Бүгінгі таңда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген


Бақылау сұрақтары және тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет67/135
Дата30.09.2024
өлшемі1,4 Mb.
#146125
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   135
Байланысты:
Дүйсенова, Ж.Қ., Нығметова, Қ.Н. Балалар психологиясы

 Бақылау сұрақтары және тапсырмалар:
1. Мектеп жасына дейінгі балаларда кездесетін темперамент 
типтері
2. Даму барысында туындайтын сапалы өзгерістер неге тәуелді?
3. И.П.Павлов шартты рефлекстер арқылы қандай зандылықтарды 
ашты?
4. Қорқақ, жалтақ, ерік күші әлсіз, табансыз, жұмсақ, қабілетсіз 
қасиеттері бар типті атаңыз.
5. Нерв қызметі типтерінің жекелеген қасиеттерін өзгертуге
болатындығын тәжірибе жүзінде дәлелдеген кім?
6. Темперамент тип ерекшеліктерін анықтау мақсатында 
өздеріңіз педагогикалық іс-тәжірибеден өтетін балалар бақшасына 
барып, балалардың темперамент типтерін зерттеңіздер, бір-бірінен 
айырмашылығын ажыратыңыздар.
1-тапсырма
Балалар «Аяғыңды сулап алма» деген ойынды ойнап жатыр. Орын 
тәртібі бойынша баптақтың үстіне тасталған жіңішке тақтайшамен 
аяқты былғамай, абайлап өту керек. Бірақ мұны бәрі бірдей орындай 
алмайды. Әсіресе, Қуанышқа тақтайшамен жүріп өту қиын-ақ. 
Сондықтан ол балалардың ең соңынан өтетін болды. Тәрбиеші оған 
«Сен шын ықыласыңды салсаң, тақтайшаның үстімен жүре аласың» 
деген еді. Үйге келген соң, Қуаныш әкесіне «Қарғып секіруді үйрет» 
деп мазалады. Тәрбиешінің әрекетіне талдау жасаңыз.
2-тапсырма
Ересектер тобындағы балалар «Теңізшілер» ойынын ойнап жатты.
Жұбаныш жалығып, ойыннан шыққысы келіп еді, тәрбиеші оған 
капитаннан рұқсат сұрау керектігін айтты.
«Жолдас капитан, маған кемеден шығуға рұқсат беріңіз» деді ол. 
«Кемеден шығуға тыйым салам!» деді капитан. Жұбаныш бұйрыққа 
қамығып, жүзу сапарын басқалармен бірге аяқтады.
Осы ойында Ғабиттің жеке басында қандай сапалық ерекшелік 
қалыптасты?


138
3-тапсырма
Балалар «Дүкен» ойынын ойнап жатыр. Сатушының алдында 
кезекке тұрғандар жинала бастады. Кезекте түрған балалардың мінез-
құлқын бақылаудың өзі қызықты. Ажар әже болуға тырысып: басына 
жаулық тартап, қолында таяғы, беліп бүкірейтіп алған. Кезекке ешкімді 
алдынан жібергісі келмей тұрған Тоқтар: «Кәрісің бе?» деп сұрады. 
«Әрине, әже деген кәрі болады» деп жауап берді Ажар. «Жарайды, әже, 
онда менің алдымнан келіп тұрыңыз, әрине қарттарды алдымен жіберу 
керек» деді Нұрсұлтан араға килігіп. «Жарайсың, Нұрсұлтан!» деп 
тәрбиеші оны мақтады.
Осы келтірілген мысалдарда балаларда қандай адамгершілік 
сапалары тәрбиеленеді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет