің дамуы
 
1-тапсырма
4 жасар Нұрсұлу болмашы нәрсеге ренжіп, жылай салады. 
Орындық жетпей қалса, қашан орындық әкелгенше күтіп тұрады. 
Бәтеңкесінің бауын байлай алмаса да аяғын көрсетіп, көмек күтіп 
тұрады.
Сұрақ: Нұрсұлудың кінәмшіл, икемсіз болуының негізгі себебін 
түсіндіріңіз. Баланың еркін қалай қалыптастыруға болады?
2-тапсырма
Бақшадағы ата-аналар жиналысында 5 жасар Бақытжанның әкесі 
балалық шағынан естелік айтып берді.
«Бірде әкеммен бірге орман ішінен келе жаттым. Күн батып,
қараңғы түскен кезде бойымды үрей билеп, әкемнің қолынан ұстауға 
тырыстым. Менің қобалжуымды сезген әкем сынайын деген болу керек:
- «Сен, осы сүрлеумен тарта бер, ал мен мына соқпаққа түсейін, 


217
екі жол біраздан соң қосылады. Іздеген жоғымыз не саған, не маған, 
мүмкін кездесіп қалар, ал кеттік, жолыққанша» - деді де, өзі айырық 
соқпаққа түсіп, кете барды. Менде қорқыныш пайда болды, бірақ 
өзімді батылырақ сезінуге тырысып, ілгері жүріп кеттім. Бұталардың 
арасынан бірдеңе сыбыр етті, бірақ мен алға қарай нық басып жүре 
бердім. Расында, біраздан кейін жол қосылысында алдымнан күтіп 
тұрған әкеме кездестім.
Мен де өз ұлымды осылай тәрбиелеп келемін.
Сұрақ: Бақытжанның әкесі оның бойына қандай ерік сапаларын 
қалыптастырып тәрбиелеген?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет