Бүгінгі таңда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген



Pdf көрінісі
бет87/135
Дата30.09.2024
өлшемі1,4 Mb.
#146125
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   135
Байланысты:
Дүйсенова, Ж.Қ., Нығметова, Қ.Н. Балалар психологиясы

Уақытты бағдарлау.
Кеңістікті бағдарлауға қарағанда, уақытты 
бағдарлау балаға едәуір қиындыққа түседі. Бала белгілі уақыт ішінде 
өмір сүреді, оның ағзасы уақыттың өтуіне белгілі түрде жауап береді, 
белгілі бір мезгілде оның тамақ ішкісі, ұйықтағысы келеді, т. б. бірақ 
баланың өзі көпке дейін уақытты қабылдай алмайды. Тіпті тамақ ішу 
үшін дастарқан басына келіп отырғанда да оның мазасыздануы, сәл 
еркеліктері («Сусын ішкім келеді», «Балмұздақ жегім келеді»), тіпті 
«Тамақ ішкім келмейді!» - деуі оның ағзасының түскі тамақ уақытына 
берген жауабы екенін ол түсінбейді.
Уақыт өткінші, оның көрнекі формасы жоқ, онымен іс-әрекет 
істеуге де болмайды, бірақ барлық амал уақыт ішінде өтеді, сөйтсе де 
амалмен бірге уақыт жүрмейді. Баланың уақытпен танысуы үлкендер 
көрсетіп, білгізген белгілерді және өлшемдерді игеруден басталады. Ал 
бұл белгілер мен өлшемдерді игеру оңай емес, өйткені олардың бәрінің 
шартты және салыстырмалы сипаты бар. «Бүгін», «ертең», «кеше», 
«енді» сияқты уақыт бөлшектерін көрсететін сөздер үнемі өзгеріп 
отырады. Алдыңғы «ертең» деген сөз, тәулік өткесін «бүгін» болып 
шығады, ал келесі күні «кеше» болады.
Сәбилік шақтағы, мектепке дейінгі кіші жастағы бала әлі уақытты 
бағдарлай алмайды. Уақыт жөніндегі ұғымдардың қалыптасуы 
кейінірек басталады және оның өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, 
уақыттың кішкентай бөлшектерін балалар өз іс-әрекеттері тұрғысынан, 
осы уақыттың ішінде нені істеп тындыруға және нәтижені алуға 
болатындығын анықтап білуге үйренеді. Мысалы, мектепке дейінгі 
ересектерге олардың уақытты қалай анықтауды үйренгендігінің 
тексерілетіндігі айтылды да сурет салу ұсынылды және суретті дәл үш 


184
минут салу керек екендігі ескертілді. Жұмыс тәрбиешінің берген белгісі 
бойынша басталды да сол белгі бойынша аяқталды. Бұдан кейін белгі 
бойынша таза парақ қағазда қайтадан сурет салу (бұрынғы суреттер 
жиналып алынған) және оны, өз шамалаулары бойынша, үш минут 
өткеннен кейін доғару ұсынылды. Тапсырманы түсінген және сурет 
салумен елігіп кетпеген балалардың көбі, жаңа ғана өздері бейнеленген 
заттардың суретін сала бастайды. Осы балаларға: «Неліктен сол 
бұрынғы суретті қайталап салдыңдар, бір салған суретті салу қызық 
емес қой?» - деп сұрақ бергенде, олар қанша уақыт берілсе, сонша 
уақыттың ішінде сурет салып бітіреміз деп жауап береді. Шынында, 
балалар үш минуттай (екі жарым минуттан үш жарым минутқа дейін) 
сурет салды. Жаңа бір нәрсенің суретін үш минут ішінде салып шығуды 
балалардан сұрағанда уақыт ауытқулары біршама жоғары (шамамен екі 
минуттан төрт минутқа дейін) болып шықты. Дегенмен балалар берілген 
уақытты анық ескерді, өрескел қателер жібермеді. Егер балаларға 
белгілі уақыт аралықтарының үлгілерін берсе, олардың оны оңай 
игеріп, пайдалана алатындығын (мейлі, тіпті онша дәл болмаса да) әлгі 
тәжірибе көрсетті. Әйткенмен тиісті үйретусіз тіпті алты-жеті жастағы 
балаларда да уақыттың шағын бөліктерінің ұзақтығы туралы ұғым 
пайда болмайды. Балалар «минут» деген сөзді естіп жүреді, бірақ оның 
қаншаға созылатындығы жөнінде түсініктен хабарсыз. Біреулер бір 
минуттың ішінде түскі ас ішуге болады деп санаса, екіншілері ойнауға, 
үшіншілері - дүкенге барып нан сатып әкелуге болады деп санайды. 
Тәулік уақыты туралы ұғымды игергенде балалар алдымен тағы да сол 
өз іс-әрекеттерін бағдар тұтады, мысалы, ертеңгісін жуынады, ертеңгі 
тамақ ішеді, күндіз ойнайды, сабақта болады, түскі тамақ ішеді, кешке 
ұйқыға жатады. Балалар жыл уақыттары туралы ұғымды табиғаттың 
маусымдық құбылыстарымен таныса келе меңгереді.
Ерекше қиындықтар «кешенің», «бүгіннің», «ертеңнің» не екендігі 
туралы ұғымдарды т. б. игерумен байланысты. Балалар ұзақ уақыт 
бойы олардың салыстырмалылығына үйрене алмайды, «кешенің» 
қалай «бүгінге» айналып кеткенін ұқпайды. Төрт жасар қыз анасына 
мынадай сұрақтар қояды: «Апа, «кейінді» «қазір» жасауға, «бүгінді» 
«кеше» жасауға бола ма?». Мектепке дейінгі балалық шақтың екінші 
жартысында бала әдетте осы уақыт белгілерін меңгеріп, оларды дұрыс 
қолдана бастайды. Мұнда ол үшін бүгінгі күн туралы ұғым есепті 
бастау нүктесі болады.
Үлкен тарихи кезеңдерге, уақыт ішіндегі оқиғалардың бірізділігіне, 
адамдар өмірінің ұзақтығына, бұйымдардың болуына т. б. келгенде 
бүкіл мектепке дейінгі шақтың ішінде бұлар, әдетте, белгісіз болып 


185
қала береді, өйткені бұл жөнінен баланың әлі лайықты өлшемі де, тірек 
етерліктей дара тәжірибесі де жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет