202
Іс-әрекетті есте сақтауды құрастыру, сурет салу, ойнау, еңбек
әрекетін орындау барысында, ертегі, әңгімелерді тыңдау негізінде
жүзеге асырып отырады.
Балада сюжетті рөлдік ойындарды ойнау арқылы ырықты есте
сақтап, қайта жаңғыртуының алғашқы белгілері көріне бастайды.
Бала есте сақтау мен қайта жаңғырту тәсілдерін үлкендерден
үйренеді. Мысалы, тапсырма беріп отырып, оны белгілі бір уақыт
аралығында қайта жаңғыртуды талап етеді немесе бір нәрсені сұрап
отырып, оқиғаның желісін баланың есіне түсіру үшін жетекші
бағыттаушы сұрақтар қояды.
Еске сақтауды үйретудің ең қарапайым тәсілі қайталату және
баланың ерікті есте сақтауын дамыту үшін көргенін естігенін өз
сөзімен әңгімелеп айтып берудің өзі материалдың баланың есінде берік
сақталуы үшін маңызы зор.
Зинаида Михаиловна Истомина 3 тен 7 жасқа дейінгілердің есінің
дамуының 3 дәрежесін анықтаған.
І дәрежесіне тән сипат: бала еске сақтау мен еске түсіру үшін
арнайы мақсат қоймайды.
ІІ дәрежесінде: балада еске сақтау ешқандай арнайы тәсілдерді
пайдаланбай-ақ жүзеге асады.
ІІІ дәрежесінде балада еске сақтап, қайта жаңғырту үшін арнайы
әдіс-тәсілдерді пайдаланып, еске сақтау мақсатты түрде жүзеге асады.
Еске сақтаудың осы 2-ші және 3-ші дәрежесіне бала 6 жасқа
келгенде жетеді.
Балада ырықты есте сақтауды қалыптастырып тәрбиелеудің
маңызды көрсеткіші тек оның есте сақтай алуы мен өз бетімен
мнемоникалық мақсат қоя білуі ғана емес, сонымен қатар дұрыс есте
сақтауын қадағалап, өзін-өзі бақылауын жүзеге асыруы үшін керек.
Өзінің есте сақтауын тексеруге тұтастай мүмкіндігінің болуы 6
жасқа келгенде едәуір артады. Осы жастағылардың басым көпшілігі
бейнелік есте сақтау сияқты сөзді еске сақтау кезінде өзін-өзі тексеруді
тиімді пайдалана біледі.
Бала 6 жасқа келгенде тек
Достарыңызбен бөлісу: