Бүгінгі таңда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген


Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың ойлау, сөйлеу



Pdf көрінісі
бет93/135
Дата30.09.2024
өлшемі1,4 Mb.
#146125
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   135
Байланысты:
Дүйсенова, Ж.Қ., Нығметова, Қ.Н. Балалар психологиясы

3. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың ойлау, сөйлеу, 
ес, қиял үдерістерінің дамуы
Жоспар:
1. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың ойлау үдерісінің дамуы
2. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың сөйлеу үдері
с
інің 
дамуы
3. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың ес үдерісінің ерекшелігі
4. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың қиял үдерісінің 
дамуына сипаттама
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың ойлау үдерісінің 
дамуы
Мектепке дейінгі кезеңде қабылдау өзінің алғашқы аффективті
сипатын жоя бастайды. Қабылдау мағыналы, мақсатқа бағытталған, 
талдаулы бола бастайды. Бақылау, қарау, ізденіс сияқты ерікті әрекеттер 
бөлінеді. Сөйлеу қабылдаудың дамуына маңызды ықпал етеді. Бала әр 
түрлі объектілер және олардың арасындағы қатынастардың сапаларын, 
белгілерін, жағдайларын белсенді түрде қолдана бастайды. Құбылыстар 
мен заттардың қасиеттерін айта отырып, ол өзіне сол қасиеттерді бөліп 
алады, заттарды атап, олардың басқалардан қандай айырмашылығы 
бар екендігін бөліп, ажырата алады. 
Ойлаудың негізгі ойлау жолы – көрнекі әрекеттік ойлаудан көрнекі 
образдық және кезең соңында сөздік ойлауға ауысуы. Ойлаудың 
негізгі түрі – көрнекі образдық болып табылады, бұл Жан Пиаженің
терминологиясына сәйкес келеді. 
Мектепке дейінгі кезеңде бала образды ойлауда болады, себебі,
ол әлі үлкендердің пайымдау логикасын меңгермеген. Бала ойы Л. 
Ф. Обухованың экспериментінде қарастырылады. Ж. Пиаже біздің
балалар үшін кейбір сұрақтарды қайталайды.
Білім алу балалар ойлауын дамытудың міндетті шарты болып 
табылады. Бұл білімнің бірсыпырасын балалар тікелей үлкендерден, 
ал өзгерулерін үлкендердің жетекшілігі және бағыттауы арқылы өз 
бақылаулары мен іс-әрекетінің тәжірибесінен алады. Білім қорының 
біраз артуы әлі ойлаудың дамуын түсіндіре алмайды. Білімді игерудің 
өзі ойлаудың нәтижесі болып табылатын ойлау міндеттерін шешетін
іс екендігінде. Егер бала өз іс-әрекетінің жемісті болуына әсер еткен 
жағдайларды, үлкендер көрсеткен тәжірибелерді және өз ой үлесін 


198
ажырата білмейінше үлкеннің түсіндіруін де ұқпайды, өз тәжірибесінен 
де ешбір сабақ ала алмайды. Игерілген жаңа білім ойлаудың одан әрмен 
дамуына әсер етеді, баланың ойлау іс-әрекеттерінің жаңа міндеттерін
шешуге пайдаланылады. 
Ойлау іс-әрекеттерінің қалыптасуы мен жетілуі ойлаудың негізін 
құрайды. Бала қандай білімді игеріп, оларды қалай пайдалана 
білетіндігі оның қандай ойлау іс-әрекеттерін игергендігіне байланысты. 
Мектепке дейінгі шақта ойлау іс-әрекеттерін игеру сыртқы бағдарлау
іс-әрекеттерін игеру мен бойға дарытудың жалпы заңы бойынша
өтеді. Осы сыртқы іс-әрекеттерді бойға дарытудың қалай өтетіндігіне
байланысты бейнелер іс-әрекеттері форма, не сөз бен сан сияқты
белгілер арқылы қабылданады.
Ойлау баланың дамуына оның таным әрекетіне үзіліссіз өрістеп, 
кеңейюіне байланысты болады. Кейбір заттар мен күнделікті өмірде бір 
неше рет әрекет ете отырып, оның әр түрлі қасиеттері мен спаларын 
ерте ажыратып, сол зат туралы жалпы түсініктер пайда болады. Ал 
кейбір заттарды сирек көріп, аз әрекет ететін болса, оны тек қана бір 
жақты танып біледі. Заттар мен тікелей әрекет етіп анықтап білу нақты 
бейнелік ойлаудың дамуына әсер етеді. Баланың дүниені танып білуінің 
өзі қабылдау мен түйсіктің дамуына тікелей байланысты. 6 жастағы 
балалар үшін көрнекі амалды ойлауының маңызы зор. Баланың жасы 
өскен сайын мәселені өз бетімен ойлап, шешуі кеңейеді. Бірақ әрекеті 
икемсіз болады. Ересектер тобынан бастап, практикалық әрекет арқылы 
сөзді қабылдау жүзеге аса бастайды. Әрекетті басқа жолмен құрудың 
өзі мәселенің шешімін табуға көмектеседі. 
Мектепке дейінгі баланың мынандай ойлауының ерекшеліктері
болады. Біріншіден, 5 жастағы балада мәселені шешу күні бұрын 
ойланған сөздік формада беріледі. 
Екіншіден, соған байланысты баланың орындайтын әрекетінің 
мәні өзгереді. 
Үшіншіден, әр түрлі жағдайдың әсер етуінен ойлау үдерісінің мәні 
өзгереді. 
Төртіншіден, көрнекілік амалдық ойлау жоққа шығарылмайды, 
жоғалып та кетпейді. Ол балада жинақталып тұрған қор сияқты.
Баланың ойлауының дамуына түрлі іс-әрекет әсер етеді. Іс-әрекет 
түрлері өз тарапынан баланың сана сезімінде өзінше із қалдырады. 
Өйткені бала психикасының өзі іс-әрекетінің барысында дамып, 
қалыптасып отырады. Іс-әрекеттен тыс тіршілік болмайды, онсыз 
психика да дұрыс дамымайды. Іс-әрекеттің түрлері ойын, оқу, еңбек 
әр түрлі формадағы белгілі бір мақсат пен міндеттерге бағытталып 


199
отырады. Мысалы: баланың ойлау қабілетін дамыту үшін түрлі ережесі 
мен шарттары бар дидактикалық ойынды ұйымдастырудың маңызы 
зор. Сондықтан ата-аналар мен тәрбиешілер ойынды тиісті талаптарға 
сай ұйымдастырып, басшылық жасай білуі қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет