Бүгінгі таңда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген


қабылдау іс-әрекеттерінің



Pdf көрінісі
бет84/135
Дата30.09.2024
өлшемі1,4 Mb.
#146125
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   135
Байланысты:
Дүйсенова, Ж.Қ., Нығметова, Қ.Н. Балалар психологиясы

қабылдау іс-әрекеттерінің 
дамуы.
Сенсорлық эталондарды меңгеру, заттардың қасиеттеріне 
баланыңбағдарлануы дамудың тек бір ғана жағы. Біріншімен тығыз 
байланысты екінші жағы - қабылдау іс-әрекетін жетілдіру.
Бала мектепке дейінгі шаққа сәбилік шақта қалыптасқан қабылдау 
іс-әрекетін меңгере отырып өтеді. Бірақ бұл іс-әрекеттер әлі тым 
жетілмеген күйде болады. Бұл әрекеттер бала іс-әрекетінің жаңа 


176
түрлерін бағыттап және реттеп алдымен заттардың, шама жағынан 
қатынастарының, формаларының, түстерінің жеке ерекшеліктерін көз 
алдына елестету қажет болатын табысты тапсырмаларды орындауға, 
аттардың күрделі қасиеттерін жекелей қабылдауға, олардың айқын 
да дәл бейнелерін жасауға мүмкіндіктер бере алмайды. Заттық іс-
әрекеттердегі заттардың қасиеттерін есепке алу үшін жеткілікті болатын 
қабылдаудың сол бір дәлдігі мен даралығы табысты іс-әрекеттер үшін 
мүлде жеткіліксіз болып шығады.
Мектепке дейінгі кішкентайларға жалпы нұсқасы мен ішкі 
бөлшектері бар күрделі емес фигураға қарап сурет салу ұсынылды. 
Ол жалпы нұсқасын немесе бөлшектерін жақсылы-жаманды етіп сала 
алады, бірақта ол екеуін де, бейнелеуге онша тырыспайды. Үлгі бойынша 
текшелерді құрастыру үдерісінде белгілі форма мен өлшемдегі текше 
жетпей қалады. Егер таяу орында ретсіз үйіліп жатқан текшелерді көре 
қалса, бала керекті текшені біршама оңай тауып алады, әйтсе де қажетті 
текше басқа құрастыруда тұрса (балаға оны бұзуға рұқсат етілсе де), 
бала ол текшені көрмейді, сөйтіп бөлшекті бүтіннен ажырата алмайтын 
болып шығады. Бұл екі мысалдан заттық іс-әрекетпен байланысты 
балада қалыптасқан қабылдау әрекеттері тым жалпы үлгілерді жасай 
білуге келтіргенімен затты жүйелеуге және толықтай тексеруге, оның 
бөлшектері мен белгілерін бөле білу мүмкіндіктерінің бола бермейтінін 
көрсетеді.
Мектепке дейінгі бала ішінде қабылдау әрекеттерінің өзгеруі 
туралы әр түрлі жастағы балалар тобының өздері үшін жаңа заттармен 
танысуын байқап отырып қорытынды шығаруға болады. Мектепке 
дейінгі үш жастағы балалардың қолдарына жаңа затты беріп, оның 
қандай екенін және не қызмет атқара алатындығын анықтауды 
сұрағанда, олар бірден затпен әрекет жасай бастайды. Олардың затты 
қарау және ұстап көруге әрекеттенулері байқалмайды: заттың қандай 
екендігі жөніндегі сұрақтарға балалар жауап бермейді. Төрт жастағы 
балалар затты қарай бастайды, бірақ мұны тиянақсыз, жүйесіз істейді, 
көбіне қол әрекетін жасауға көшеді. Заттарды ауызша сипаттағанда 
бір-бірімен өзара байланыстырмай олар тек жекелеген бөліктер мен 
белгілерді атайды.
Бес, алты жасар балаларда затты неғұрлым жоспарлы да тұрақты 
тексеру мен сипаттау пайда болады. Қолдарына алған затты олар 
олай-бұлай аударып-төңкеріп қарайды, оның бірсыпыра белгілі 
ерекшеліктеріне назар аударып сипап көреді. Тек алты-жеті жасқа 
жеткенде (сонда да балалардың бәрінде емес) заттарды толықтай 
жүйелі, жоспарлы қарайтындықтарын бақылауға болады. Бұл балалар 


177
затты қолында ұстауға құмартпайды, олар тікелей көру қабылдауын 
пайдалана отырып, заттың қасиеттерін ойдағыдай толық сипаттайды.
Осы байқаулардан, әуел баста бала заттардың қасиеттері жөніндегі 
мағлұматтарды қабылдаудан гөрі олармен практикалық іс-әрекет 
істеуден алады. Сосын қабылдау практикалық іс-әрекетпен ұштасады, 
олар бір-біріне жәрдемдескен секілді болады. Тек мектепке дейінгі 
балалық шақтың соңына таман қабылдау іс-әрекеті бірқатар ұйымдасқан 
әрі тиімді бола бастайды.
Эксперименттердің бірінде балаларға қарап көру және кейін тани 
білу үшін бұрыс формалы фигуралар берілді. Фигураға көз жүгірту 
киноға түсіру арқылы бақыланды. Үш жастағы балалар фигураның 
ішіне көз жүгіртеді, кейде осьтік бағыт бойынша да көз салады. Көз 
жүгірту саны онша көп болмайды. Төрт жастағы балалардың көз 
жүгіртуі көбінесе фигураның ішкі жағымен өтеді. Контур бойынша көз 
жүгірту мүлде жоқ деуге болады. Әйтсе де баланың фигураны көзбен 
өлшегісі келгендей алымды, мол қамтушы көз салулар пайда болады. 
Сонымен бірге фигураның ерекше белгілеріне көз тастайды, бір-біріне 
жақын орналасқан көз салуды жазу топтары да пайда болады. Көз 
жүгіртудің жалпы саны фигураны қараған кезде үш жастағы баланың 
көз жүгіртуімен салыстырғанда екі есе артады. Таңдау нәтижелері 
жақсара түседі. Бес жастағы балалар да фигураны төрт жасар балалар 
сияқты қарап шығады, бірақ олармен салыстырғанда, нұсқаның бір 
ерекше бөлігін тексереді. Таңдау кезіндегі қателер мүлде дерлік 
жойылады. Ақырында алты жастағы балалардың көз жүгіртуі мүлде 
дерлік фигураның нұсқасы арқылы өтеді. Көз жүгірту саны айтарлықтай 
көбейеді. Фигураны таңдауда қателер болмайды.
Заттардың формаларын қабылдау тәсілдеріндегі ұқсас өзгерістер 
фигуралармен сезіну арқылы танысу үдерісіндегі бала қолының 
қозғалыстарын зерттегенде осыны байқауға болады (бала фигураны 
қарап көрмей қолымен сипап көреді). Үш жастағы балалар қолына 
фигураны ұстап сілкіп қояды, бірақ сипап қарамайды. Төрт жаста 
фигураның нұсқасын бір қолымен, бірақ саусақтарымен емес, 
алақанымен сипап қарау әрекеті пайда болады. Бес жасар балалар 
фигураны екі қолымен сипалайды жеке ерекше белгілерін (ойыңқы, 
шығыңқы жерлерін) мұқият тексереді. Алты жастағылар фигураның 
нұсқасын саусақтарының ұшымен біршама толықтай сипалап шығады. 
Мұнда сезіну қабылдауының дамуы көру қабылдауынан кейін 
қалыптасады және оның нәтижелері біраз төмен болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет