183
сөздермен белгілеп берді. Сонда мектепке дейінгі ересектердің бірінің
жихазды қойып жатып айтқаны; «Гүл қойылған сөре терезелердің
арасында тұрды, олай болса мына жерде (қойып берді) тұрады, ал
пианино оның жанында, ал бұрышта... (ойланып қалды). Ие, оң жақ
бұрышта таладидар қатарында, есіктің жанында дөңгелек үстелше
тұрады. Бірінші үстелшеде мен отырмын, ол терезеге бәрінен жақын
көрінеді. Міне, осы арада... жоқ, мен терезеге қарап отырамын ғой,
ендеше мынау арада алдыңғы жақта тұруы керек».
Сонымен, тек мектепке дейінгі шақтың соңында ғана (онда да
балалардың бәрінде емес) өзі тұрған орынға қарамастан кеңістікте
бағдарлау, есепті бастау нүктесін өзгерту іскерлігі қалыптасады. Әйтсе
де, мұндай бағдарлау заттардың арасындағы кеңістік қатынастарын
балалардың өздері өзгертіп, оларды түрлі тұрғыда қарастырып және
сөзбен белгілеп оқытудың көмегімен ғана біршама оңай қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: