Флегматик
Күшті, тепе-теңдігі бірқалыпты, тыныш тип. Эмоциялық қозуы бір
қалыпты, жайбарақат, оның жарқырап қуануы да, қайғыруы да қиын.
Бүкіл топтағы балалар бір затқа қатты күліп жатса, ол өзінің сабырлы
136
қалпын сақтап қала береді. Тіпті үлкен қолайсыздық пен сәтсіздікке
жолықса да өзін байсалды ұстайды. Эмоциялық күйі бет бейнесінен
байқалмайды. Қимыл-қозғалысы, сөйлеген сөзі бірқалыпты, қайрат-
жігері күшті, жұмысқа қабілеттілігімен ерекшеленеді. Реакция
туғызғаннан белсенділігі басымырақ, шыдамды, өзін-өзі ұстай
білуімен ерекшеленеді. Тапқырлығы, зеректігі жоғары, зейінін жылдам
шоғырландыра алмайды. Икемсіз әрекеттің жаңа түріне үйрену жаңа
ортаға бейімделіп кетуі қиын жүзеге асады. Тез тіл табысып кете
алмайды. Өз пікірін сыртқа шығарып айтуға да қиналады.
Мелонхоли
к
Әлсіз тип, өте сезімталдығы жоғары, тез жараланғыш, оларды
әлсіз тітіркендіргіштер мазалайды. Сондықтан да сәл ұсақ-түйектің
барлығына қатты мұңаяды немесе ашуланады. Бұлар болмашы нәрсеге
көзіне жас алып, жылай салады. Мимикасы, қимыл-қозғалысы мәнерсіз
болады, сөйлегенде даусы естілмейді, жай жылайды, сирек күледі,
бірақ оқыс қатты күледі. Белсенділігі төмен, сабақта қолын сирек
көтереді. Оның өзінде бір көтеріп, бір түсіріп, өзіне-өзі күмәнданып
отырады. Қорқақ, жалтақ, ерік күші әлсіз, табансыз жұмсақ, қабілетсіз,
тез шаршайды. Зейіні ырықсыз, тез ауытқып кетеді, психологиялық
шапшаңдығы баяу.
Мектепке дейінгі кезеңде темперамент типтерін ажыратуда жас
ерекшеліктерін білудің маңызы зор. Сол сияқты жүйке жүйесі қызметі
қасиеттерінің тұрақсыздығын да ескеріп, басшылыққа алу керек.
Мысалы, жүйке жүйесі қызметінің типі адамда іштен туа қалыптасады
және оны түгелдей өзгеріске ұшырату неғайбыл. Дегенмен Н. Н. Павлов
жүйке жүйесі қызметі типтерінің жекелеген қасиеттерін өзгертуге
болатындығын тәжірибе жүзінде дәлелдеген. Мысалы, қозу процесі
тежілуінен басым, күшті, ұстамсыз типі анықталды. Жаттығу арқылы
өзінің тежелу үдерісі күшін біршама арттырып, оны қозу үдерісімен
теңестіруге болатындығы дәлелдеген. Осыдан И.П.Павлов күшті
қозғалғыш типтерді жаттықтыру арқылы тежелу үдерісінің күшін
арттырып, бір-бірімен теңестіруге болады деген қорытындыға келеді.
Кейде ұстамсыз типтің бірнеше варианты болатынын ескеру
керек. Өйткені қозу үдерісі шегіне жетіп, тежелуі әлсірейтін тип те
болуы мүмкін, немесе екі үдеріс те күшті, бірақ қозуы шамадан тыс
келетін тип те ұшырасады. Сөйтіп уақыт өткен жай қайталап отыратын
жаттығулар арқылы ұстамсыздықты кейіннен біршама түзетуге
болатындығын дәлелдейтін ерекше фактілерді жиі кездестіреміз, яғни
жаттықтыру арқылы нерв жүйесінің әлсіз типін шынықтыруға болады.
137
Баланың қолайлы тәжірибенің нәтижесінде кез келген қиындықты
ойдағыдай жеңе алатындығы сөзсіз. Баланың жеке басының дамуы
мен қалыптасуына тек жасының өсуі ғана емес, сонымен қатар
темпераментінің де ықпалы бар.
Достарыңызбен бөлісу: |