Мектеп жасына дейінгі балалардың темперамент типінің ерекшелігінің мәні Темпераменттің табиғи, қарапайым көріністері балалық шақта
жақсы байқалады. Бала өскен сайын оның сыртқы ортамен қарым-
қатынасы күрделене түседі де, оның айналасындағы үлкендерден
алатын әсері де мол болады. Соған байланысты темпераменттің
өзгеріске түсетін ерекшеліктері бүркемеленеді.
Темперамент баланың жеке басының реакциясының негізгі түрі
болып келетін қасиет. Балалық шақта ол таза күйінде де кездеседі.
Бірте-бірте өмір сүру барысында саналық өзгеріске түсіп отырады.
Даму барысында темпераменттің бір белгісінің әлсіреп, екіншісінің
күшеюі салдарынан мінез-құлықтың кейбір жақтарының өзгеріске
ұшырап отыруы да ықтимал. Даму барысында туындайтын осындай
сапалы өзгерістердің осы күрделі үрдісінің бәрі сайып келгенде тұрмыс-
салтына, әрекеттері мен тәрбиесіне тәуелді. Өйткені өмір жағдайлары
темпераментке материалдық негіз болып табылатын жүйке
жүйесі
қызметінің өзгешеліктеріне ықпал жасайды. Мысалы бір жағдай
психикалық үдерістердің әсерлігі мен эмоциялық қозуына ағысы
мен күшінің дамуына жағдай туғызуы, ал басқа жағдайлар керісінше
психикалық даму қарқынын баяулатып, оның белсенділігін басып,
тежеуі мүмкін.
И.П.Павлов
шартты рефлекстер әдісі арқылы жоғарғы жүйке
қызметінің және жүйке жүйесінің, негізгі қозу мен тежелудің
зандылықтарын ашты. Жүйке жүйесінің негізгі күші тепе-теңдік
қозғалғыштығы бойынша төрт типте жиі ұшырасады. Бұлардың үшеуін
күшті тип, біреуін әлсіз тип деп айтады. Мысалы күшті
типтің біріншісі
ұстамсыз тип. Олардың жұмыс істеу қабілеті күшті, қозу тежелу
үдерістері бір-бірімен сәйкес келмейді.
135
Қозу типі басым келіп отыратын ерекше қозғалыстағы тип, күшті
типтің екіншісі