Бүгінгі таңда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген



Pdf көрінісі
бет42/135
Дата30.09.2024
өлшемі1,4 Mb.
#146125
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   135
Байланысты:
Дүйсенова, Ж.Қ., Нығметова, Қ.Н. Балалар психологиясы

Нәресте есі
Нәрестенің танымдық дамуы оның психикасында ес-зерденің аса 
қарапайым тетіктерінің қалыптасуынан кейін басталады. Алғашында 
тану пайда болады. Ерте нәрестелік кезеңде-ақ жаңа әсерлермен 
бұрынғы бейнелерді байланыстыра бастайды. Егер балаға жаңа 
қуыршақ берсек, ол біраз уақыт бойы оны қарайды, ал келесі күні 
қуыршақты тануы мүмкін. 3-4 айында ол үлкен адамның оған көрсеткен 
ойыншығын таниды. 4 айлық бала өзіне таныс затты таныс емес заттан 
ажырата алады.
Егер ашық түсті ойыншықты екі бірдей орамалдың бірінің астына 
тығып қойсақ, 8 айлық балалардың кейбіреулері ғана 1 секундтан 
кейін оның қайда жатқанын есіне түсіре алады. 1 жаста барлық балалар 
тығып қойған ойыншықты 1-3 секундтан кейін таба алады. Олардың 
көбісі 7 секундтан кейін де ойыншықтың қай орамалдың астында 
жасырынғандығын есіне түсіре алады. Мұндай жағдайда 8 айдан кейін 
зердесінде қайта жаңғырту, образды қалпына келтіру бала алдында 
ұқсас обьекті болмаса да қалыптасады. 
Нәрестелік кезеңде танымдық үрдістермен қатар эмоциялық 
дамуды да бақылау қажет. Бұл жол баланың жақын үлкен адамдармен 
қарым-қатынас жасауымен байланысты дамиды.


97
Алғашқы 3-4 айда балаларда әр түрлі эмоциялық жағдайлар 
пайда болады: таң қалу, физикалық (дене) дискомфортын сезгенде 
алаңдаушылық (қимылдың көбеюі, жүрек соғысының жиілеуі, көзінің 
жұмылуы, жылау), қажеттілігін қанағаттандыру кезіндегі еркінсіну.
Бала анасын қөрген кезде танып, қуана бастаған кезде (нәрестелік 
шақ жас кезеңі ретінде осы кезеңнен басталады), ол басқа да жақын 
адамдарын көрген кезде күліп, танымайтын үлкен адамдарды көргенде 
жылайды. Егерде таныс емес адам өзінің жылы қатынасын білдіріп, 
баламен сөйлесіп, оған қарап күлсе, бала да оған күліп, қуанады, 7-8 
айда таныс емес адамды көрген кездегі алаңдаушылық күшейе түседі. 
Әсіресе балалар таныс емес адаммен жеке қалып қоюдан қорқады. 
Мұндай жағдайда, теріс қарап, еңбектеп, жаңа көрген адамына көңіл 
бөлмеуге тырысады, ал кейбіреулері қатты жылайды.
Шамамен 7 және 11 ай аралығында анасы қалған кезде үрей немесе 
мұңаю (ол ұзақ уақытқа немесе бір жаққа белгілі бір уақытқа кеткенде), 
«қалып қою» қорқынышы пайда болады. «Қалып қою» қорқынышы 
өмірінің екінші жылында 15 немесе 18 ай аралығында асқынады, 
кейінірек біртіндеп әлсірейді. 
Анасымен және басқа да жақын адамдарымен қарым-қатынас 
жасай отырып, нәресте бірінші жылының соңында тек қана эмоциялық 
қатынасқа түсіп қана қоймай, сонымен қатар әрекетке де ұмтыла 
бастайды. Ол анасының көмегімен оны қызықтырған қандай да бір 
затқа, шкаф немесе сөреге, құмыраға ұмтылады. 
Бала белсенді пайдаланатын ым қимылдары қарым-қатынасты 
жеңілдетеді, алғысы келген затты, барғысы келген жерін көрсетеді 
және т.с.с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет