Бүгінгі таңда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген


Бақылау сұрақтары және тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет80/135
Дата30.09.2024
өлшемі1,4 Mb.
#146125
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   135
Байланысты:
Дүйсенова, Ж.Қ., Нығметова, Қ.Н. Балалар психологиясы

Бақылау сұрақтары және тапсырмалар:
1. Мектеп жасына дейінгі бала психикасын дамытушы іс-әрекет 
түрлеріне тоқталып өтіңіз
2. Оқу іс-әрекетінің баланың ақыл-ойы мен сана сезімін дамытудағы 
ролі қандай?
3. Ойын - бала психикасын дамытушы басты құрал
4. Бала психикасын жан-жақты дамытушы ойын түрлері
5. Еңбек іс-әрекетінің бала психикасын дамытуға ықпалы


168
6. Жетекші іс-әрекеттердің баланың психикасын дамытуға ықпалы
7. Балада оқу ынтасының пайда болуы
8. Баланың оқу іс-әрекетін меңгеруі. 
1-тапсырма
Алмастың маскүнем әкесі оның көзінше анасын жәбірлейді. Ол 
бейнелеу өнері сабағында сүйкімсіз адам бейнесін салды. Тәрбиешінің
«Бұл кім?» деген сұрағына, ол өз әкесін салғанын жасырып, жалтарып 
жауап берді: «Бұл маскүнем, арақ ішу - жаман әдет» деді.
Алмастың мінез-құлқындағы негізгі ниетті анықтаңыз.
2-тапсырма
Екі баланың анасы өзара сөйлесіп отыр:
- Сіздің Серігіңіз суретті қандай жақсы салады, ал менің 
Ғалымжанымның салғаны тек шимай-шатпақ. Қанша таза, ұқыпты 
салуды көрсетсем де бәрібір нашар салады.
- Ал, сіз балаңызды үйретуге тырыстыңыз ба?
- Мен, баламды сурет салуға жиі отырғызамын. Бірақ оның
сурет салуға қабілеті мүлде жоқ па деймін.
Сұрақ: Ғалымжанның анасының пікірі дұрыс па? Балалардың 
бейнелеу өнеріне деген ықылас-ынтасын тудыру үшін ата-аналарға 
қалай көмектесуге болады?
3-тапсырма
Балалардың салған суреттеріне талдау жасап, оған өздерінің 
қатысын, ерекшеліктерін анықтаңыз. Баланың салған суретіне қарай 
отырып, оның анасына, әжесіне, әпкелеріне, құрбы-құрдастарына деген 
қарым-қатынасын түсінуге бола ма? Суретте бұл қалай көрініс береді?
4-тапсырма
Құрастыру әрекетінің бала психикасының дамуына ықпалы қандай? 
Құрылыс материалдары мен құрастырудың бірнеше түрі мен типі 
болса да, балалардың құрастыру ісімен кем шұғылданатынын қалай 
түсіндіруге болады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет