103
тежелу үдерісінен басым болады. Бос отырғанда баланы жалықтырып
жібереді.
5.
Бала өмірінің алғашқы жылынан бастап барлық мінез-құлық
бас ми қабығының қатысымен жүзеге асып отырады. Мысалы: бала бар
ынтасымен әңгіме тыңдап отырған кезде өзінің қарны ашып отырғанын
және сөйлеп тұрып укол салса денесінің ауырғанын сезбейді. Баланың
осы ерекшелігі оның мінезінде ағзасының қажеттілігі мен қанағатына
қатысының бар екенін көрсетеді.
6.
Жүйке үдерісінің қабылдауының алғырлығының әлсіз
болуынан бала іс-әрекетіне тез жауап бере алмайды және іс-әрекетті тез
орындай алмайды.
7.
Осы кезде балаға сыртқы кедергілер тез әсер етеді. Мысалы,
бала тамақ ішіп отырғанда сырттан біреу келіп сөйлесе, ішіп отырған
тамағын тастап, сөзді тоқтатады. Сыртта біреу сөйлегенде баланың
зейінін сабаққа шоғырландыру қиын болады.
Достарыңызбен бөлісу: