Бүгінгі таңда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген


Мектепке дейінгі балалардың жүйке жүйесінің дамуы және



Pdf көрінісі
бет63/135
Дата30.09.2024
өлшемі1,4 Mb.
#146125
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   135
Байланысты:
Дүйсенова, Ж.Қ., Нығметова, Қ.Н. Балалар психологиясы

Мектепке дейінгі балалардың жүйке жүйесінің дамуы және 
оның қызметі
 
Баланың жүйке жүйесінің күшті немесе әлсіздігін өмірдегі 
мынадай көрсеткіштері дәлелдейді. Оның ұйқысының тыныш болуы, 
тез ұйықтауы немесе тыныш ұйықтай алмауы, қатты ұйықтауы 
сол сияқты жүйке жүйесі күшінің жылдам немесе жай қалпына 
келмеуінен де байқалады. Бала ашыққан кезде өзін қалай ұстайды, оны 
уақытымен тамақтандыра қоймаса айқайлап жылап немесе көңілсіз, 
әлде тыныш бола ма соған да байланысты, яғни сыртқы ортаның әсер 
еткен әр түрлі тітіркендіргіштеріне мидың төзімділігі тепе-теңдігі, бір 
қалыптылығымен де жауап қайтарады. Жүйке жүйесінің күнделікті 
өмірдегі негізгі көрсеткіштері ұстамдылық, тұрақтылық, тыныштық, 
көңіл-күй қалпының өзгеруімен және бірден жарқырап қуанып, 
жабырқап, қайғыруынан байқалады. Сөзі мен қимыл-қозғалысының 
біркелкі болмауы да осыған мысал бола алады. Жүйке жүйесінің 
қозғыштығының көрсеткішіне өзін қоршаған ортаға жаңаны тез 
қабылдап, бағдарлай алуы, өмірдегі өзгерістерге тез бейімделуі, 
ептіліктер мен дағдыларды тез игеруі, көпшілік ортада өзін еркін 


134
ұстап, жаңа ортаға тез бейімделуі, жан-жақты қабілеттілік әрекеттің 
бір түрінен екінші түріне тез ауысуы, еске тез сақтап, қайта жаңғырта 
алуы, шапшаң қимылдап, тез сөйлеу, сезгіштіктің пайда болуы мен 
көрінуі де жүйке жүйесінің қызметіне байланысты. Жүйке жүйесінің 
әсерленгіштігі сырттан әсер ететін тітіркендіргіштерге жауап беру 
қабілеттілігінен де көрінеді. Кейбір балаларды ашуланшақ, күйгелек, 
шыдамсыз десек, енді біреулердің қуанғаны да, ренжуі де түсініксіз 
дейді. Енді біреулерді икемді, епті десек, оған қарама-қарсы ебедейсіз, 
олақ, бейімділігі жоқ та балалар бар. Бұл қасиеттер баланың сыртқы 
әрекеттердің әсеріне оңай бейімделе алмауынан, көп күш жұмсауынан 
көрінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет