125
ету нәтижесінде болатын ақыл-ойының әрі қарай дамуының басты
себебі деп саналады. Баланың жаңа құралдарды пайдаланып, әрекет
етуіне байланысты ойлау мен қабылдау әрекеті қалыптасады. Өйткені
нәрестелік кезеңнің өзінде кейбір заттарды қолымен ұстап, әрекет етіп,
көзімен көріп, оның кейбір қасиеттеріне байланысты қабылдап, ажырата
бастағаны мен сол зат туралы толық түсінігі болмайды. Нәрестелік
кезеңнің соңында айналадағы заттарды жақсы бағдарлап, таныс
адамдарды, заттарды танитындай болғанымен танудың өзі әр түрлі
болады. Бұл кезде бала затты белгілі бір ерекшеліктерімен қасиеттерін
қарап ажыратуы мүмкін. Яғни заттың бір ерекше көзге түскен белгісіне
қарап ажыратады. Мысалы, құстың суретін көрсетіп тұрып әңгімелессек,
кейіннен құстың тұмсығына ұқсас затты көрсе құс деп қабылдайды. Екі
жастың қабылдауында мынандай бес түрлі ерекшеліктер болады: 1.
Заттың суретін немесе адамның бейнесін фотографиядан көрген кезде
ерекше белгілерін есте сақтау арқылы қабылдайды. 2. Екі жастағы
бала затты түстеріне байланысты ажыратып, қабылдай алмайды. 3. Екі
жарым, үш жастағы баланың көру арқылы қабылдауы жақсы дамиды.
4. Үш жасқа келгенде 5-6 геометриялық форманы, 8 түсті ажыратады.
5. Тілдің дамуына байланысты қабылдау қабілеті де артады. Өйткені
үлкендермен тіл арқылы қарым-қатынас жасау нәтижесінде көріп, естіп
белгілі бір ерекшелікке байланысты қабылдайтын сипап сезу қабілеті
дамиды. Сәбилік кезеңдегі негізгі әрекеттің барлығы тіл арқылы қарым-
қатынас жасау арқылы жүзеге асатын болғандықтан, бала екі жастың
өзінде өзінің ана тіліндегі барлық жоғарғы және төменгі тембрдегі
дыбыстарды ажыратуға мүмкіндігі болады. Сол сияқты сәбилік
кезеңінің өзінде кеңістікті уақытты ажырату қабілеті арта бастайды.
Достарыңызбен бөлісу: