Бүгінгі таңда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген


Бақылау сұрақтары және тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет55/135
Дата30.09.2024
өлшемі1,4 Mb.
#146125
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   135
Байланысты:
Дүйсенова, Ж.Қ., Нығметова, Қ.Н. Балалар психологиясы

Бақылау сұрақтары және тапсырмалар:
1.Сәбилік кезеңдегі негізгі әрекеттерді атаңыз
2. Сәбилік шақтағы іс-әрекеттің түрлеріне тоқталыңыз
3. Бала психикасының дамуына заттармен әрекет етудің ықпалы 
бар ма?
4. Сәбилік кезеңде заттар мен әрекет ету арқылы қарым-қатынасқа 
бейімделудің жолдарын атаңыз
5. Сәбилік кезеңде жетістіктерге жетуге заттармен әрекет етудің 
ықпалы.
1-тапсырма
1 жас 6 айлық Серікті анасы киіндіріп отырып, «Қазір көйлегіңді 
киесің. Көйлегің кәне, маған әкеліп бер, шұлығыңды, бәтеңкеңді де ала 
кел» дейді. Серік баяу болса да анасының айтқандарын орындайды. 
Ананың әрекетімен келісесіз бе? Анасы сөз арқылы баласына тәрбиенің
қандай сипатын қалыптастырғысы келеді? Қалай пайымдайсыз, осыдан 
соң Әли өз ықыласымен киіне ме?


122
2-тапсырма
2 жас 8 айлық Меруерттің шешесі тәрбиешіге: «Қызым балаларға 
арналған кешкілік ертегі мен теледидар хабарын зейін қойып таңдайды. 
Кейде мультфильм көрсетер алдында оған түсінік берілсе, зейіні басқа 
жаққа тез ауып кетеді. Ал егер ертегі кітаптан оқылса, онда оны, тіпті 
тыңдамайды» дейді.
Сұрақ: Меруерт неліктен ауызша әңгімені тыңдамайды? Оның 
зейінін ауызша айтылған әңгімеге қалай тұрақтандыруға болады?
3-тапсырма
Хайуанаттар паркінен қасқырды алғаш рет көрген Мерей 
шешесінен: «Рекс мұнда неғып тұр?» деп таңдана сұрады. (Рекс 
көршінің иті)
Баланың жас ерекшелігін анықтаңыз. Баланың қасқырды қалай 
қабылдағанын түсіндіріңіз.
4-тапсырма
Сырым қолына қарындаш, қағаз алып, «ұшақтың суретін саламын» 
деді. Алайда суретті салғаннан кейін, «пойыз салдым» деді.
Сұрақ: Осы құбылыс заңды ма? Мұндай әрекет баланың қай жас 
кезеңіне лайық?
 Тест сұрақтары:
1. Сәбилік кезеңдегі баланың психикасын дамытудағы жетекші 
фактор қайсысы?
А) заттық әрекет
В) сөйлеу
С) тік жүру
Д) қарым-қатынас
Е) еңбек
2. Қай жас кезеңінде баланың барлық психикалық қызметтері 
«қабылдау маңында, қабылдау арқылы және қабылдау көмегімен» 
дамиды (Л. С. Выготский)
А) сәбилік жас
В) орта мектепке дейінгі жас
С) кіші мектеп жасы
Д) ересек мектепке дейінгі жас
Е) нәрестелік жас
3. Сәбилік кезеңде ерекше байқалатын ес ерекшеліктері.


123
А) қимылдық ес 
В) сөздік ес 
С) эйдетикалық ес
D) эмоциялык ес 
Е) логикалық ес
4. Кеңістікте белсенді қозғалып жүру дағдысы әлі 
қалыптаспағандықтан, бала үнемі тепе-теңдікті жоғалтып алуы қалай 
аталады?
А) локомодация
В) идентификация
С) эмпатия
Д) атракция
Е) симпатия
5. Қай жастағы балаға көбіне қабылдаудың бөлшектенбеуі, 
ойлаудың нақтылығы, ерік пен естің ырықсыздығы сияқты қасиеттер 
тән
А) мектеп жасына дейінгі 
В) сәбилік кезеңге
С) нәрестелік кезеңге
Д) мектепке даярлық кезеңге
Е) жаңа туған кезеңге
6. Баланың үлкендермен бірлесе орындайтын әрекеті мен оның 
өзінің жеке атқаратын қызметінің арасындағы айырмашылық қалай 
аталады?
А) таяудағы даму аймағы
В) жақындағы даму аймағы
С) алыстағы даму аймағы 
Д) қашықтықтағы даму аймағы
Е) болашақтағы даму аймағы
7. Ерте сәбилік шақ тілді дамыту үшін өте сезімтал келеді. 
Сондықтан бұл кезеңй атайды?
А) сензитивті
В) локалді
С) сихиялы
Д) саналы
Е) бағытталған


124
8. Баланың білік қабілетін қалыптастыруға ықпал етеді.
А) үлкендер
В) оқу
С) қоршаған орта
Д) тұқымқуалаушылық
Е) тәрбие
9. Қиындықтар және оларды жеңу сәбиде ......................................
туғызады.
А) жағымды эмоциялық көңіл-күй
В) үрей
С) жалтақтық
Д) жағымсыз эмоциялық көңіл-күй
Е) қорқынышты эмоциялық көңіл-күй
10. Дүниеге келгеннен дүниеден өткенге дейінгі аралық қалай 
аталады?
А) онтогенез
В) фелогене
С) жас даму сатысы
Д) жас даму кезеңі
Е) акселерация


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет