ҚЫСҚАША ПСИхоЛоГИяЛЫҚ СөЗДІК Анкета – зерттеудің негізгі міндеттері логикалық түрде
байланыстыру сұрақтар жүйесінен тұратын алғашқы әлеуметтік
психологиялық мәліметтерді алудың психологиялық құралы.
Агрессивтілік – әрекеттер моральдық және құқықтық сипаттармен
түсіндірілмейтін ешқандай объективті себептерсіз туындайтын
өшпенділік, көбінесе өзін қорғау немесе басқа адамды қорғауда
көрінетін сипат.
Агрессия – (латынша aggressio – қазақша шабуыл жасау) қандайда
бір мақсатқа жетудің құралы ретінде көрініс береді, басқалардың
шабуылынан қорғану мақсатымен сипатталады.
Адаптация – ағзаның, сезім мүшелерінің ішкі және сыртқы
тітіркендіргіштерге, орта жағдайына біртіндеп бейімделуі.
Әңгімелесу – оқытудың аса күрделі әдісі, оны табысты өткізу үшін
өте мұқият дайындық қажет және әңгімеге қойылатын барлық негізгі
талаптарды ескеру қажет.
Әрекет – түрлі қажеттілікті өтеуге байланысты белгілі бір мақсатқа
жетуге бағытталған процесс.
Әдет – әрекет жасауды қажетсіну.
Әсерлеу (импритинг) – нақты үлгінің қысқа мерзімдік әсерінің
нәтижесінде тікелей, сана тарапынан қадағалаусыз мінез-құлық
тәсілдерін, талаптарын, қандай да бір нормаларын игеру.
Биографиялық әдістер – адамның өмір жолының фактілерін,
күндері мен оқиғаларын, құжаттарды, куәліктерді және т.б. талдау
Вундт Вильгельм – (1832-1920) неміс психологі, физиолог және
философ. Экспериментальды психологияның негізін салушылардың
бірі. 1879 жылы Лейпцигте тұңғыш психология лабароториясын
зерттеумен айналысқан еңбектері: «Физиологиялық психологияның
негіздері» (1880), «Халықтар психологиясы» 10 том.(1990-1920).
Генетикалық әдіс – генетика шығу тегі «төркін» деген ұғымды
білдіреді. Бұл психикалық құбылыстар мен процестердің шығуы мен
пайда болуын және дамуын зерттейді. Қазірігі кезде психологияда кең
түрде қолданылады.
Госпитализм – (ағалшынша Hospital -аурухана)- психикалық және
физикалық мешеулік синдромы. Туылғанан бастап алғашқы жылдары
баланың жақын ересек адамдармен қарым-қатынасының жетіспеуінен,
көбінесе баланың балалар мекемесіне (балалар үйіне ауруханаға
және т.б) орналастыру салдарынан пайда болады. Балада қозғалыстар
271
дамуының кешеуілдеуі, әсіресе кеш жүруінен, тілінің кеш шығуынан,
эмоциялық қарым-қатынастың жетіспеуінен және мешел болуынан
көрінеді.
Дағды – сансыз қайталау нәтижесінде ол автоматтандырылған
әрекетке айналып, оңай, шапшаң әрі дәл орындалып отырады.
Дағдының физиологиялық негізі – динамикалық стереотип.