Бүгінгі таңда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген


Мектеп жасына дейінгі балалардың суретті қабылдауы



Pdf көрінісі
бет88/135
Дата30.09.2024
өлшемі1,4 Mb.
#146125
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   135
Байланысты:
Дүйсенова, Ж.Қ., Нығметова, Қ.Н. Балалар психологиясы

Мектеп жасына дейінгі балалардың суретті қабылдауы
Мектепке дейінгі шақта суретті қабылдау үш бағытта өтеді: 
біріншіден, болмыстың бейнесі ретіндегі суретке деген көзқарас 
өзгереді, екіншіден, суреттің болмыспен арақатынасын дұрыс белгілей 
білуі, яғни суретте не бейнеленсе соны көре білуі дами бастайды, 
ақырында, суретті талдай білуі, яғни оның мазмұнын түсінуі жетіле 
бастайды.
Дегенмен сәбилік шақтағы балалар, әсіресе мектеп жасына 
дейінгілер, таныс заттардың, адамдардың, жағдайлардың бейнелерін 
жақсы біле тұрса да олар суретке үлкендерше қарамайды. Мектепке 
дейінгі кішкентайлар үшін сурет бейнелеуден гөрі болмысты, оның 
ерекше түрін қайталау. Балалар көбіне суретте салынған адамдар, заттар 
кәдімгі солардың дәл өздеріндей қасиеттерге ие болады деп санайды. 
Тусыртын қаратып тұрған адам бейнеленген суретті балаға көрсетіп, 
оның беті қайда деп сұрағанда қағаздың екінші бетінен адамның бетін 
көрмекші болып суретті аударады, Бала лақтың суретін қасқырдың 
суретінен тасалай бастайды, бейнелердің өзгеріссіз және қозғалыссыз 
қалғандарына таң қалады. Бірде төрт жасар бала өзі танитын қыз 
баланың үйіне кірсе, қысқы көрініс және үлкен үйге беттеп бара жатқан 
адамдар бейнеленген суретті жаңа ғана қолына алған екен. Келесі 
жолы ол сол үйге тағы келді, суретке біраз қарап тұрды да былай деді 
«Неліктен мына адамдар әлі үйлеріне барып жетпеген?».
Балалар біртіндеп заттардың қандай сипаты бейнеленетінін, 
қайсылары бейнеленбейтінін біле бастайды. Өз тәжірибесі арқылы 
суретте салынған заттарды кәдімгі заттарға ұқсатып, іс-әрекет жасауға
болмайтынына көздері жете бастайды.
Мектепке дейінгі балалар көбінесе суреті салынған алманы жеу, 
көбелектің бейнесін жайлап сипау, сонаның суретіне қауіптене 
қарау сияқты ойындарды ойнай бастайды, бірақ олар мұның ойын 
екенін тамаша түсінеді, қағазға салынған алманы жеуге болмайтынын 
да жақсы біледі. Егер үлкен адам байыпты пішінмен мектеп жасына 
дейінгі балаға суреттегі доппен ойнауды, суреттегі итті қуып жіберуді 
ұсынса, онда төртке аяқ басқан баланың өзі-ақ мұны орындаудан бас 
тартып, табанды түрде мына сөздерді қайталай береді «Бұл сурет қой», 
«Салынған сурет», «Бұл шын оның өзі емес».


186
Нақтылы заттардың қасиеттерін бейнелердің қасиеттерімен 
таныстырмағанмен балалар оларды бейнелер ретінде түсінуге көше 
алмайды. Мектепке дейінгі кішкентайлар суреті салынған заттарға 
нақтылы заттардың ерекшеліктеріне ие болмаса да оларға өзіндік 
болмысы бар заттар ретінде қарайды. Үш жастағы балаларға алдыңғы 
жағында ауылдық жердің бір қатарлы үйі, ал кейініректе қаланың көп 
қатарлы үйі белгіленген перспективтік суретті көрсетіп, мына үйлердің 
қайсысы үлкен, деп сұрағанда, балалар әрдайым алдыңғы үйдің үлкен 
екендігін айтады, өйткені оның суретте алып тұрған орны үлкен. 
Үлкендермен әңгімелесу барысында олардың сұрағына жауап бере 
отырып есіне түсірген ауылдық жердегі бір қатарлы үйдің кішкене, 
қаладағы көп қатарлы үйдің үлкен екендігі жайындағы қосымша әңгіме 
де бұған септігін тигізе алмайды. Әңгімеден кейін де балалар суреттегі 
алдыңғы үйдің үлкендігін қуаттауды жалғастыра береді. Суреттегі 
заттардың арақатынасы олардың нақтылы қарым-қатынастарына 
байланыссыз өздігінен қабылданды.
Мектеп жасына дейінгі естиярлар сурет пен болмыстың 
байланысын бірқатар дәрежеде игеріп алады. Атап айтқанда, таныс
заттардың перспективалық бейнелерінің салыстырмалы шамасын 
дұрыс анықтауды, көп қатарлы үйдің, бір қатарлы үйден үлкен 
екендігін айтып береді. Бірақ, бұл тек таныс заттарға ғана қатысты. 
Бейнеленген заттардың қасиеттері мен олардың арақатынастарын 
дұрыс қабылдай білу үшін тек қана суреттің болмысқа қатынасын 
түсініп қою жеткіліксіз. Суретті сәйкестендіре салатын бейнелеу 
өнерінің нормалары мен ережелерін балалар әлі білмейді. Олар үшін 
әсіресе перспективаны меңгеру қиынға түседі. Егер суретте балаға 
бейтаныс заттар немесе формасы мен шамасы түрліше болып келетін 
заттар (оғаштау т. б.) бала бұларды бейнелердің өздерінің абсолюттік 
шамасы мен формаларына байланысты қабылдайды. Мәселен, 
олар алыстатылған шыршаны ең кішкене деп, төңкерілген тарелканы 
сопақша ыдыс деп бағалайды. Балалар суреттердің өзге ерекшеліктерін 
де бұлжытпай қабылдайды; жарықтың көлеңкесі жұққан кір, 
кейінірек орналасқан және басқалардың, тасасында қалған заттар 
олардың сынығы ретінде бағаланады.
Тек мектепке, дейінгі шақтың сонына таман балалар перспективтік 
бейнелерді дұрыс бағалай бастайды, бірақ бұл кездің өзінде де бұл 
баға көбіне үлкендерден үйренген сол бейненің ережелерін білуге 
негізделеді (не алыста болса, сол суретте кішкене сияқты, ал не жақын 
болса, сол үлкен секілді болып көрінеді), бірақ бұл перспективтік 
қатынастарды тікелей қабылдаудың нәтижесі емес. Суретте бейнеленген 


187
алыстатылған зат балаға кішкене сияқты болып көрінеді, бірақ бала 
шынында оның үлкен екенін шамалайды.
Егер
 
суреттің сюжеті балаға таныс, түсінікті болса, сурет жөнінде 
ол егжей-тегжей әңгімелеп береді, егер, түсініксіз болса, жекелеген 
фигураларды, заттарды санап шығуға кіріседі. Суретті талдап түсіндіру 
оның композициясының күрделілігіне байланысты. Мектепке дейінгі 
кішкентай көптеген фигуралар, заттар енгізілген композицияны 
қамтып, ой елегінен өткізе алмайды. Ұқсас жағдайда ол мазмұннан 
аулақтап жеке бір нәрсені «іліп алып», қиялдай бастайды. Мектепке 
дейінгі баланың алған білімдерінің, оның өмір тәжірибесінде ересек 
балалар композициясы бойынша біршама күрделі суреттерге талдау 
жасайтын, оларды жүйелі де егжей-тегжей салыстырып қарайтын, 
егер картинканың сюжеті бала білімінің, оның өмірлік тәжірибесінің 
шегінен шықпаса дұрыс түсіндірулер беретін жағдайда болады.
Сюжеттік бейнелерге талдау жасау үлкендер берген картинкалар 
бойынша әңгімелеп беру үлгілерінің балаларға суреттерді қарауға және 
түсіндіруге ықпал етуі арқылы жетіле түседі.
Мектепке дейінгі балалық шақ баланың сенсорлық дамуының 
қарқынды кезеңі болып табылады. Бұл кезде баланың заттар мен 
құбылыстардың сыртқы қасиеттері мен байланыстарын, кеңістік пен 
уақытты бағдарлауы жетіледі.
Заттармен іс-әрекетте бала барған сайын оның түсін, түрін, шамасын, 
салмағын, температурасын, беткі қасиеттерін, тағы басқаларды 
дәл бағалай бастайды. Музыканы қабылдауында бала оның әуенін 
қадағалауды, дыбыстардың қатынасын жоғарылығына қарап бөлуді, 
ырғақтылықтың түрлерін аңғаруды үйренеді. Сөзді қабылдауында 
ұқсас дыбыстардың айтылуындағы 
аса 
нәзік айырмашылықтарын есіте 
алады. Балалардың кеңістік бағыттарын, заттардың өзара орналасуын, 
оқиғалардың кезегі мен оларды бөлетін уақыт аралықтарын ажырата 
білуі едәуір жетіле түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет