Бүгінгі таңда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген


Заттармен әрекет етуінің бала психикасының дамуына әсері



Pdf көрінісі
бет52/135
Дата30.09.2024
өлшемі1,4 Mb.
#146125
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   135
Байланысты:
Дүйсенова, Ж.Қ., Нығметова, Қ.Н. Балалар психологиясы

Заттармен әрекет етуінің бала психикасының дамуына әсері
Баланың психикалық дамуына 
заттық әрекеттердің дамуы 
едәуір 
дәрежеде әсер етеді. Нәрестелік жасқа тән қимылдық іс-әрекет ерте 
сәбилік шақта заттық іс-әрекетпен алмасады. Заттық іс-әрекеттің дамуы 
заттармен жұмыс істеудің қоғам жасап шығарған тәсілдерін игерумен 
байланысты болады. Адам үшін заттардың бекітілген, тұрақты маңызы 
бар. Адам жануарлармен салыстырғанда тұрақты нәрселер дүниесінде 
өмір сүреді. Маймылдың да саптаяқтан су іше алатыны әркімге белгілі. 
Бірақ жануарлар үшін заттардың ситуациялық маңызы бар: егер су 
саптаяққа құйылған болса, маймыл оны саптаяқтан, егер су шелекте 
болса, шелектен, ал егер еденде төгіліп жатса, еденнен ішеді. Бала 
үлкендерден заттардың адам іс-әрекеті арқылы бекітілген тұрақты 
маңызын бағдарлауға үйренеді. Баланы қоршаған заттық дүниелер 
жихаз, киім-кешек, ыдыс-аяқ-заттардың адамдар өмірінде белгілі бір 
маңызы бар. Бала ерте сәбилік шақта бұйымдардың маңызын түсінеді. 
Заттың бекітілген мазмұны балаға өзінен-өзі берілмейді. Ол шкафтың 
есігін сансыз рет ашып-жабуы, сол сияқты ұзақ уақыт қасықпен еденді 
тарсылдатуы мүмкін, бірақ мұндай белсенділік оны заттарды атқаратын 


119
міндетімен таныстыра алмайды. Заттардың функциялық қасиеттері 
сәбиге үлкендердің тәрбиелік және оқыту ықпалдары арқылы ашылады. 
Бала түрлі заттармен жасалынатын іс-әрекеттер түрлі дәрежеде ерікті 
болатынын біледі. Кейбір заттар өздерінің қасиеттері жағынан іс-
әрекеттің белгілі бір тәсілдерін қатаң сақтауды қажет етеді. (бұған 
қорапшаның қақпақпен жабылуы, пирамиданың шығыршықтарын 
өткізу, матрешкаларды жинастыру тәрізді арақатынастағы әрекеттер 
жатады). Басқа заттарда әрекет тәсілдері олардың қоғамдық міндетімен 
қатаң бекітілген. Олар зат-құралдар (қасық, қарындаш, балға). Нақ 
осы арақатынастық және құралдық әрекеттерді игерудің баланың 
психикалық дамуына неғұрлым елеулі әсер ететінін атап өту маңызды. 
Ерте сәбилік шақтағы игерген зат-құралдардың сан жағынан келіп 
кетер ештеме жоқ. Мәселен санда емес, осы заттар балада әрбір жаңа 
зат-құралдан оның өзіне тән міндетін іздестіруге деген мақсатын 
қалыптастыратындығында. 
Ерте сәбилік шақтың соңына қарай (үш жасқа қарай) іс-әрекеттің 
жаңа түрлері қалыптаса бастайды. Олар осы жас шегінде кең жайылған 
формаға жетеді және біртіндеп психикалық дамуды анықтай бастайды. 
Бұларға ойын мен жемісті іс-әрекет түрлері сурет салу, мүсіндеу, 
конструкциялау жатады. Іс-әрекеттің бұл түрлерінің болашақта 
мәнді болатынын ескеріп, олардың ерте сәбилік шақта қалыптасуына 
жағдайлар жасау қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет