Енді мектепке психологиялық даярлық диагностикасының
Қазақстанда даму ерекшелігіне тоқталсақ,
Республикамызда әр
жылдары мектепке даярлау мәселесін зсрттеумен айналысқан ғалымдар
еңбектерін талдау барысында зерттеушілердің мәселені психологиялық
тұрғыдан емес, педагогикалық тұрғыдан шешуді басшылыққа
алғандары айқындалды. Мәселен, Б.Баймұратованың «Балаларды
мектепке даярлау жөнінде» (1975) еңбегінде мектепке даярлау мектепке
дейінгі кезеңнің басты мәселелерінің бірі деген бағытты ұстана отырып,
балаларды мектептегі оқуға даярлаудағы негізгі міндетті мектепке
дейінгі мекемелер қызметі деп тауып, бала бақшадағы оку-тәрбие үрдісі
арқылы шешу жолдары ұсынылады. Мәселен:
1) баланың тілін дамыту арқылы;
2) сауат ашу жұмыстарын жандандыру арқылы;
Д) балаларға оқып беру үшін қосымша мәтіндер жасау арқылы
Зерттеушінің «Баланы мектепке даярлау - бала 7 жасқа толғанда
емес, оның сәби шағынан басталуға тиісті» деген пікірі әлі күнге
өзектілігін жойған жоқ.
«Баланы мектепке даярлау» деп аталатын К.Қойбағаровтың еңбегі
мектепке даярлаудың қажеттілігін насихаттай отырып, қоғамдық тәрбие
рөлін жақтайды.
Қ.Сейсенбаевтың «Отбасы тәрбиесіндегі баланы мектепке
даярлауда қазақ халық педагогикасының прогресшіл идеялары
мен тәжірибелерін пайдалану проблемасы» еңбегі ұлттық реңкте
жазылған туынды. Этникалық педагогика мен психология ғылымының
негіздеріне сүйене отырып, мектепке даярлауды баланың сөздік қорын
молайту, есте сақтау, ойлауын дамытуға арналған ауыз әдебиетінің кіші
жанрларының үлгілерін және ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды
пайдалану арқылы шешуді көздейді.
«6-7 жасар балаларды мектепте оқуға даярлаудың педагогикалық
мәселелері» тақырыбындағы Ж. Рысбекованың ғылыми зерттеуінде
мектепке психологиялық даярлық бағыттарына: биологиялық
кемел; танымдық даярлық; еріктік; көңіл күйлік және жеке басының
даярлықтарына сәйкес, педагогикалық категориялар жатқызылады.
Көрнекілік түрінде оны былай көрсетуге болады.
230
Психология ғылымдарының докторы, профессор Х.
Т. Шерьязданованың «Мектепке дейінгі білім беру жүйесі педагогтары
мен психологтарын кәсіби даярлаудың психологиялық негіздері»
атты зерттеуінде былай делінеді: «Оқытудың теориялық негіздерін
жасаған Л.С.Выготский, П.Я.Гальперин, В.В.Давыдов Л.В.Занков,
Л.Н.Леонтьев, Н.А.Менчинская, Д.Б.Эльконин зерттеулеріне сүйене
отырып, оның, балалардың танымдық әрекетін сондай-ақ эмоциялық,
еріктік, мотивтік салаларына ықпалын көрсетіп, біз, басты өлшемі
«мектептегі оқуға даярлық болып табылатын, өтпелі кезеңге көңіл
бөлдік» Ғалым еңбегінде, баланың мектепке танымдық даярлығын аса
маңызды үш тұрғыда: зейіннің даму деңгейі (ырықты; ырықсыз естің
даму деңгейі және ойлаудың қарапайымнан жоғары формаға дейінгі
даму деңгейі қарастырылады. Олардың әрқайсысының кері жолдары
қарым-қатынастың түрлі стильдері арқылы сипатталынған. Мәселен,
зейін қасиеттері мен түрлері: көлемі, тұрақтылығы: алаңдағыштығы,
шашыраңқылығы, шоғырлануы және ырықтылығы, өктемдік,
тәуелсіздік, ымырашылдық стильдерінде қалай көрінетіндігі; есте
сақтау мен қайта жаңғыртудың көрнекі-бейнелік қозғалыс, логикалық
231
ойлау түрлерінің жоғарыда аталған қарым-қатынастың 3 түрлі стилінде
көріну жолдары талданған.
Қ.Т.Шерьязданованың мектеп жасына дейінгі баланың психикалық
дамуындағы қарым-қатынас рөлі тұжырымдамасы ресейлік ғалымдар
Е.О.Смирнова, М.И.Лисина, Е.Е.Кравцовалар зерттеулерімен үндес
сондай-ақ баланың мектептегі оқуға психологиялық даярлығымен
байланысты қарастырылады: «Мектепте жақсы оқуы үшін балада
қарым-қатынастың формалары қалыптасқан болуы керек. Ол
оқушыдағы жетекші әрекет - оқу әрекетінің міндеттерін игеру үшін
қажет». «Үлкендермен қарым-қатынас балаға жаңа білімдер мен
іскерліктерді меңгеруге көмектеседі, әрі бірте-бірте жетекші әрекеттің
жаңа түріне көшуге даярлайды».
Қазақстан Республикасының Ы.Алтынсарин атындағы Білім
Академиясының мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім
зертханасы да балаларды мектепке даярлау ісін зерттеумен кең көлемде
айналысты. Балалардың психикалық ерекшеліктеріне сүйене отырып,
мектепке даярлықты жүзеге асырудың жолдарын қарастыратын
бұл кешенді зерттеудің ғылымилық жағынан гөрі, әдістемелік жағы,
психологиялық қырынан гөрі, педагогикалық қыры басым болды. Осы
зертхана мәліметтері практикалық құндылығымен әлі күнге өзекті
болып келеді.
М.А.Асылханова зерттеуінде мектепке бейімделудің басты факторы
ретінде танымдық іс-әрекет қарастырылған, ал мектепке психологиялық
даярлық диогностикасы мазмұнында танымдық даярлық негізгі өлшем
ретінде сипатталады.
Мектеке психологиялық даярлық диагностикасының ғылыми
негіздері» (2002ж.) деп аталатын М.П.Оспанбаеваның ғылыми
зерттеуінде алғаш рет мектепалды даярлық диогностикасының
құрылымы жіктеледі және оның мазмұны мектеп алды дағдарысымен
бірлікте қарастырылады. Бұған дейін зерттелінген еңбектердің
барлығында «мектепке психологиялық даярлықты қалай анықтау
керек?» «мектепке психологиялық даярлық табиғаты неде?
сипатындағы қолданбалы сұрақтар іздестіріледі. Ал, мәселені жиі
зерттеу саласы деңгейіне көтеріп, оны нақты деректермен негіздеу жағы
қарастырылмайды. М.Оспанбаева зерттеуі мектепке психологиялық
даярлық диагностикасын теориялық ғылым, тәжірибелік іс-
әрекет ретінде зерттеуімен құнды. Мектепке қабылданар баланың
психологиялық даярлық деңгейін тексеру; диагноз қою; дамыту
жолдарын белгілеу - қысқа мерзімді диагностикалық шара болып
232
табылады; ал осы даярлық диагностикасы мазмұнын тың деректермен
жетілдіріп, оны пайдалану деңгейінде қарастыра отырып, теориясын
жасауға талпынуы автордың дербес ғылыми жетістігі болып табылады
Мектепке
психологиялық
даярлық
диагностикасының
Қазақстандағы жағдайын талдау барысында осы мәселенің ашық
сипаты шамамен екі кезеңге бөлінетіндігі анықталды: 1965-1990жж
мектепалды даярлық маңызы туралы болса, 1991-2005жж мектепалды
даярлық психодиагностикасының қалыптасу кезеңі.
Баланың
мектептегі оқуға психологиялық даярлығын ғылымда 5,
5-7 жас кезеңдерінде анықтау қалыптасқан. Бұл жас мөлшері балалар
психологиясында «мектеп жасына дейінгі ересек кезең» (3-7 жас
аралығы) деп аталады. Мектеп жасына дейінгі кезеңнен мектептік
кезеңге көшу құбылысын «өтпелі кезең» деп, ондағы негізгі ерекшелікті
- мектепке психологиялық даярлық деп көрсетеді. Осы мәселенің жасалу
жолын ғылыми талдау барысында, мектепке психологиялық даярлық
диагностикасының шартты түрде 5 кезеңге бөлінетіндігі анықталды.
Сонымен, мектепке психологиялық даярлық диагностикасының
калыптасу кезеңдері келесі ретпен кезеңделеді.
1-кезең - 1920-1946 жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезеңге
тән ерекшелік - берілген мәселенің эксперименттік сипат алуы. Қол
жеткен табыстары: баланың мектептегі оқуға даярлығын ұйымдастыру
қажеттілігінің мәселе ретінде көтерулері. Баланың мектеп талаптарын
орындау шамасы психикалық даму барысына тәуелді; ал ол, өз кезегінде,
әлеуметтік орта мен дене дамуына тікелей қатысты деп тауып, осы
жорамалдың ақиқаттылығына көз жеткізу үшін кешенді тексерулер
ұйымдастыруы. Өкілдері А.П.Нечаев, А.Б.Серебряников.
2-кезең - 1947-1960 жылдар. Бұл кезеңге тән ерекшелік - баланың
мектептегі оқуға психологиялық даярлығының мазмұнын жасауға
деген талпыныспен сипатталады. Қол жеткен табыстары - даярлық
процесін мектеп талаптарынан бөліп алып қарастыру барысында,
баланың мектептегі оқуга даярлығын психологиялық мәселе ретінде
қалыптастырулары еді. Өкілдері: А.Н.Леонтьев А.В.Запорожец,
З.М.Истомина, З.В.Мануйленко, Л.С.Выготския Л.И.Божович,
Д.Б.Эльконин т.т. Олар мектепке психологиялық даярлық мазмұны
тәрбие ықпалымен қалыптасатын, психиканы сапалық өзгерістері -
яғни жаңа құрылымдар деп тапты.
3-кезең - 1961-1980 жылдар. Бұл кезеңдегі басты ерекшелік
бастауыш оқу мерзімінің өзгеруіне байланысты, мектеп психологиялық
даярлық диагностикасының зерттелу жағдайыны күрт жоғарылауы
233
болды. Оқу әрекетінің қарқындандырылуы мектепке психологиялық
даярлық мәселесіне жаңа қырынан қарауға итермеледі. Мектепке
психологиялық даярлық мазмұнын анықтау міндеті - оқу әрекетін
игеруге қажетті алғышарттарды табу болып табылады деген кезқарас
қалыптасты. Қол жеткен табыстары мектепке психологиялық даярлықты
жетілдіру жолдары іздестіре бастауларында еді. Бұл кезең өкілдері:
Л.А.Венгср В.С.Мухина, Е.А.Проскура, А.В.Запорожец, Т.Б.Тарунтаев
А.Е.Журова, А.М.Леушина т.т.
4-кезең - 1981-1990 жылдар. Жалпы білім беретін мектептердің
реформалануына байланысты, мектепке қабылдау жасы 1 жылға кейін
шегерілді. 6 жасарларды оқыту мәселесі, балалар психологиясында
бұған дейін қалыптасқан жас дағдарысы» ұғымын қайта қарау
қажеттілігін тудырды. Нәтижесінде мектепке психологиялық даярлық
жас көрсеткішіне тәуелді деген болжам жасалды.
4-кезең
табыстары:
мектепке
психологиялық
даярлық
физиологиялық дамумен байланыстыра қарастырылды; «мектептік
кемел» ұғымы пайда болды; мектепке даярлық өлшемдері қалыптасты.
Осылардың барлығы мектепке психологиялық даярлық диагностикасы
мазмұнын кеңейте түсті. Өкілдері: Д.Б.Эльконин, А.Л.Венгер,
Е.Е.Кравцов Н.Н.Лобанова, Е.О.Смирнова, П.Я.Кэес, Г.И.Капчеля,
Н.Ульенкола, С.Д.Максименко, С.Л.Коробко, С.А.Цветков, Костикова,
Е.Е.Сапогова т.б.
5-кезең - 1990-2000 жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезеңдегі
ерекшелік мектепке психологиялық даярлық жұмысы тәжірибелік
әрекет ретінде жаппай қолданыста болды. Нәтижесінде, мектепке
психологиялық даярлық диогностикасының тәжірибелік, әдістемелік
құралдары көптеп жасалынды. Бұл бағыт өкілдері: Лидерс А.Г,
Колесникова, В.Г.Непомнящая, Н.И., Рогов Н.И., Овчарова Р.В,
Шериазданова Х.Т., т.т.
Достарыңызбен бөлісу: |