154
болады. Сондықтан балалар салған суреттер бұлжымас түстерге толы
болады (жасыл шөп, діңі қоңыр, жапырағы жасыл ағаш, қызыл немесе
сары күн).
Балалар салған суретте түсті еркін қолданудың терең негіздері
болады. Тек мүлде кішкене балалар (екі-үш жасар) кез келген түстегі
бояулардың, бәріне бірдей қарайды. Қолына қыл-қаламды алып, ешбір
талғамсыз, қағазға неше түрлі бояуларды жаға бастайды. Бояулардың
қайсысы ең әдемі деп сұрағанда, баланың беретін жауабы: «Бәрі де
әдемі». Алайда үш-төрт жаста жағдай бірқатар өзгереді.
Суреттің өзіне балалардың өз көзқарасын білдіру балалар суретіне
тән ерекшелік болып табылады. Барлық «әдемі» атаулыны балалар
айқын бояулармен бейнелейді, сымбатты өрнектерді де қолданады.
«Ұсқынсыздарды» күңгірт бояулармен бояп, суреттерді әдейі нашар
салады. Суретші адамның суретін де ұқыпты салады, бейнеленетін
адамға деген жағымсыз көзқарасын бейнелеудің ерекше жолдарын
таба біледі. Бала жалмауыз кемпірдің, сотқардың суретін қалай болса
солай сала береді, өйткені оның көзқарасы бойынша олардың суретін
әдемілеп салуға онша тырысудың қажеті жоқ. Сонымен,
түс пен
суретті салудық ұқыптылығы баланың суреттің мазмұнына деген
көз-қарасын көрсетеді.
Суретті жан сезімімен қабылдап және бір түсті екінші түстен артық
бағалай отырып, бала өзі ұнататын түсті заттың шынайы түсін көрсету
үшін емес, бейнелейтін әдемілеуге қолданады. Сондықтан балалар
бейнеленетін заттарды олардың өзіне тән келмейтін түсті жолақтармен
немесе өрнектермен бояйды.
Қазіргі балалардың дамуына бейнелеу іс-әрекеті өзіндік ықпалын
тигізеді.
Сурет салу кезінде бала заттардың ұқсас топтарының
белгілері ретінде көрінетін көмескі графикалық бейнелерден нақтылы
шыңайы заттың өзін тікелей бейнелеуге көшеді.
Бейнелеу іс-әрекетін
осы бағытта дамыту баладан алдымен ойлау мен қабылдауды дамытуды
қарап қана қоймай, көре білуді де талап етеді, бұл заттар қабылданған
бейнелеу қағидалары бойынша мүмкіндік дүниесін береді.
Достарыңызбен бөлісу: