Бүгінгі таңда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген


-тарау. Баланы мектепке психологиялық даярлаудың



Pdf көрінісі
бет107/135
Дата30.09.2024
өлшемі1,4 Mb.
#146125
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   135
Байланысты:
Дүйсенова, Ж.Қ., Нығметова, Қ.Н. Балалар психологиясы

4-тарау. Баланы мектепке психологиялық даярлаудың 
ерекшеліктері
5. Баланы мектепке психологиялық даярлаудың теориялық 
мәселелері
Жоспар:
1. Мектеп жасына дейінгі баланы мектепке даярлаудың 
психологиялық мәселелері
2. Мектепке психологиялық даярлаудың педагогикалық-
психологиялық ерекшеліктері
3. Мектеп жасына дейінгі бала психикасының дамуына мектеп 
алды дағдарысының ықпалы
4. Мектеп жасына дейінгі баланы мектепке даярлаудың бағыттар 
мен оқуға бейімдеу жолдары
Мектеп жасына дейінгі баланы мектепке даярлаудың 
психологиялық мәселелері
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев «Жаңа 
онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» 
атты халыққа Жолдауында елімізде алдағы онжылдықта атқарылар 
істер мен оны жүзеге асыру жолдарының мүмкіндіктерін айқындап 
берді. Президенттің білім беру, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбие 
мен оқыту мәселесіне тоқталуы осы сала қызметкерлерінің өз ісіне 
деген жауапкершілігін арттыра түспек.
Қоғам мүддесіне лайықты жан-жақты жетілген, бойында ұлттық 
сана мен ұлттық психология қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп 
өсіру жанұяның, балабақшаның тіпті барша халықтың міндеті. Қоғам 
алға қойған бұл міндеттерді өз мәнінде шешу үшін мектепке дейінгі 
тәрбие мен білім беру мазмұнын түбегейлі жаңарту көзделуде. Балаға 
берілетін тәрбиенің өзегі жанұядағы қарым-қатынастан басталады 
десек те, ғылымға негізделген түрлі психологиялық-педагогикалық 
әдіс-тәсілмен берілетін ойын түрлері балабақшадан басталып, мектепте 
жан-жақты психологиялық тұрғыда оқу үдерісімен өз үйлесімін табады.
Балабақша білім беру жүйесінің бірінші сатысы ретінде
балаларды мектепке даярлауда маңызды қызмет атқарады. Бала
мектепке қаншалықты сапалы және уақтылы дайындалса, соғұрлым 
оның келешекте білім алуы нәтижелі болады.


221
«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді
дамыту тұжырымдамасы» білім беру жүйесіне үлкен жаңалық және
салмақты жауапкершілік әкелді. Онда «Мектепке дейінгі тәрбие 
мен оқыту - баланың жасын және өзіне тән ерекшеліктерін ескере
отырып, оның толыққанды қалыптасуы үшін дамыту ортасын
құратын үздіксіз білім берудің бастапқы деңгейін» құру талабы
алдымызда тұр.
Баланың мектепке оқуға психологиялық даярлығы балалар 
психологиясы ғылымы мен білім беру жүйесі саласындағы өзекті 
мәселелердің бірі. 
Жалпыға ортақ білім беру, ағарту саласындағы негізгі буын — 
мектептер арқылы орындалады. Ал осы «Мектеп есігін ашу неше 
жастан басталуы керек, оған қандай даярлықтармен келу керек?» - 
деген мәселелер балалар психологиясы ғылымында әлі талас тудырып 
келе жатқан, тұрлауы табылмаған мәселе болып отыр. Осы тақырыпты 
зерттеумен айналысқан жүздеген ғалымдар еңбегі теңдессіз мәліметтер 
бергенімен, зерттеу нәтижелерін білім беру жүйесіне ендіру осы 
уақытқа дейін эксперименттік сипат алып отыр. Баланың жеке басын 
жан-жақты дамыту мен мектепке даярлау ісі - бүгінгі таңда білім беру 
саласындағы аса маңызды шаралардың бірі. 
Жалпы білім беретін мектептердің 1- сыныбына қабылданған 
балалар, мектептік оқу жүйесінде айтарлықтай қиындықтарға 
ұшырайды. Олардың сәтсіздіктерінің басты себебі - мектептік оқуға 
даяр еместігінде. 
Оқуға берерде баланың тек биологиялық жасына немесе дене 
дамуының көрсеткіштеріне сүйенбей, мектепке психологиялық 
даярлығының өлшемін жасап шығаруға болмайтынын тәжірибе 
көрсетіп отыр.
«ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарына арналған 
Мемлекеттік бағдарламасы» мен Қазақстан Республикасының Білім 
туралы Заңының (2007ж.) талаптарына сәйкес, мектепалды даярлық 
сыныптарының жұмысы қайта жандандырылуда. Бұл игі шараның үлкен 
жетістіктерінің бірі - бір сыныптас балалардың жас мөлшерлерінің 
реттелуінде және баланы заманауи талаптар тұрғысынан дамыту ісінің 
мақсатты түрде, жоспарлы әрі қарқынды жүргізіле бастауында.
Республика мектептерінде мектепалды сыныптарын тәмамдаған 
балалар 1-сыныптарға қабылданады. Ал мектепке отбасынан, бала 
бақшадан келген балалар, аудандық, қалалық білім басқармаларының
нұсқауы және тікелей басшылықтарымен, мсктептік оқуға даярлық 
деңгейлерін тексертуден өтеді. Бұл үрдістің қажеттілігі - балаларды 


222
қабылдап алатын ұстаз, олардың әрқайсысының білімі, іскерлігі, 
дағдысының көлемі туралы мағлұмат алуы. Баланың бұдан ары қарайғы 
жалпы дамуы мен білім алуы барысында бұл мәліметтер маңыздылығы 
аса құнды құрал болып табылады.
Бұл бағытта ұлы педагогтар К.Д.Ушинский, Н.К.Крупская т.б, 
ал ресей ғалымдарынан Л.С.Выготский, А.П.Усова, А.Н.Леонтьев 
Д.Б.Эльконин, Л.И.Божович, В.В.Давыдов, Ю.А.Левин, Е.Е.Кравцова 
т.б, еңбектерін атап өтуге болады.
Сонымен қатар бұл мәселе төңірегінде отандық ғалымдарымыз 
кеңестік дәуірде Н.Құлжанова, бертін келе Қ.Қойбағаров, Қ.Сейсембаев, 
Б.Баймұратова, А.К.Меңжанова, Қ.Аймағамбетова, Х.Т.Шериазданова,
Г.М.Қасымова, Ж.Рысбекова, М.Сәтімбекова, М.А. Асылхановалардың 
зерттеу еңбектерін атап өтуге болады.
Мектепке даярлық деңгейін анықтауда басшылыққа алынатыны 
- көбінесе, оқу және жазу іскерліктерінің шамасы. Ал баланың жаңа 
ортаға түсуіне байланысты көңіл-күйінің сипаты сынып-сабақтық 
жүйеге төзімін білдіретін еріктік қасиеттері, жазба білімдерді қабылдап, 
игеруге қажет таным процестерінің даму деңгейлері тексеріле бермейді. 
Бұдан шығар қорытынды баланың мектептегі оқуға даярлық көлемінің 
педагогикалық тұрғыдан қарастырылатындығы.
Жеке адам тек білімділігімен ғана емес, жан-жақтылығымен 
бүкіл адами қасиеттерінің жиынтығымен ерекшеленеді. Мектепке 
жаңа оқуға түскен бала даралық сапаларымен таныла отырып, бір 
ортаға бейімделіп, төселу кезеңін бастан кешіреді. Бұл жолдағы 
қиындықтар барлық бейімделу сатыларындағы қиындықтармен пара-
пар. Яғни, баланың кұрдастарымен қарым-қатынасы, мұғаліммен 
қарым-қатынасы; мектепке қатынасы; сыныбына қатынасы, сабаққа 
қатынасы; өзіндік сана-сезімі, құрдастарымен тіл табысуы; сөйлеу 
ерекшелігі; түсіну, ұғыну деңгейлері - осының бәрі бала психикасына 
едәуір күш түсіреді. Мұғалімге оқушы жай-күйін еппен бағдарлап, 
жаңа ортаға абайлап баулу үшін, алдындағы тәрбиеленушілерінің 
психикалық ерекшеліктері туралы алғашқы деректер қажет-ақ. Бұл 
деректер баланың мектептегі оқуға психологиялық тұрғыда даярлығын 
анықтау барысында алынады. Ал психологиялық даярлықты анықтау 
ісін, тәжірибеден байқағанымыздай, көп жағдайда мектеп психологы 
жүргізеді. Сауатты ұйымдастырылған психодиагностикалық тексеру 
мен мектепке психологиялық даярлықты анықтау құралдарына қазақ 
тілді мектептер әлі зәру.
Басқа тілден аударылып, қолданысқа ылайықты пайдаланыльш 
жүрген әдістемелер мағыналық өзгерістерге ұшырап, психологиялық 


223
өлшеу құралдарына қойылатын талаптарды (валидтілік, беріктік, 
сәйкестік) сақтай бермейді. Бұл - бір. Ал екіншіден, бір әдістеме әр түрлі 
жерде, әркімнің аударуымен түрліше сипат алып отыр. Сондықтан, 
балалардың мектепке психологиялық даярлығын диагностикалау 
мәселесі осы мақсаттағы психодиагностика мазмұнын жүйелеп жасау, 
тексеру немесе өлшеу құралдарын дайындау сынды келелі істерді күтуде. 
Мектепке психологиялық даярлықтың қандай мәселелерді қамтитыны, 
оны анықтау мазмұны туралы деректер мемлекеттік тілде жеткілікті 
сапада, жеткілікті мелшерде емес. Орыс тілінен тәржімеленген 
еңбектердің мазмұны ұлттық ерекшеліктерге сәйкес келе бермейді. 
Бүгінгі күн талабына лайық, осы заманғы қазақ бүлдіршіндерінің 
психикалық ерекшеліктерін анықтайтын ортақ құралдар жасалынуы 
тиіс. Осы мәселені шешу мақсатында, баланың «мектеп» деп аталатын 
жаңа әлеуметтік ортаға түсуге даярлық жұмыстарын кәсіби сауатты 
ұйымдастыру үшін, әрі 12 жылдық білім беруге көшу барысында 
болашақ мамандарға көмек ретінде «Мектеп жасына дейінгі баланы 
мектепке даярлаудың психологиялық мәселелерін» жан-жақты 
қарастыруды жөн санадық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет