ширақ тип . Мұның қозу мен тежелу үдерістері бір-
біріне тең келіп тез алмасып отырады. Күшті типтің
үшіншісі қозу
мен тежелу бір-біріне тең, бірақ баяу қозғалатын тип,
қозу мен тсжелу
үдерістері баяу көрініп отырады. Ұстамсыз тип - холерик, сангвиник-
тер де ширақ тип, қозу мен тежелуі тең қозғалысы баяу -флегматик,
жүйке жүйесі әлсіз тип – меланхолик деп анықталған. Бір топтағы
немесе сыныптағы балалардың ішінде әртүрлі темперамент типтерінің
өкілдері кездеседі. Кеңес психология ғылымының профессоры
Вольф Соломонович Мерлин темпераменттің көрінуі туралы сапалы
психологиялық қорытынды таблица жасады.
Сангвиник Күшті қозғалғыш тепе-теңдік тип. Реакция туғызу қабілеті
жоғары. Кейде әлсіз нәрсеге де, қатты мардымсыз бір нәрсеге де
ашуланып қалады. Оның мимикасы, қимыл-қозғалысы белсенді.
Өмір жағдайының өзгеруіне тез бейімделгіш. Өзінің көңілі ауған іс-
әрекетіне барлық ынтасымен кіріседі. Іс-әрекеттің бір түрінен екінші
түріне тез ауысып, бейімделіп кетеді. Оның бет бейнесінен көңіл-
күйі, адамға деген ықылас-сезімі анық көрініп тұрады. Өзінің зейіні
тез шоғырланады. Ұшқыр ойлы, өткір тілді, бірақ әлі де түйсінуі өте
сезгіш. Жоғарғы табалдырығы төмен жарық тітіркендіргіштер мен
дыбысты жақсы ажырата алмайды. Белсенді, күшті, қайратты, батыл,
үнемі мен айтамын деп қолын жиі көтеріп отырады. Ол тәрбиеге тез
үйренеді. Өзінің сезгіш ерік күші жақсы дамыған, өзін көпшілік ортады
жақсы ұстайды. Жылдам қимылдайтын, тез сөйлейтін, жаңаны тез
қабылдағыш, зейінді, айналасындағылармен тез тіл табысып кететін,
көпшілік орта да өзін еркін, көңілді ұстайтын тип.
холерик Бұл күшті тип. Кез келген іске барлық күш жігерімен кіріседі.
Белсенді, бірақ реакция туғызу қабілеті белсенділігіне қарағанда
басымырақ. Сондықтан да бетімен кеткен, ұстамсыз, шыдамсыз,
күйгелек, сангвинник сияқты тез икемділгіш емес.