Бүгінгі таңда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген


Сәбилік кезеңдегі баланың сөздік қоры



Pdf көрінісі
бет46/135
Дата30.09.2024
өлшемі1,4 Mb.
#146125
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   135
Байланысты:
Дүйсенова, Ж.Қ., Нығметова, Қ.Н. Балалар психологиясы

Сәбилік кезеңдегі баланың сөздік қоры
.
Алғашқы кезде баланың сөздік қоры дамымай тұрғанда үлкендерге 
қоятын сұрағы көп болады. Ал екі жастың соңында бала 300-ге тарта 
сөзді қолданады. Үш жасында 1500 сөзді пайдаланады. Алғашқы кезде 
сәбидің сөзі үлкендердің өзіне аздап қана ұқсайтын болады. Мұндай 
сөзді дербес (автономиялық) сөз деп атайды. Тіпті кейде үлкендер 
пайдаланбайтын сөздерді де қолданады. Мысалы олар мағынасы бірдей 
бір сөздің өзін үш түрлі етіп айтады. (ням- ням, мам- мам, ня-ня) тамақ 
ішемін деген сөзі және баланың мұндай дербес сөздері үлкендердің 
нағыз сөзінен бұрмаланып алынған сөз болады. Мысалы: сүт-түт, шәй-
тәй, ішемін-тем. 
Бала тілінің тез шығьп,
 
өз мағынасында дамуы дұрыс тәрбие 
жұмысына байланысты. Егер үлкендер дұрыс қарым-қатынас жасап, 
тәрбиелесе дербестік сөздер тез жойылып кетеді. Өйткені үлкендер 
баладан әр сөздің дұрыс айтылуын талап етіп, түзету жасап, бағыт беріп 
отырса баланың тіл кемістігі тез жойылады. Ал айналасындағылар 
баланың дербестік сөзін қолдап отырса, сол сақаулық дербес сөз 
ұзақ уақыт сақталады. Мысалы: 5 жасар Асылзат пен Сымбаттың 
айналасындағы үлкендермен қарым-қатынасының жеткіліксіздігінен 
өзара сөйлесіп жүріп өздері ғана түсінісетін дербес сөз тіркестерін 
құрап алған олардың сөз буындары мен дыбыстарды құрап айтуы да 
анық емес болған. Соңынан екеуін екі топқа бөліп қайтадан оқу-тәрбие 
жұмысын жүргізгенде олар дұрыс сөйлеуте үйренген. Баланың тілінің 


104
ерте дамып, сөйлеуді тез меңгеріп, сөздік корының молаюы, олардың 
психикасының дамуына да әсер етеді.
Сөздік қоры жақсы дамыған бала материалды жақсы қабылдап, 
есінде сақтап, зейінін шоғырландырып, кең көлемде ойлайтын, қиялы 
ерекше дамыған сезімтал болады. Өзінің қоршаған орта туралы түсінігі 
де кең болып, жан-жақты дамиды. 
Сәбилік
 
шақта (1-3 жас) бала қарқында дами бастайды. Психикалық 
дамуы үлкен өзгерістерге ұшырайды. Үш жас кезеңіндегі баланың ақыл-
ойы едәуір жетілген болады. 3 жасқа дейін осындай үлкен өзгерістердің 
болуына бірнеше факторлар себеп болады. 
Бірінші себеп
– баланың тік жүре бастауы. Бала бір жастан 
асқаннан кейін өз бетімен тік жүріп, түрлі заттардың қасиеттерін 
үлкендердің көмегінсіз зерттей бастайды. Өздігімен жүрген соң 
заттардың кеңістіктегі арақашықтығын да ажырата бастайды, кеңістікте
бағдарлану қабілеті дамиды. 
Екінші себеп -
әр заттың өзіне тән қызметін ажырату немесе балада 
заттық әрекеттің дамуы. 
Үшінші себеп
– баланың ойыны және тиісті өнерге үйренуі. 
Бұл әрекет түрлі, сондықтан ойын мен іс-әрекеттер бала 
психикасының дамуына үлкен әсер етеді. Алдымен ойыншық түріне 
немесе дыбысына қызықса, кейін оның нені бейнелейтініне мән береді. 
Баланың бойы бірінші жылына қарағанда 1,5 есе өседі, ал салмағы 2 
есеге артады.
Автономды сөйлеу балада тез (әдетте жарты жыл көлемінде) 
өзгеріске түсіп, жылдам жойылып кетеді. Айтылуы және мәні жағынан 
түсініксіз сөздер «үлкендердің» сөзімен алмаса бастайды. Бірақ жаңа 
сөйлеу деңгейіне тез ауысу бала үшін жақсы жағдай кезінде ғана 
қалыптасуы мүмкін. Бірінші кезекте бала үлкендермен толық қарым-
қатынас жасауы қажет. Егер үлкендермен қарым-қатынас жасау 
жеткіліксіз тұрғыда немесе керісінше балаға жақын адамдардың 
барлығы бала тілектерін автономды сөйлеуіне сүйеніп орындайтын 
болса, сөйлеу негізі баяу қалыптасады. Сонымен қатар сөйлеу негізінің 
баяу қалыптасуы егіздерде байқалады, себебі, олар бір-бірімен өздеріне 
түсінікті ортақ тілде қарым-қатынас жасайды. Балалар сөйлеу мәнерін 
меңгеру кезінде сөздің фонетикалық және семантикалық жақтарын 
қамти бастайды. Сөздерді айтуы дұрыстала бастайды, бала біртіндеп 
үзік және бұрмаланған сөздерді қолдануды тоқтатады. 
3 жаста барлық негізгі дыбыстарды меңгереді. Бала үшін сөз заттық 
мән бере бастайды. Сыртқы көрінісі әр түрлі, бірақ белгілері бір немесе 
әрекеті жағынан ұқсас заттарды бала бір сөзбен айтатын болады.


105
Түсінікті сөздер саны, яғни енжар сөздік қор ерте сәбилік кезеңде 
тез дамиды. Екі жаста бала үлкендер айтқан барлық сөздерді түсінеді. 
Бұл уақытта ол үлкендердің сөзін түсініп, түсіндіре бастайды. Бала 
айналасындағы заттарды белсенді түрде тани бастағандықтан, амалды 
әрекет ол үшін маңызды, ал заттармен жаңа әрекеттерді меңгеруді 
үлкендердің көмегімен ғана жүзеге асыра алады. Бала әрекетін 
ұйымдастырушы нұсқаулы сөйлеу ерте қалыптасады. Кешірек, 2-3 
жаста сөзді түсіну және айтып беру қабілеті пайда болады. Бала 
қоршаған заттарға байланысты сөздерді айтып беріп, оңай түсіндіреді. 
Мазмұнды әңгімеде немесе ертегілерде бала түсінбейтін жағдайлар 
кездессе, үлкендер баламен арнайы жұмыстар жүргізуі керек.
Біртіндеп сөздік қоры да дами бастайды: белсенді сөздік (түсінікті 
сөздеріне қарағанда баланың айтатын сөздерінің саны әрдайым аз 
болады), үлкендерге арналған алғашқы сұрақтары, алғашқы сөз 
тіркестері пайда бола бастайды. 3 жасқа қарай баланың белсенді сөздік 
қоры 1000-1500 сөзге жетеді. Шамамен 1,5 жастағы сөйлемі 2-3 сөзден 
тұрады. Бұл көбінесе субьект және оның әрекеті («мамам келе жатыр»), 
әрекет және объект әрекеті(«мам берші») немесе әрекет және әрекет 
орны («кітап анда») 3 жасқа қарай ана тілінің негізгі грамматикалық 
және негізгі синтаксистік құрылымдарын меңгере бастайды.
Бала сөзінде барлық сөздер бөлігі кездеседі, мысалы: «Есіңде ме 
суға барғанымыз, әкем мен Мерей шомылды, ал анам қайда болды?», 
«Мен әкем мен анамның баласымын, атам мен апамның немересімін», 
«Мен сенің келгеніңе өте қуаныштымын».
Баланың сөйлеу белсенділігі көбінесе 2-3 жас аралығында дамиды. 
Оның қарым-қатынас жасау аймағы кеңейеді, ол сөз арқылы тек 
жақын адамдарымен ғана емес, сонымен қатар басқа да танымайтын 
адамдармен қарым-қатынас жасай алады. Көбінесе диалог үлкендермен 
әрекет жасау негізінде жасалады. Бала үлкендердің сұрағына жауап 
береді және сұрақ қояды, өзімен жасты балалармен қарым-қатынасқа 
түскен кезде, ол басқа баланың сөзінің мазмұнына аса түсінбейді, 
сондықтан да балалар бір-біріне әрдайым жауап бере бермейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет