Бүгінгі таңда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген


Мектепке психологиялық даярлық диагностикасы Ресей



Pdf көрінісі
бет109/135
Дата30.09.2024
өлшемі1,4 Mb.
#146125
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   135
Байланысты:
Дүйсенова, Ж.Қ., Нығметова, Қ.Н. Балалар психологиясы

Мектепке психологиялық даярлық диагностикасы Ресей 
елінде (КСРо)
өткен ғасырдың бас кезінде бала қабілетін өлшеудің ең 
қарапайым жолдарымен басталды. 1924ж. кеңестік психологтар 
Е.Н.Эвергетова мен А.Б.Серебрянников «Бала ақыл-ойының даму 
деңгейін барынша қарапайым өлшеу» деп аталатын, профессор Л.ІІ.
Нечаев әдістемесін қолданьш, зерттеу жүргізді. 1925-жылдан бастап, 
Ленинградта (Санкт-Петербург) педагогиялық кабинеттер торабы 
жұмыс істей бастады. Профессор Л. Грибоедов атындағы Ленинград 
«Балаларды Тексеру Инсгитутының» әдістемелік басшылығымен, 
мектептерде жаппай 2 бағыттағы тексерулер жүргізіле бастады; 
мектептік жетістікті тексеру және ақыл-ой дамуының психометриялық 
сынақтары. Олар I-сынып оқушыларын мектепке түскен алғашқы ай 
барысында зерттеп, 3 бағытта қарастырды:
1) от басы жағдайын;
2) дене дамуын;
4) ақыл-ой деңгейін.
Берілген мәселе төңірегінде атқарылған орасан зор еңбек, зерттеу 
барысында алынған мәліметтерді өңдеп, нақты қорытынды жасаумен 
ғана шектелді. Мектепке даярлықтың психологиялық өлшемдерін 
жасау туралы мәселе көтерілмеді. Әйтсе де, аталмыш институттың 
мектепке даярлықтьң психологиялық жақтарьн іздестіру барысында 
қарастырған бағыттары, күні бүгінге дейін мектепке психологиялық 
даярлық мазмұнын құраумен келеді. Мәселен: от басы жағдайы - 
әлеуметтік ортасы; 
дене дамуы - биологиялық кемелденуі; 
ақыл-ой деңгейі – танымдық даярлығы; 
-деп қарастырылуда.
Институт ұжымының осы зерттеулері ССРО-дағы тәжірибелік 
психология саласындағы, мектепке психологиялық даярлық туралы 
алғашқы ресми деректер екендігімен де құнды.
Мектепке даярлықты бағалауға мүмкіндік беретін арнайы 
психодиагностикалық шаралар жасауға П.Я.Кэес (1982) еңбегі арналды. 


229
А.Л.Венгер және Е.В.Филиппова (1980) 6-7 жасар балалардың 
мектептегі оқуға даярлығын белгілеп, сосын әр түрлі оқу-тәрбие 
жағдайында олардың психикалық даму барысын бақылады. Бұл, 
зерттеудің ерекшелігі - отбасында тәрбиеленген бала мен ата-ана 
бақылауынан тыс мекемелер тәрбиеленушілерін салыстыра отырып 
зерттеуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет