152
Балалар суреті шындықты көрсетуге бағытталғанымен үлкендердің
көргісі келетіндей суретке жиі сәйкеспейді. Бір бала өзі салған
машинаның суретінде доңғалақ санын құрастырушылардың белгілеген
санынан әлдеқайда көп етіп керсетсе де екінші бала мұндай суретке
күдіктенбейді. Мұндай суретті қарап отырған үлкен адам оның машинаға
мүлде ұқсамайтынын («Жіпке тізілген моншаққа көбірек ұқсайды!»)
айтып баланы мінейді. Мектепке дейінгі бала бұған ренжиді. Ол өзара
түсініспеушілікке риза емес.
Бірақ, бала үлкен адамға қанша қарсы тұрса да, ол алдымен
үлкендердей болуға ниеттенеді. Сондықтан баланың салған суреті
белгілі мәдениетке қолданарлықтай бағытта ақырындап, бірақ дұрыс
дамиды. Графикалық бейнелер құруда бала көбінесе көру жеріне
бағытталады. Бұған, сөз жок, өз көзқарастары бойынша суретті оңды
деп қабылдамай, заттың тікелей өзіне қарауды ұсынатын үлкендер
себепші болады.
Достарыңызбен бөлісу: