Бүгінгі таңда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген


Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың қиял үдерісінің



Pdf көрінісі
бет97/135
Дата30.09.2024
өлшемі1,4 Mb.
#146125
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   135
Байланысты:
Дүйсенова, Ж.Қ., Нығметова, Қ.Н. Балалар психологиясы

 Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың қиял үдерісінің 
дамуына сипаттама
Мектеп жасына дейінгі баланың қиялын ырықты деп айтуға 
болмайды, өйткені ол ешқандай мақсат қоюды талап етпейді. Ол балаға 
сырттан әсер ететін заттар мен құбылыстарға тікілей байланысты 
болады. Бала ойнайтын ойынын да үлкендерге еліктеп қайталайды. 
Баланың қиялы сәбилік шақтың соңында пайда бола бастайды. Ол 
сананың белгілі бір функциялармен байланысты. Белгілер функциясын 
дамытудың екі желісі бар.
Бірінші желісі заттарды басқалай бейнелеулерімен тілдік, 
математикалық және басқа белгілерді пайдалануға, ойлаудың логикалық
формаларын меңгеруге жетелейді. 
Екінші желі нақтылы бұйымдарды, оқиғаларды қиялдағылар
арқылы толықтыру мен алмастыру мүмкіндігінің пайда болуы мен 
кеңеюіне, жинақталған түсініктердің материалдарынан жаңа бейнелер
құруға жетелейді. 
Баланың қиялдауы ойын үстінде қалыптасады. Алғашқы кезде 
қиял заттарды қабылдаудан және ойын іс-әрекеттерін орындауынан 
көрінеді. Бала таяққа отырып алып атпен жортады, бұл сәтте ол – салт 
атты, ал астындағы таяқ – аты. Бірақ шауып өте шығарлықтай ештеңе 
жоқ. Кезінде, таяқпен қимыл жасамағанда өзін ойынша таяқты шын ат 
дей де алмайды. 
Бала сурет салғанда, ертегі мен тақпақты ойдан шығарғанда қиялы 
неғұрлым айқын байқалады. Балалар ойын кезіндегі сияқты мұнда да
басында тікелей қабылдаған заттарды немесе қағаз бетіндегі суреттерді 
пайдаланады. 
Баланың қиялы үлкендерге қарағанда бай деп есептелгенімен, 
шындығында үлкен адамның қиялынан бай емес, керісінше әлдеқайда 
жұпыны. Өйткені баланың өмір тәжірибесі аз, білімі таяз, сондықтан 
қиялдауға қажетті материалдары да аз. 
Мектеп жасына дейінгі бала қиялы көбінесе 
ықтиярсыз қайта 
жасау
негізінде жүзеге асады, яғни біреудің жазғаны мен сызғанына, 
поэзиялық шығармаларының, ертегі әңгімелердің негізіне сүйенеді. 


206
Сезімнің арқасында ертегілер мен тақпақтарды ойлап шығарады. Бала 
өз шығармасының қорытынды мазмұнының қандай болатынын өзі де 
білмейді.
Ықтиярлы, арнайы қиялдың дамуы да, зейін мен естің ықтиярлы 
формаларының дамуы сияқты баланың мінез-құлқының сөзбен 
реттелуінің қалыптаса бастауындағы жалпы үдерістің бір жағы болып 
табылады. Іс-әрекеттің жемісті түрлеріндегі мақсат қою мен ойды құру 
жетекшілігі сөз арқылы жүзеге асады. 
Бала қиялын дамытуда ойынның сурет салу және құрастыру 
әрекеттерінің әдеби шығармалар мен ертегі әңгімелердің де маңызы 
зор. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет