Бүгінгі таңда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген


Мектеп жасына дейінгі бала психикасының дамуына мектеп



Pdf көрінісі
бет111/135
Дата30.09.2024
өлшемі1,4 Mb.
#146125
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   135
Байланысты:
Дүйсенова, Ж.Қ., Нығметова, Қ.Н. Балалар психологиясы

Мектеп жасына дейінгі бала психикасының дамуына мектеп 
алды дағдарысының психологиялық ықпалы.
Мектепке оқуға қабылданар баланы мектептік болмысқа 
ендіру, толыққанды оқу әрекетін қалыптастыру - өтпелі кезеңге тән 
психикалық дамудың барлық жиынтықтарымен тығыз байланысты.
Жас дағдарыстарына «Психологиялық сөздікте» мынадай анықтама 
беріледі: «бір жас кезеңінен екінші жас кезеңіне өтудің шартты атауы. 
Ал егер осы ауысулар міндетті, әрі заңдылық болса, теріс қылықтар 


234
- баланың өмір сүру жағдайының өзгеруіне байланысты туындайтын 
қиындықтардың нәтижесі».
Психикалық даму дағдарысы осы уақытқа дейін баланың 
ересектермен қарым-қатынасы кезіндегі қиындықтар мен мініз-
құлық ауытқуларының теріс қылықтарын сипаттайтын ұғым ретінде 
қарастырылып келді. 7 жас дағдарысы алғашқылардың бірі болып 
баяндалды, ал одан соң зерттеушілер назары 3 жас пен 11-12 жас 
дағдарыстарына ауды. Бірақ олардың өздері де психологиялық 
жағынан гөрі педагогикалық жағынан қарастырылды. Мәселен «теріс 
қылықтардың көрінісін жұмсартатындай етіп, тәрбиені қалай құруға 
болады?» деген сұрақтар іздестірілді. Ал психикалық дамудың дағдарыс 
рөлі қаншалықты екендігі аса көп зерттелінбеді.
Психикалық даму дағдарысын педагогика ғылымы тұрғысынан 
қарастыру бихевиористік бағыттағы балалар психологиясына да тән: 
«тәрбиенің жетімсіздігі салдарынан туындаған психикалық даму 
барысындағы ауытқулар», - деп тұжырымдады олар. Бұған қарсы, 
КСРО кеңістігіне Л.С.Выготскийден бастап, дағдарысты дамудың 
ішкі аса қажет кезеңі, сапалық секіріс ретінде қарастырды. Дағдарыс 
нәтижесінде бала психикасы жаңа деңгейге көтеріледі. Ал бала 
мінезіндегі оғаш қылықтар бұдан ары қарайғы даму үшін тежегіш 
ретінде көрінетін баланың үлкендермен қарым-қатынасының бұрынғы 
жүйесінің күйреуі: оң, жағымды жаңа құрылымдардың «келесі беті». 
Баланың психикалық дамуы диалектикалық үрдіс. Ол біркелкі, 
тегісөтпейді, ішкі қақтығыстардың пайда болуы мен шешілуі арқасында 
қауырт, қайшылықты түрде жүреді.
Л.С.Выгодскийдің пайымдауынша, психикалық дамудың жалпы 
заңдарын түсіну кілтін өтпелі кезеңдерді, яғни даму дағдарыстарын 
зерттеу береді. Даму дағдарысын зерттеу туралы Л.С.Выгодскийдің
тезистері бұдан жарты ғасыр бұрынғы өзектілігін жойған жоқ. 
Психикалық даму туралы белгілі бір жас кезеңіне сипаттама 
бсрілгенде, барлық зерттеушілер Л.С.Выготскийдің «дағдарыс» 
теориясына сүйенеді, содан мысалдар келтіреді. Ал, осы мәселесіне 
жаңаша қарау, оны дамудың қазіргі кезеңіне сәйкес жаңа қырынан ашу, 
немесе Л.С.Выготский теориясына терең талдау жасаған зерттеулер 
байқалмайды.
А.Н.Леонтьев бойынша, жаңа әрекеттің қалыптасуы жаңа
мотивтердің пайда болуымен байланысты, яғни мотивтің мақсатқа 
бағытталуымен сипатталады; іс-қимыл мазмұны біртіндеп байи түседі 
де, іс-әрекет шеңберіне көшеді. Дағдарыс бір кезеңнен екінші кезеңге 
өтудегі, жетекші әрекеттің бір түрінен екінші түріне ауысардағы 


235
дамудың аса қажетті белгісі емес; егер баланың психикалық дамуы
тәрбие арқылы меңгермелі сипатта болатын болса дағдарыстың өтпеуі 
де мүмкін.
Мәселе Л.С.Выготский үшін «дағдарыс» пен «ету», «ауысу», 
«көшу» сөзінде синоним болып табылады; ал А.Н.Леонтьев үшін 
«дағдарыс» - «сәтсіз»( көшу (өту)». Мысал ретінде, А.Н.Леонтьев, 
іштей мектепке дайын баланың бақша жағдайында қалуын келтіреді. 
Мұндай баланың тәрбиесі қиындайды, ол өзіне ермек тауып алады, ал 
онысы көп рет келеңсіз көрініске айналып жатады.
1950-70 жылдары үстемдік құрған дағдарыс кезеңдерінің 
психологиялық мазмұнын Л.И.Леонтьев эксперимент арқылы 
дәлелдеуге талпынды. Ол дағдарысты қалыпты даму жағдайы деп емес, 
ауытқу деп сипаттады. Сауатты, мақсатты түрде ұйымдастырылған 
тәрбие барысында дамудағы дағдарысты болдырмауға болады деген 
тұжырым жасады. Сөйтіп, бір жас кезеңінен екінші жас кезеңіне өту 
мазмұны психология ғылымдар кеңістігінен педагогика ғылымдарының 
аймағына қарай жылжыта бастады. 
Дағдарыс - психологиялық ақиқат құбылыс ретінде емес, бұрыс 
тәрбие нәтижесі ретінде қарастырылатын болды.
Бұл көзқарасқа қарсы, Д.Б.Эльконин зерттеуінде, дағдарыс 
жүйеден екінші жүйеге ауысу ретінде сипатталды. Дамудың сатысьшда 
адам іс-әрекетінің белгілі бір жағы қарқынды түрде өседі, (соған сәйкес 
қабілеті де артады), ал екінші жағы біртіндеп қала бастайды. Осы 
қалу (кешігу) белгілі бір шекке жеткенде, жетекші әрекеттің өзгерісі 
басталады, нәтижесінде, даму дағдарысқа ұшырайды. Д.Б.Эльконин 
дағдарыс жастары психологиясымен байланысты арнайы сұрақтардың 
жасалу қажеттілігін атап көрсетті. 
Бірақ дағдарыс кезеңінің өту тетігін ашқан жоқ. Л.С.Выготскийдің 
7 жас дағдарысы туралы зерттеуін талдай отырып, Д.Б.Эльконин 
дербестікке ұмтылу - бала мен ересек арасындағы жаңа қатынастар 
жүйесінің қажетті алғышарты деп болжады.
Сонымен, баланың психикалық дамуындағы дағдарыс ролі
 
туралы теорияларды талдау барысында екі көзқарас ажыратылады:
1) Дағдарыс кезеңі дамудың аса қажетті сәті ретінде жаңа 
кұрылымдардың пайда болуын негіздейді. Бұл бағытты 
ұстанушылар Л.С.Выготский мен Д.Б.Эльконин.
2) Жаңа сапалық өзгерістер жетекші әрекеттің ауысуымен және 
жаңа қатынастар жүйесіне көшумен сипатталады. Мұндай басымдылық 
танытатыны - дамудың психологиялық тетіктері емес, сыртқы, 
әлеуметтік жағдайлар. Бұл Л.Н.Леонтьев, Л.И.Божович және т.б. тән 
көзқарас.


236
Мектепке психологиялық даярлық өлшемі - даму дағдарысы болып 
табылады.
Дағдарыс - дамудың бір кезеңінен екінші кезеңіне өтуде міндетті 
түрде ескі жүйенің (қатынастардың, байланыстың, қимыл-әрекеттің) 
қирауын, жеңілуін талап ететін сәт. Сонда баланың өзін қоршаған 
болмыспен бұрынғы байланысы шынымен-ақ талқандалуы керек
пе? Жаңа, міндетті түрде, бұрынғымен қатар емес, соның орнына 
келуі керек пе? Бұл Л.С.Выготский мен Д.Е.Эльконин тұжырымдарын 
Д.Б.Элькониннің ұлы Б.Д.Эльконин жалғастырды. Баланың
мектептегі оқуға психологиялық даярлығын анықтаудағы
алғашқы шарты — дағдарыс болуы қажет. Осы тұжырымды
ұсыну барысында анықталған жайт «дағдарыс» ұғымына берілген
анықтамалардың осы құбылыстың мазмұнын толық ашпайтындығы. 
Мысалдар келтірейік: «бала психикалық бейненің қандай да бір негізгі 
белгілерін ұзақ уақыт бойы сақтаған дамудың біршама баяу, бірте-бірте 
өзгеретін кезеңдері және сол психикалық белгілердің құрып бітуімен, 
сондай-ақ жаңа белгілер пайда болуымен байланысты, кейде баланы 
неғұрлым тез, секірмелі түрде адам танымастай өзгертіп жіберетін 
өзгерістер кезеңі даму дағдарысы деп аталады. (Л.С.Выготский); 
«дағдарыс дегеніміз бала дамуының бір кезеңінен екінші кезеңіне өту 
құбылысы; дағдарыс екі жастың түйіскен жерінен туындап, дамудың 
бір кезеңінің аяқталып, екіншісінің басталуымен сипатталады; 
дағдарыс кезеңінің негізгі мағынасы жеке бастың түбірімен өзгеруімен 
анықталады» (Л.М.Фридман) «жас дағдарыстары бір жас кезеңінен 
екіпші жас кезеңіне өтудің шартты атауы ...» (психологиялық сөздік). 
Берілген анықтамалардың барлығында бір жас кезеңінен екіншісіне 
өтудің дағдарыс деп аталатындығы, оның жаңа кұрылымдардың пайда 
болуымен сипатталатындығы, әрі дамудағы секірмелі құбылыс екендігі 
баяндалады. Бұл анықтамаларда:
1) осы психикалық өзгерістің неліктен дағдарыс деп аталғандығы 
ашылмайды;
2) дағдарыс кезінде байқалар теріс қылықтардың табиғаты 
көрсетілмейді.
Мектепке даярлаудың психологиялық мәселелерін қарастырғанда 
баланың мектеп жасына дейінгі кезеңнің соңындағы дағдарыстан 
өткен-өтпегендігі анықталуы керек. Дағдарыс диагностикасы түрлі 
әдістемелер мен бақылау, сауалнама әдістерін пайдалану арқылы 
жүзеге асырылады, дарыстың өтуін жеделдету үшін қалыптастыру 
сынақтарын жүргізуге болмайды. Мұндай тәжірибенің ғұмыры қысқа 
болатынын 1984-жылғы білім беруді реформалау ісіндегі 6 жастан 


237
1-сыныпқа қабылдау эксперименті дәлелдеп берді. Ендеше, мектепке 
дейінгі шақтың соңында көрінетін, психологияда «7 жас дағдарысы» 
деген атауға ие болған мектептегі оқуға психологиялық даярлықтың 
алғышартын құрайтын ағзаның сапалық өзгерісі сипатына тоқталайық. 
Даму дағдарысы белгілі бір жас сатылары арасындағы секірмелі
өзгерісі. Мінез-құлық, ішкі қайшылықтармен қоса кең әуелі адамның 
сырт пішіні кенеттен айтулы өзгерістерге ұшырайды. Мектеп жасына 
дейінгі кезеңнің алдында баланың бойы қарқынды түрде ұзарып, 
қозғалыс мәнері бұзылады. Оның себебі - дене бітімінің үйреншікті 
қалпынан күрт өзгеріп, өсуі салдарынан кеңістік пен тұлғаның ара 
қатынасының уақытша өзгерісі, бойын еркін игере алмауы. Баланың 
сүт тістері түсіп, тұрақты тістері шыға бастайды.
Бұл үдеріс - тісеу деп аталады.
Әйткенмен де өзгерістер баланың сырт келбетінде ғана емес, мінез-
құлқында да да айқын байқалады. Бала ешбір себепсіз, жасандылыққа 
бой ұрып оғаш қылықтар көрсете бастайды: дауысын «шырылдатып», 
жүрісін өзгертіп, орынсыз жерде қай-қайдағыны айтады. Бұның 
бәрі үлкендер тарапынан таңқалыс тудырып, бала мінез-құлқының
«біртүрлілігіне» секеммен қарауға итермелейді. Бала бойындағы осы 
оғаштықтар белгілі психолог Л.С.Выготский былай анықтаған «Бала 
аңқаулығының жойылуының» нақ өзі. Ал, бұл баланың психикалық 
өмірінің өзгеруіне байланысты туындайтын жағдай.
Л.С.Выготскийдің пайымдауынша, баланың сыртқы мінез-
құлқынан үлкендер оның не ойлап тұрғанын, сезімін, көңіл-күйін 
біле қояды. Ал, бала аңқаулығы жойыларда оның көңіл-күйіне, мінез-
құлқының арасына ақыл-ой ене бастайды. Нәтижесінде, бала өзіне жаңа 
бейне жасап, жоқ нәрсені бар етіп көрсетуге құмар болады. Осы кезеңде 
баланың айналасындағылармен қарым-қатынасында қиындықтар 
туындайды. Бұрындары тіл алғыш, тәртіпті бала енді ересектердің 
нұсқауын естімегенсіп, қиқарлық танытып, күнделікті орындалар 
мәдени-гигиеналық дағдылардан бас тартып, сонымен бірге өз мінез-
құлқын ақтап, дәлелдей бастайды. Өзінің сырт келбетіне ерекше мән 
Мекгепалды дағдарысының психологиялық мазмұны.
Жеті жас дағдарысы балалар психологиясы мен педагогикалық 
психологияда шартты түрде белгіленген жас мөлшері Л.С.Выготский 
«Жас мәселесі» еңбегінде (1984. 4-т.) өткен ғасырдың басында-ақ 
ғалымдардың 7 жастағы балалардың мінез-құлқында түсіндіруге 
келмейтін теріс қылықтардың көрінетінін байқағанын, оның баланың 
психикалық дамуындағы заңды, іспеттес, «7 жастағы дағдарыс» деген 
атау алғанын баяндай отырып, дағдарыстың дамудағы өтпелі кезең 


238
екендігін, оның нақты, айтарлықтай шекарасы жоқтығын, шартты 
түрде белгіленетіндігін жазды.
Белгілі балалар психологы, атақты теоретик Д.Б.Эльконин,
Л.С.Выготский тұжырымына сүйене отырып, балаларды мектепке 
қабылдау ісін 6 жастан жүргізу әрекеті жаппай сипат ала бастаған тұста 
«7 жастағы дағдарыс» мәселесіне шүбәлана қарайды: «7 дағдарысы сол 
күйінде қала ма, әлде 6 жас дағдарысына ауыса ма?». Д.Б.Элькониннің 
бұл күдігі, әрине, мектепке қабылдау жасының өзгеруіне байланысты 
туындайды. Әйтсе де, 7 жас дағдарысы белгіленген уақыт пен бүгінгі 
кезең арасындағы уақыт алшақтығын баса көрсете отырып, замана 
өзгерісін, биологиялық түр, психикалық даму өзгерістері нәтижесінде, 
әсіресе акселерацияның арқасында, мектеп жасына дейінгі кезеңнің 
соңындағы дағдарыс 6 жасқа ауысқан болар деп тұжырымдайды да, 6-7 
жас аралығын меңзейді. Белгілі ғалым мұндай қорытындыны құрғақ 
теория арқылы жасамаған, әрине. Зерттеу жұмысын ізбасарлары мен 
шәкірттерінің (Т.А.Нежнова, М.Р.Гинзб; Е.З.Басина, Е.В.Филиппова, 
Е.А.Бугрименко, Л.В.Берци К.Н.Поливанова) көмегімен жүргізілген 
эксперименттік-зерттеу 
нәтижесін 
қорытындылау 
арқылы 
тұжырымдайды.
Д.Б.Эльконин тұжырымы мен Л.С.Выготскийдің дағдарыс кезеңінің 
айқын шекарасы жоқтығы туралы ескертуіне, әрі даму, даралық 
ерекшеліктер факторына сүйенер болсақ, мектеп жасына 
дейінгі кезеңнің аяғындағы дағдарыстың организмнің биологиялық 
ерекшеліктеріне байланысты әр балада түрлі жаста көруге болады.
Сондықтан қазақ психологиялық терминологиясына осы дағдарыс 
атауы «мектеп дағдарысы» деген атпен енгізілген.
Зерттеушілердің пікірінше мектепалды дағдарысындағы басты 
жаңа құрылым - ырықтылықтың дамуы. Ырықтылық - мектепке 
дейінгі кезеңнеи оқушылық өмірге көшудегі мектепке психологиялық 
даярлықтың негізі болып табылады. Ырықтылық өз алдына 
психологиялық мақсат қойып, оны орындау болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет