108
болады. Анасы балаға тек сөзімен емес, барлық қылықтарымен, ым-
ишарасымен, дауыс ырғағымен, қарым-қатынас жасау жағдайларымен
балаға әрекет жасату қызметін атқарады. Бала айналасындағылардың
сөзін белгілі бір қимылдардың бірнеше рет қайталануымен сәйкес
келетін болса, дұрыс түсініп ажырата алады. Мысалы үлкендер баламен
амандасып, қолын созса, бала сөзді тез түсінеді, кейіннен ешқандай
қимыл жасамай, айтылуымен байланыстырмай-ақ жағдайдың мәніне
қарай сөзді түсініп, меңгере алады. Екі жастың алғашқы айларында
бала үлкендердің талап еткен әрекеттерін қандай болмасын таныс затқа
қатысты сөзді, өзінен талап еткенде көз алдында тұрмаса үлкендердің
талабын орындай алмайды. (Мысалы, көп ойыншықтың ішінде аю
көзіне көрініп тұрмаса, баладан сұрағанмен басқа жақтан тауып әкеп
бере алмайды). Үш жасқа келгенде баланың үлкендердің сөзін түсініп
айтуының сапасында өзгеріс байқалады. Бала үлкендердің сөзінің
мәнін түсініп қана қоймайды. Жекелеген әрекетті үлкендердің нұсқауы
бойынша орындауға қабілетті бола бастайды. Үлкендердің әрбір сөзіне
зер салып тыңдап, не туралы айтып жатқанын білгісі келеді және осы
кезде тек балаларға арналған әңгіме емес, ойлауға қиын кейбір күрделі
әңгімелерге де құлақ асады. Бір жарым жасқа дейін баланың күрделі
активтік сөздік қоры жай дамиды. Осы кезде олар 30-40-тан 100 ге
дейінгі сөзді меңгереді және оны өте сирек қолданады. Бір жарым
жастан соң кенет өзгеріп, бала сөйлеуге ынталы болып, тек заттың атын
атап қана қоймай, оны затпен байланыстырып айтатын болады.
Достарыңызбен бөлісу: