Көріп қабылдаудың ерекшеліктері
1) Үш жастағы бала затқа көз жүгіртіп қарайды да, фигураның
өзіне ұнаған көзге түскен ерекше белгілеріне көңіл аударады. Осындай
жағдайда заттың жеке бөліктерін қабылдайды да оның тұтастай зат
екенін ұмытып кетеді. 2) Қозғалмайтын заттың фонында қозғалып
тұрған затты қабылдайды. 3) Бала фигураны көріп қабылдап қоймай,
оның кейбір ерекшеліктерін қолымен сипау арқылы қабылдайды.
Алғашқыда тек саусақтарының ұшымен сипап қабылдаса, бірте-бірте
тұтастай алақанымен сипап қабылдайды. Сонда сәбилерде көріп
қабылдаудан кейін сипап сезу арқылы жүзеге асады. Үш жасқа келгенде
баланың тұтастай қабылдауының мынандай ерекшеліктері болады:
126
1. Заттың түсі онша анық емес, жалпы нұсқа пішіні болса да,
тұтастық мағына беріп, тұтастай зат ретінде қабылдай береді. Яғни
қарапайым заттың бейнесі дұрыс бейнеленсе, бала дұрыс қабылдайды.
Оны баланың «сыңарыңды тап» деген ойынды ойнауынын байқауға
болады. Бірақ та өзіне таныс емес заттарды ерекше белгісі, формасы,
түсіне байланысты талдап ажыраттырмаса, бала қателеседі. Бір жас
сегіз айдан бастап заттың атын сөз жүзінде айту мен тікілей көрсетіп
тұрып байланыстырса дұрыс қабылдайды. Мысалы, балаға анау
себеттің ішінде тұрған допты әкеп бер деп себеттегі допты қолыңмен
көрсетіп тұрып сұрсаң, балада бұрыннан доп туралы түсінігі болса,
сөзді жеңіл түсініп қабылдайды. Екі жастың соңында қойылған сұраққа
қабылдаған заттың атын атап, жауап береді. Бірақ әлі де болса, жеке
бөліктерінің ерекшеліктерін ескермей жалпылама қабылдайды.
Сәбидің суретті, кеңістік пен уақытты қабылдау ерекшеліктері
Үш жастағы баланың суретті қабылдауының өзінде мынандай
өзгешеліктер болады. Қарапайым сюжетті жалпылама қабылдайды.
Мысалы, екі жасар бала суретте қыз, мысық, ат, бала, ағаш бар
деп тізбектеп атын айта салады. Ал ересек балалар қызы мысықты
тамақтандырып жатыр, бала атпен шауып бара жатыр, ағаш өте әдемі
болып өсіпті деп суреттің мазмұнына сипаттама береді. Бала кеңістік
туралы ұғымды жүрген кезде ғана қабылдайды.
Сәбилік кезеңнен бастап, кеңістікті бағдарлауға көңіл қою
дағдыларын жақсы меңгереді. Бірақ олар әлі де болса, заттар мен
кеңістіктердің ара-қатынасын бөліп қабылдай алмайды. Негізінде
заттың қасиеті туралы түсінік кеңістік туралы түсініктен ерте
қалыптасады. Кеңістікті дұрыс қабылдату үшін заттың формасын,
көлемін дұрыс қабылдай білуінің маңызы зор. Сәбилік кезеңнің өзінде
заттар мен белсенді әрекет ету нәтижесінде екі жастың өзінде заттың
алыс-жақындығын, кеңістікте орналасуын, кенестезиялық және көру,
вибрациялық түйсіктер арқылы ажыратып қабылдайды. Ал қимыл
қозғалысы толық дамымаған бала арақашықтықты ажыратуы қиынға
түседі. Бала бір жарым жастан соң, үлкенді кішіден ажырата бастайды.
Үш жастан бастап, бала кеңістікті өзінің дене мүшесімен тікелей
байланыстыру арқылы қабылдайды. Мысалы, өзінің оң және сол қолын
ажыратқан соң кеңістікті соған қатыстырып меңгереді. Мысалы, менің
оң қол жағымда терезе, сол қол жағымда есік, алдымда тақта, артымда
орындық деген сияқты. Осыдан кейін балада заттарды салыстыра
отырып, қабылдату дағдысын иегерді.
127
Достарыңызбен бөлісу: |