Бүгінгі таңда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген


Мектеп жасына дейінгі балада еріктің дамуы



Pdf көрінісі
бет103/135
Дата30.09.2024
өлшемі1,4 Mb.
#146125
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   135
Байланысты:
Дүйсенова, Ж.Қ., Нығметова, Қ.Н. Балалар психологиясы

Мектеп жасына дейінгі балада еріктің дамуы
Баланың ерік әрекеті саналы талап-тілектерінің нәтижесінде
шешімге келіп, оны орындаумен сабақтасып, дамиды. 2 жастан асқаннан 
кейін тәрбиенің және ойынның ықпалымен баланың тәжірибесі арта 
түседі, қиялдай бастайды, ойлау қабілеті көріне бастайды. Өзінің 


214
талап-тілектерін түсінуге жарап қалады. Бірақ талап-тілектері әлі 
де болса саналы бола қоймайды, тек эмоциялық сипатта ғана жүзеге 
асады. Эмоцияның ықпалы мен орындалатын әрекет қарапайым ерік 
әрекетіне жатады. Үлкендер балаға «Барып кел, алып кел, үйдің суретін 
сал» деген сияқты тапсырмалар береді. Бала үлкендердің айтқанын 
орындай жүріп, әр түрлі әрекеттерге жаттығады. Баланың еліктеген 
қылықтарының өзі қажыр мен қайраттылығын дамытады. Осылай бала 
әрекетінде эмоциялық белсенділік орын алады. Оларды эмоциялық 
сезім билеп, еркі тұрақсыз болып, іс-әрекет үстінде шешімін өзгертіп 
отырады. Алайда өзгерген мақсат күшті сезім туғызса, өз бойына лайық 
қажыр, кайрат, табандылық көрсетеді. 
Баланың еркінің дамуы ырықты қозғалыстар жасауға үйрене 
бастаудың, яғни өз қозғалысын денесін басқара алуынан басталады. 
Баланың еркі әлі де дамып жетілмеген, олар бір нәрсені саналы түрде 
ұғып істеуден гөрі сол нәрсенің олардың көңіл-күйіне әсер еткен 
әсеріне бағынып істеуі басым болады. Бұл кезде бала әрекетті ақыл-
ой таразысына салмай дұрыс-бұрыстығын ойламай істей береді, 
өйткені олар да өздерінің ісін сана-сезіміне бағындыру жеткіліксіз 
болады. Ұстамдылық қасиеті де дамымаған. Бұл кезде балалар да 
айтқанды ұғып, оған сенушілігі күшті болады. Ал жасы есейген сайын 
айтқанға сену кеміп отырады және айтқанды ұғып, оған сенушілікке 
байланысты бала еліктеуге де өте бейім болады. Ойнаған ойынында да 
кейіпкерлерге еліктейді. Ертедегі кейіпкерлерге ұқсап солардай болуға 
қатты асығады. Балалар еліктеуге құмар болғандықтан, өзінің жақын 
адамдарына тәрбиеші апайларға ұқсауға тырысады. Кім не айтса соның 
дұрыс бұрыстығын талғамай, тез орындауға әзір тұрады. 
Бала өзін-өзі басқара алмайтындықтан үлкендер дұрыс жолға 
салып, бағыт беріп отыру қажет. Баланың ерік әрекетін тәрбиелеу жас 
кезеңнен басталды. Тілі шығып жүре бастағаннан кейін әр нәрсені өзі 
орындауға тырысады. 
Мектепке дейінгі кезеңде рөлдік, қимылды, спорттық, құрылыс 
құрастыру ойындары арқылы баланың ерік-сапаларын қалыптастыруға 
болады. Ұжымдық өмір - ұжымдық еңбек ерік әрекетін дамытуға 
итермелейтін себепші құрал болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет