175
бірте-бірте дамиды, олардың түйсінулерге қабілеттілігі тәжірибеге
және тәрбиеге байланысты жетілдіріледі. Кішкене сәбидің нені
түйсінетіндігі туралы біз тек қана олардың белгілі тітіркендіргіштерге
жауап реакцияланын айта аламыз. Осы реакциялары бойынша өмірінің
алғашқы күнінен бастап сәбиде жылылық пен салқындыққа тері
түйсіктері қалыптасқандығын аңғаруға болады. Сәби көздері алғашқы
күннен жарықтың өзгеруін бағдарлай бастайды. Түстерді ажырату
баланың бір айлығында аңғарылады. Бала дүниеге келген алғашқы
күндері естімейді. Оның себебі жаңа туған баланың ортаңғы құлағы
ерекше жарғақпен бітелген, ол дыбысты өткізуге кедергі келтіреді.
Алғашқы аптада бұбұл дене үгіліп түсіп қалады да, сәби дыбысты
бағдарлайды. Бірте-бірте дыбысқа сезгіштігі қалыптасып, 2-3 айда
дыбыстың бағытын айырады, басын дыбыс шыққан жаққа бұрады.
Алғашқы екі-үш айлығында баланың барлық сезім орғандарының
қызметі қалыптаса бастайды. Одан әрі бұл органдардың дамуы және
түйсінулердің жіктелуі айырма сезгіштігінің күшеюіне байланысты
іске асады. Мысалы, бала 4 жасында көптеген түстерді ажыратады.
Ал есту түйсігі 2-3 жасында дамығандығы соншама, балалар кейбір
адамдардың дауысын жеңіл айырып қана қоймайды, сонымен қатар
жекелеген заттардың дыбысын және күрделі музыкалық әуендерді
ажырата алады. Мектепке дейінгі кезеңде барлық түйсінулерге баланың
абсолюттік сезгіштігі өте жоғары деңгейге жетеді. Үлкен адамдармен
немесе мектеп оқушыларымен салыстырғанды мектепке дейінгілерде
айырма сезгіштігі өте жоғаны дамыған. Мектеп жасындағы балалардың
түйсіктері одан әрі дами түседі. Ал шәкірттеде ең алдымен айырма
сезгіштігі жақсы дамиды. Күшті қарқынмен көру және есту сезгіштіктері
жақсы дамиды. Психологтардың арнайы зерттеулері көрсеткендей
7-ден 10-жасқа дейінгі шәкірттерде түстердің белгілеріне сезгіштігі
45% артады, ал 10-нан 12 жасқа дейінгілерде 60% дейін арта түседі.
Түйсіктердің түске саралануына сурет салуға үйретудің мәні орасан
зор. Мектеп жасында шәкірттедің есту түйсіні жан-жақты дамиды.
Әсіресе ән-күйді есту сезгіштіктерін дамытуда алатын орны ерекше.
Түйсіктерді дамытуда дұрыс ұйымдасқан тәрбиенің мәні өте зор.
Мектеп жасына дейінгілердің
Достарыңызбен бөлісу: