Бүгінгі таңда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген


Бақылау сұрақтары және тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет98/135
Дата30.09.2024
өлшемі1,4 Mb.
#146125
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   135
Байланысты:
Дүйсенова, Ж.Қ., Нығметова, Қ.Н. Балалар психологиясы

Бақылау сұрақтары және тапсырмалар:
1. Мектеп жасына дейінгі баланың қиялын ырықты деп айтуға бола 
ма? 
2. Ырықсыз қиял деген не?
3. Есті дамытудың жолдарын атаңыз
4. Мектеп жасына дейінгі бала қиялының ересектер қиялынан 
айырмашылығы бар ма?
5. Эмоциялық естен бейнелік есті бөліп қарауға
 
бола ма?
6. Мектеп жасына дейінгі бала есінің түрлерін жіктеңіз
7. Мектеп жасына дейінгі баланың ойлауын қалай дамытуға 
болады?
8.
 
Эгоцентрикалық сөйлеу мен контексті сөйлеуге сипаттама 
беріңіз
9. Мектеп жасына дейінгі баланың сөзі мен ересектер сөзі арасында 
айырмашылық бар ма?
10. Ситуациялық сөйлеу кімдерге тән?
1-тапсырма

«Не өзгерді?» ойынының мақсаты 
- зейін мен ес үдерісін дамыту. 
Стол үстіне ойыншықтар қойылады. Балаларға көздерін жұмғызып,
ойыншықтардың орындарын өзгертіп қояды. Не өзгергені туралы 
жауап алынады.
 «Дыбысты тыңда»
ойыны белсенді зейінді дамытуға 
бағытталып, 6-7 жасар балаларға арналады. Жүргізуші алдын-ала 
балалармен келісіп алады: күйсандықтың төменгі дыбысын шығаратын 
тілін басқанда, балалар «мәжнүн тал»; ал жоғары дыбыстар тілін 
басқанда «бәйтерек» болып тұра қалулары керек. «Мәжнүн тал» 
аяқтарының арасы сәл алшақ, иықпен деңгейлес, қолдары шынтақ 
тұсынан бүгіліп, сәл салбыраңқырап; ал басы сол жақ иығына қарай


207
қисайып тұрады. «Бәйтерек» бейнесінде аяқтарын бірге тік ұстап, 
қолдарын жоғары көтеріп, басты артына шалқайта, саусақтарының
ұшына қарап тұрулары керек. Күйсандықтан шығар дыбыс сипатын
бірден ажыратып, соған сәйкес қалыпты шатаспай ұстанулары 
- балалардың зейінділігімен қоса, әуенді есту қабілетін де жақсы 
дамытады .
«Не естіледі?» 
ойынының екі нұсқасы бар: бірі 5-6 жасарларға 
арналған; есік сыртында не болып жатқанын тыңдап
есте сақтап, сосын 
әңгімелеп берулері талап етіледі. Екінші нұсқасы 6-7 жасарларға; 
жүргізуші белгісі бойынша балалар зейіні есіктен терезеге, терезеден 
есікке аударылып, сосын әр бала не байқағандарын әңгімелеп беруі шарт. 
Ойын зейінді шоғырландыра білу іскерлігін дамытуға негізделген. 
«Төрт апат» 
ойынында 6-7 жасар балалар шеңбер құрып отырады. 
«Жер» сөзіне барлығы қолдарын төмен түсірулері тиіс, «су» сөзіне 
қолдарын алға созулары; «ауа» сөзіне қолдарын жоғар көтерулері, ал 
«от» сөзіне білек пен шынтақ буындарын айналдырулары керек. Ойын 
қызықты өтуі үшін жаңылысқандар мен жаңылыспағандарды атап 
өтіп, «жеңілді-жеңді» деп ресми бағалап отыру қажет. Түп нұсқада 
ойын шарты отырып орындалғанымен, бұл кимылдар түрегеліп тұрып 
жасалынса, маңызын жоймайды. Ойынның тағы бір тиімділігі - ол 
таңертеңгілік жаттығулар кезінде, дене тәрбиесі сабақтарында жөне 
сабақ арасындағы сергіту сәттерінде де пайдалануға болатындығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет