4. Сәбилік кезеңнің соңында жаңадан пайда болатын
әрекеттер
Жоспар:
1. Сәбилік шақта жаңа іс-әрекеттің пайда болуы
2. Психикалық дамыту және үйрету.
3. Заттармен әрекет етуінің бала психикасының дамуына әсері
4. Заттар мен әрекет ету барысында қарым-қатынасқа бейімделу
5. Заттармен әрекет ете отырып, жетістіктерге жетуі.
Сәбилік шақта жаңа іс-әрекеттің пайда болу
Бала 3 жасқа аяқ басқанда неғұрлым кең өркен жаятын және
психикалық дамуды анықтайтын іс-әрекеттің жаңа түрлері қалыптаса
бастайды. Бұл ойын және іс-әрекетінің үнемді түрлері (сурет салу,
жапсыру, құрастыру, мүсіндеу).
Ойынның бала іс-әрекетінің ерекше түрі ретінде баланың қоғамдағы
орнының өзгеруімен байланысты өзінің даму тарихы бар.
Қоғам дамуының алғашқы сатысында азық-түлік табудың негізгі
әдісі қарапайым құрал-саймандарды, таяқты пайдалану арқылы жеуге
жарамды түбірлерді қазып алған. Бала өмірінің алғашқы жылынан
бастап-ақ үлкендердің қызметіне араласып, азық-түлік табудың және
қарапайым құрал-саймандарды қолданудың әдістерін іс-жүзінде
үйренеді.
Еңбектен бөлек ойын болған емес. Аңшылыққа, мал шаруашылығына
және кетпен мен егін егуге көшкен кезде балалар түсіне бермейтін
және арнайы даярлықты керек етпейтін еңбек құралдары пайда болды.
Болашақ аңшыны, малшыны, егіншіні даярлаудың қоғамдық қажеттілігі
туды. Үлкендер балаларға арнап негізгі құрал-саймандарының (пышақ,
115
садақ, қақпан, қармақ, арқан) түрлерін кішірейтіп қолдан жасап
берді. Осы ойыншық құрал-саймандар бірте-бірте ұлғайып үлкендер
қолданатындай болды және үлкендер де балалардың жаттықтыру
ойындарына мейлінше көмектесті. Еңбектің әр саласына қатыстыруға
әзірледі. Мұндай қоғамда әзірге арнаулы мекеме жоқ. Балалар жаттығу
үдерісінде үлкендердің басшылығымен құрал-саймандарды пайдалану
тәсілін игерді.
Қоғам дамуының сатысында рөлдік ойын пайда болды. Ол ойын
арқылы балалар өздерінің қажеттіліктерін үлкендермен бірге өмір
сүруге ұмтылысын қанағаттандырады. Сол арқылы бала үлкендермен
байланыс жасаумен ортақ өмірінің қоғам мүшесі ретіндегі негізгі
қажеттілігін қанағаттандырады.
Рөлдік ойынның алғы шарттары заттық әрекетте пайда болады. Ал
кейінірек оны өздігінен атқаратын болады.
Баланың бүкіл өмірі үлкендерге байланысты болғандықтан барлық
іс-әрекетті ұйымастырып, бағыт беріп отырады. Ол жүруді, заттарды
дұрыс қолдануды, сөйлеуді ғана емес, ойлауды, сезінуді, өзінің мінез-
құлқын басқаруды ерте сәбилік шақтан үлкендерден үйрене бастайды
.
Былайша айтқанда, баланың практикалық қана емес, психикалық іс-
әрекеті де үйрену нәтижесінде қалыптасады. Бұл үйрету әрдайым
саналы түрде жүргізіле бермейді. Көп ретте үлкендер балаларды
стихиялық жолмен үйретеді, оны өздері де байқамай қалады. Тіпті
балалар үлкендердің көмегінсіз-ақ өздігінен сурет салуға, оқуға,
санауға, арифметикалық есептерді шығаруға үйрене алады-мыс деген
пікір бар. Бұл өте қате пікір. Бала үлкендердің әсерінен, адамзат
қоғамының әсерінен айырылса, нендей халге ұшырайтынын біз білеміз
ғой.
Әрине, баланың тәрбиесі стихиялық жолмен емес, ақылға салып,
мақсат көздей, оған нені үйрету керектігіне әдейі қамқорлық жасай
жүргізілгені, сөйтіп оның жан-жақты дұрыс дамуын қамтамасыз
ететіндей болғаны абзал. Ол үшін үйрету мен даму арақатынасының
қалай үлескені, олардың байланысын, балалық шақтың әр түрлі
сатысында баланы неге және қалай үйрету керектігін анықтап білу
қажет.
Әдеттегі тұрмыстық бақылаулар бала неғұрлым жас болған сайын,
ол үйреткенді ұғуға соғұрлым қабілетсіз, олардың бойына сіңірген білімі
мен іскерлігі мейлінше қарапайым, оңай екендігін көрсетеді. Шынында
да, екі жасар сәбиге әріптердің қалай жазылатынын көрсету қандай
мағынасыз болса, төрт жастағы балаға атом ядросының құрылымы
туралы айту да сондай көңілге қонымсыз болар еді. Сондықтан үйрету
116
әдістерін сәбидің жас айырмашылығына қарай ойластырған жөн.
Мысалы, адамның суретін қалай салу керектігін ауызша түсіндіргенді
үш жасар сәби түсінбейді, ал оның орнына сызып көрсетсе, бала соған
еліктеп өзі де сыза бастайды.
Жоғарыда айтылғандардан, үйрету егер психикалық дамудың
бала жеткен дәрежесіне лайықталып жүргізілсе ғана табысты болуы
ықтимал деген қорытынды шығады. Дегенмен, бақылау еш талассыз
болғанымен, мұндай қорытынды шығару түбірінен қате. Ол бойынша
психикалық даму үйретуге тәуелді болмастан, өзінен-өзі өрби беретін
сияқтанады. Шынында бұлай емес екендігін біз жақсы білеміз. Бала
қоғамдық тәжірибені бойына сіңіре, адамға тән әр түрлі іс-әрекетті
игере отырып дамиды. Ал, оған бұл тәжірибені беретін де, оның
бойында бұл іс-әрекеттерді қалыптастыратын да үйрету. Демек, үйрету
баланың дамуына ыңғайластыра жүргізілмеуі, оның артында қалмауы
тиіс. Үйрету дамудың жеткен дәрежесін есепке алады. Мұндағы
мақсат – сол жерде тоқтап қалу емес, онан әрі дамуды қалай жүргізу
керектігін, келесі қадам жасалуы қажеттігін білу. Үйрету психикалық
дамудан озық жүреді, оны өзінің соңынан ертеді.
Егер біз, мысалы, бала әлі жөнді түсініп болмайтын, өзі қағазға
түсірген шатпақтан белгілі нәрселерді (допты, түтінді, ағайын) тани
бастағанын көрсек, онда оның келесі қадамы суретті әдейілеп ойлап
бейнелеу. Енді баланы күні бұрын алдына мақсат қоюға үйретуге
кірісуге болады және бұл керек те. Өйткені бұл оның психикалық
дамуына жәрдемдеседі.
Үйретудің психикалық дамудағы жетекші рөлі бала жаңа іс-
әрекетті меңгере отырып, әуелі оны үлкендердің басшылығымен және
көмегімен, содан соң өздігінен орындауға машықтанатынынан көрінеді.
Баланың үлкендермен бірлесе орындайтыны мен оның өзінің жеке
атқаратын қызметінің арасындаңы айырмашылық баланың таяудағы
даму аймағы деп аталады. Таяудағы даму аймағының көлемі баланың
үйренгіштігінің, оның бойында осы қазір бар даму қорының маңызды
көрсеткіші.
Үйретудегі әрбір жаңа қадам баланың таяудағы даму аймағын
пайдаланады және сонымен бір мезгілде онан әрі үйретудің
алғышарты болып табылатын жаңа аймақ жасайды. Мәселен, сәбиге
тіл үйрете отырып біз оның қалыптасқан есту, көру, қабылдауларының
мүмкіндіктерін, үлкендерге еліктеуін, түсінігін пайдаланамыз. Сөйлей
білу, өз кезегінде, психикалық дамуда шұғыл ілгері басуға жол ашады, ал
мұның өзі үйретудің жаңа формаларына өтеуге мүмкіндік береді. Олар
сөздің әсерімен неғұрлым жетілген қабылдау мен ойлауға негізделетін
117
болады. Алайда тәрбиенің таяудағы даму аймағына кері әсер ететін,
оны сарқып тастайтын формалар да болуы мүмкін. Әр түрлі білім
мағлұматтарын балаға орынсыз тықпалаған жағдайда осындай болады.
Әдетте түрлі бұйымдар жайлы мектеп жасына дейінгі балаларға
белгілі бола бермейтін мағлұматтарды тақылдап айта беретін, ұзақ-
ұзақ өлеңдер мен әңгімелерді жатқа айтып беретін, бес-алты жасында
«үлкендердің» газеттеріндегі мақалаларды оқитын балаларды ақылды
деп есептейді. Оның үстіне мұндай «зеректілердің» көпшілігі өздігінен
ойлауды талап ететін ең қарапайым есепті шешуге қабілетсіздігі
былай тұрсын, тіпті оны шешудің үлкендер көрсетіп берген амалын
игеруге де шамасы келмейтін болып шығады. Үйрету психикалық
дамудан озық жүріп, оған жол ашатын болғандықтан, ол психикалық
үдерістердің даму бағытын анықтап, белгілі, психикалық қасиеттердің
қалыптасуына және бұрын болған қасиеттерді қайта құруға жеткізе
алады.
Мектеп жасына дейінгі балаға көбіне қабылдаудың бөлшектенбеуі,
ойлаудың нақтылығы, ерік пен естің ырықсыздығы сияқты қасиеттер
тән. Бұл ерекшеліктер психологиялық зерттеулер арқылы талай
рет бекітілген болатын. Балалардың үлкен суреттер мен заттарды
суреттеулерінен олардың өздерінің суреттерін әдетте заттардың
жалпы сұлбасын немесе олардың жеке бөлшектерін, ұсақ-түйектерін
қабылдай алатыны көрінеді, ал оларды бірден тұтастай қамтуға көбіне
күштері жетіңкіремейді. Әлде не туралы талқылай отырып мектеп
жасына дейінгі бала көбіне жекелеген, оған бұрынғы тәжірибеден
белгілі заттармен жағдайларды ескереді. Міне, шешесі баласын оқуға
үйретіп отыр. Олар бірлесіп. «Мысық» деп оқиды. «Мысық? Бұл қалай
мысық? - деп сұрайды балдырған. Кеше кішкене баласына келген
мысық па?» Мектеп жасына дейінгі баланың бір нәрсеге көңіл тоқтатуы
қиынға соғады, үлкендер талап еткенді есінде сақтау оған күшке түседі.
Ал, ойын немесе басқа бір қызықты іс-әрекет үдерісінде болса, осы
материалды кереметтей есінде сақтай алар еді.
Ұзақ уақыт бойы айтылған қабылдау, ойлау, зейін қою, есте сақтау
сапалары жас мөлшерінің ажырамас белгілері болып табылады деп
есептеліп келді. Мектепке дейінгі үйретуді де осыған ыңғайлауға
тырысты.
Ерте жас кезінде әрекет заттық болып келеді. Бұл кезде көбіне
балаға заттың арнаулы аты, ол неден жасалғаны, бәрі-бәрі қызықтырады.
Ол жуынуды сабынмен, сүлгімен, қасықты қолдана бастайды. Әрекет
үдерісін баланың көңілімен аударады. Ол көптеген нәрселерді
үлкендерден үйрене бастайды. Мектепке дейінгі іс-әрекет басқа да іс-
118
әрекет түрін үйренуге мүмкіндік береді. Онда жеке ойын, сурет салу,
еңбек ету қабілетін иемденеді.
Негізінен білік жеке автоматты іс-әрекет формасының жаттығуды
қайталаудағы қорытындысы. Баланың білік қабілетін қалыптастыруға
үлкендер ықпал етеді. Бала үлкендермен көп жұмыс жасаса, барлық
нәрсені өз бетімен жасайтын болады. Әлеуметтік гигиена біліктің
бағыты ретінде балаға тікелей әсер етеді. Оның көз алдына өзінің
келбеті елестеуі мүмкін. Бала киінгенде немесе жуынғанда өзін
айнадан толық қарайды, өзіндегі өзгерісті байқайды. Бала өзінің сырт
келбетіне бақылау жасайды. 1 жастан 3 жасқа дейін балада ең бастысы
тәрбие болады. Жаңа жаңалықтар баланы алға ұмтылуға итермелейді.
Үлкендер балаға үнемі көңіл аударып отырса бала тез арада барлығын
бағалап, сарапқа салады және өз көзқарасын ашып айтады.
Ерте жастағы іс-әрекет дамуының кейбір ерекшеліктерін
қарастырамыз:
- Балада әлеуметтік білік қалыптасады.
- Әрекет процедурасын орындауда қажеттіліктің ұйымдасады.
Оған қажеттілік пен тазалық жатады.
- Бала іс-әрекет тәрбиесінің ережелерін меңгереді.
- Балада жеке өзіндік сапалық қасиеттер қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |