Бүгінгі таңда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген


Мектеп жасына дейінгі баланы мектепке даярлаудың



Pdf көрінісі
бет112/135
Дата30.09.2024
өлшемі1,4 Mb.
#146125
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   135
Байланысты:
Дүйсенова, Ж.Қ., Нығметова, Қ.Н. Балалар психологиясы

Мектеп жасына дейінгі баланы мектепке даярлаудың 
бағыттар мен оқуға бейімдеу жолдары
Балалардың мектептегі оқуға дайындығын қалыптастыруда 
жүргізілген іс-әрекет, тек түзету жұмыстары арқылы ғана үлкен орын 
алмай сонымен қатар, басқа да танымдық әдістерінің дамуы арқылы, 
мысалы, зейіннің қасиеттерінде, ес пен қабылдауда, сөйлеу мен ойлауда 
және т.б. процестерінде үлкен орын алуы тиіс. Балалардың мектептегі 


239
оқуға дайындығын қалыптастыру сабақтардың, білімнің тиімділігін 
олардың дамуы деңгейі мен зейінінің жоғары дамығанына әсіресе 
ырықты зейінінің ролі ерекше жоғары болады. Балалардың санасын 
бақылау үшін, оқу әрекетіндегі зейінінің анықтау обьектісіне туралау, 
есте сақтау, ойлау мен сөйлеуде алдарына мақсат қойылады. Зейін – 
барлық психикалық таным процестерімен байланысты және соның 
көмегімен анықталады. Бірақ, өте тығыз байланыс ырықты зейінмен 
ес процесінің арасында оқуға даярлығын қалыптастырудың алғашқы 
кезеңінде көрінеді. Мұғалім бала алдында тек зейінін дамыту туралы 
ғана емес, сонымен қатар, оқыту материалдарын есте сақтау қажет деген 
мақсат қояды. Мектепке дейінгі кезеңнің соңында балаларда ырықты 
зейін басымырақ қалыптасады және сөздік қоры дами бастайды, бұл 
құбылыстар әдістердің жиынтығы мен нақты қимылдар арқылы іске 
асады. Ол мектеп жасына дейінгі ересек балалардың ырықты зейіні 
мен ырықты ес процесінің әрі қарай дамуына көмектеседі, оған себеп 
әрекеттер – ойындар болады. Ойын кезінде балалар көп нәрсені есінде 
қалдырады және бір нәрсені көздеуі нақты болады. Ал, жасанды 
жағдайларда, ойнау әрекеттері арқылы, олардың ырықты зейіні мен 
ырықты ес процесі тежеліп қалады. Әдістер арқылы ырықты зейін мен 
бала есінің дамуы жақсы жүреді. Мұндағы саналы мақсат – баланың 
ойын арқылы зейінін нақтылап, есте қалдыру, еске түсіру оңай және ерте 
орындалады. Ойын барысында көрсетілген көріністер мен әрекеттердің 
мазмұнын да нақтылау керек. Балаларда жүргізілетін ойындар 
шартына немқұрайылықпен қарап, ойынға араласуы әлсіз болса, онда 
құрбыларына кері әсерін тигізеді, сондықтан ойын алаңына кетуі қажет. 
Бұл жағдай, балалардың қарым-қатынас қажеттілігі мен эмоционалды 
кеңею мақсатының бағытына және есте қалдыруға итермелейді.
Балаларды мектептегі оқуға даярлауда, сөйлеу процесінің дамуы, 
балалардың мектептегі оқу жағдайын жақсартатын бірден-бір әсер 
болып табылады, өйткені сөз – ол мұғаліммен сөйлесу, сол арқылы 
білімді игеру және психикалық процестердің дамуы мен жетілуі болып 
табылады. 
Психологиялық қасиеттердің негізін анықтаған Л.С 
Рубинштейн баланы мектептегі оқуға қалыптастыру, тұтас қасиеттердің 
даму деңгейі болатынын және оқу әрекетіне қалыптасуы,
күрделі структураға, икемділігіне немесе жеке адамдық сананың
даму қорына кіретінін айтты. Белгілі шарттар бойынша сана 
дамуының негізгі белгілері жайлы С.Л.Рубинштейн, біріншіден, жеке 
қасиет ретіндегі белгілерді анықтап, тұтас икемділіктерді үйренуге 
қалыптасуындағы темпті бөлді және үйренудің оңайлығы, қозғалудың 


240
жылдамдығы және тасымалдаудың кеңдігін анықтады. Н.А.Менчинская 
«дамыту» ұғымының мағынасын ашып, « бұл ұғым бойынша білімді 
қалыптастыру және оқу әрекетінің түрлерін дамытып, кабылдауды 
көрсетті». Балаларды мектептегі оқуға дайындау, авторлардың айтуынша 
- адамның жеке тұлға ретінде дамуының көрсеткіші. Мектепке дейінгі 
жастағы балаларды мектепке дайындаудағы оқу деңгейінің дамуы мен 
қалыптасуының әдейілеп қарастырылмағанына байланысты, біздің 
жұмысымыздағы, балаларды мекептегі оқуға дайындау деңгейінің 
бағытына әсер етеді. Біздің анықтауымыз бойынша, мектепке дейінгі 
жастағы балалардың функционалды дайындығының деңгейі жеткіліксіз 
болғандықтан, көрсеткіштегі белгілер бойынша көру аппаратының 
қалынтаспауы мен төменгі интеллектуалды дайындықтың оқуға
ешқандай негізсіз әсер ететіндіктен, білімді меңгергенде қабылдаудың 
төмендігінен, балалардың танымдық әрекеті мен психологиялық 
процестерімен, зейін, қабылдау, ойлау, ес, қиял және т.б. байланысты.
Адамның көру жүйесі - көбінесе жоғары ұйымдасқан сенсорлық 
жүйемен, қоршаған дүниені активті танудан, белгілі қабылдау процесін 
хабарлауы мен оны миымен көруді меңгеруі үлкен рол атқарады. 
Заттарды көру, формаларды және түстерді ажырату, мектепке 
баратын балаларда болады және осы жаста оның құрылысы 
қалыптасады. Балалар мектептегі оқуға дайындығын дамытуға және 
қалыптастыруға, қандай қарым-қатынаста болатындығын анықтау үшін, 
салыстыра талдау жүргіздік. «Балалардың мекептегі оқуға даярлығын 
дамыту және бірінші сынып оқушыларын оқуды қабылдау деңгейін», 
ал, екінші жағынан - көру аппаратының қалыптасуы, моторикалық 
дамуы және вербальды ойлауы, баланың оқуға деген жеке компоненті 
және т.б. және вербальды ойлауда, оқуды қабылдау «мектепте ер жету» 
деңгейіне әсер етеді.
Осы жастағы балалармен жұмыс барысында баланың қиялын 
оятатын шығармашылық тапсырмаларыға көңіл аудару керек.
Психалогиялық ахуалына келетін болсақ, бұл жаста балада бір 
шама білім қоры болады және ол күннен күнге толып отырады.
Бала өзінің тәжірибісімен құрдастарымен бөліседі, соның 
арқасында қарым-қатынасында танымдық мативтері қалыптасады. 
Бала өз алдындағы қиындықтарды шамасы келгенше өзі шешіп, өз 
мативтерін ересектердің мативтеріне бағындыра бастайды (үлкендер 
дем алып жатқанда шулы ойыннан бас тарта алады) оқуға және 
есепке қызығушылығы туындайды. Мақсатты түрде есте сақтап қала 
алады. Каммуникативтік дамуымен қатар жоспарлы сөйлеуге, яғни 
бала өз әрекетін жүйелі және логикалық тұрғыдан дұрыс құрастыруға 


241
тырысады. Осы жаста адами эмоцияның барлығын ажырата отырып, 
оның өз бойында да интелектуалдық, адамгершілік және эстетикалық 
сезімдерінің қалыптасуына жол береді.
Баланың интелектуалдық сезіміне мыналар жатады: білімпаздық, 
бәрін білуге құштарлық, қалжыңды көтере білу, немесе көңілділік, 
таңғалғыштық.
Эстетикалық сезіміне: сұлулықты сезе білу, ержүректілік сезімі.
Адамгершілік сезіміне: табандылық сезімі, ар-ождан сезімі, достық 
сезімі. Осы жаста балаларда өтірік айту, яғни өз іс-әрекетін ақтау үшін 
мақсатты түрде шындықты бұрмалау пайда бола бастайды. Мұндай 
қасиеттің дамуы бала мен ата-ананың шектен тыс қатал болуы баланың 
өзіне деген сенімін жояды да, бала ересек адамның алдында беделін 
жоғалтып алмас үшін өз әрекетіндегі келеңсіз жағдайларды және өзінің 
әрекетін басқа біреулерге аудара салуға дайын тұрады. Міне осы кезде 
адамгершілік нормаларды үйрету ата-анаға жүктеледі.
6-7 жастағы балалар ойын барысында келісімшарт құрып, 
бір-бірінің көзқарасымен санасып, өз эмоциясының жәй-күйлерін 
ұстамдылықпен игере отырып ойнауға үйренеді. Берілген тапсырманы 
сапалы орындайды, егер қате кеткен болса, тез арада жөндеуге 
тырысады. Бала әр-түрлі танымдық әдебиеттермен танысады, оларды 
өз бетінше қолдануға тырысды. 6-7 жастағы көрнекі бейнелі ойлауы 
дамып, оған абстрактілі ойлау элементері кіреді. Сонда да көп нәрсенін 
ішінен бір затты бөліп алу кезінде, әсіресе, қиындықтар да байқалып 
тұрады.
Қиял белгілі бір затқа тәуелді болып қалмай, ішкі әрекетке айналып 
ол өз қиялын сөздік шығармашылықта көрсете бастайды.Мысалы: 
санамақтар, мазақтамалар, өлеңдер және сурет салу, мүсіндеу 
кездерінде. Міне осы жас ерекшеліктерін ескере отырып, баланы 
мектепке дайындаудағы негізгі қағидаларды жасауға болады. Баланың 
мектепке дайындау кезінде ең алдымен баланың мектепке деген 
қызығушылығын туғызып, содан кейін ғана дамытушылық жұмыстар 
жүргізу керек. Негізгі жұмыстар:
1. Баланың қажеттеліктерінен туындайтын психикалық үрдістерді 
жаңарту; 
2. Балаға субъективті қарым-қатынас жасау;
3. Баланың жақын ардағы даму аймағын ескере отырып жеке 
қарым-қатынас жасау;
4. Баланың қызығушылығын тудыратын, оларды жандантыратындай 
сабақтарының көпшілігін ойын түрде жүргізу;


242
5. Балалармен қарым-қатынас достық түрде мейрімділік тұрғыда 
жүргізіліп, жанға ауыр сөздерді баланың іс-әрекетіне қолданбау; 
6. Баланың немесе бүкіл топтың жұмысына эмоциялық жағымды 
баға беріп отыру, әрбір жеңіс балаға қабілетін дамыту тек ғана сандық, 
1,2,3,4, 5 баға бермей, істелген жұмысының жақсы және жаман 
жақтарына талдау. Ең алдымен ересек адам балаларға жұмысты талдау 
жасауды өзі көрсетеді. Ол әр жұмысты мейлінше, мейрімділікпен 
әңгімелей отырып, қателіктерін баланың жанына ауыр тигізбей 
жеткізуге үйретеді. Мұндай талдау бала мен тәрбиешінің арасындағы 
қарым-қатынастың сақталуына және баланың өзін-өзі ұстай білуіне 
көмегін тигізеді. 
Бірінші кезекте тәрбиеші мұғалім немесе психолог балаларды өзінің 
эмоциясымен қызықтыруы керек. Эмоционалды тұрғыдан берілген 
сабақ баланың бүкіл берілген мағлұматты үлкеннен тез қабылдап, оны 
есіне сақтап қалуына көп әсерін тигізеді. Сондықтан да сабақтар да,
қойылымдар да қолдану, әуенді пайдалану, сурет салғызу баланың жан-
жақты ашылуына көп көмегін тигізеді. Топтарда баланың саны жұп
болуы шарт. Өйткені көбінесе сабақ командалық жарыстар түрінде 
өтеді. Сонымен қатар егер бұл топтардағы балалардың психалогиялық 
ауытқулары болса немесе тіл кемістігі бар балалар болса, топ 6-8 
адамнан тұратындай болуы қажет. Сабақ арасында 10 минуттық 
демалыстар немесе сергіту сәттері, ойындар міндетті түрде керек. Осы 
кезде ең қиыны - баланың танымдылық қабілетін арттыру. Егер ондай 
қабілеттері болмаған күнде оқуға деген қызығушылығын туғызу қиын 
болады.
Танымдық қызығушылықты біз жанып тұрған «алаумен»
теңеуімізге болады. Ол жанып тұру үшін жаңа білімдері мен дағдыларды 
отын ретінде беріп отырмасақ, «алау» бықсып немесе сөніп қалуы 
мүмкін. Бұл көбінесе дамуында ауытқуы бар және тіл мүкістігі 
бар балаларға қатыстысты. Өйткені олардың көбінде медициналық 
жағынан ауытқулар болады. Бұл танымдылық қабілеттері мүлдем 
дамымай қалады деген сөз емес, шала қалады деген сөз. Міне осы 
кезде бізге тағы да ойын көмекке келеді. Бала ойын барысында жеңіске 
жетуге тырысады да берілген тапсырманы тиянақты орындап шығады. 
Әрекет әр-түрлі болғандықтан, қиын кездерде бала жеңістен де бас 
тартатын кездері болады. Сол кезде көмекке үлкен адам келуі қажет. 
Көмек арқылы жеңістің дәмін сезіп, екінші қайтара жеңілмеуге бел 
буады. 


243
Қорыта келгенде, мақсатты психологиялық тұрғыдан баланы 
мектепке дайындау, мектеп бағдарламасын орындауда баланың күш-
жігері толықтай жететіндігін айғақтайды. Осындай педогогикалық-
психологиялық демеу көрсетудің нәтижесінде бала бойында мектепке 
бейімделу тез өтіп, нашар оқушылардың саны азайып, оқуға деген 
қызықушылықтары жоғары деңгейге көтеріледі.
2-кесте.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет