Мектеп жасына дейінгі баланың сенсорлық дамуының бір-бірімен
байланысты екі жағы бар. Біріншісі, заттар мен құбылыстардың әр
түрлі қасиеттері мен байланыстары жөніндегі түсініктерді меңгеру.
Екіншісі, қоршаған ортаны толықтай және жекелей қабылдауға
мүмкіндік беретін қабылдаудың жаңа әрекетін игеру.
Сенсорлық эталондар және оларды мектеп жасына дейінгі
балалардың игеруінде біршама өзгерістер орын алады. Сәбилік шақтың
өзінде балада заттар әр түрлі қасиеттері жөніндегі түсініктердің белгілі
қоры жинақталады, бұл түсініктердің бірқатары үлгінің орнына жүреді,
қабылдау үдерісіндегі заттардың жаңа қасиеттерін бала осы үлгімен
салыстырады.
188
Мектепке дейінгі балалық шақта бала өзінің сенсорлық тәжірибесін
жинақтау нәтижесі болып табылатын заттық үлгілерді қолданудан
көпшілік қабылдаған сенсорлық эталонға ауысады.
Сенсорлық эталондар дегеніміз қасиеттер мен қарым-
қатынастардың әр түрінің негізгі жеке түрлері жөнінде адамзатта
қалыптасқан түсініктер.
Бұларға түс, пішін, заттардың шамасы олардың
кеңістіктегі орны, дыбыс күші, уақыт аралықтарының ұзақтығы, тағы
басқалар жатады. Бұлар адамзаттың тарихи дамуының барысында пайда
болған, адамдар оны үлгі, өлшем ретінде пайдаланады, осылардың
жәрдемі арқылы сәйкес қасиеттер мен қатынастарды анықтайды және
белгілейді. Мысалы, пішінді қабылдауда геометриялық фигуралар
(дөңгелек, квадрат, үшбұрыш, тағы басқалары) жөніндегі түсініктер,
түсті қабылдауда, түстің жеті спектрі, ақ және қара түстер жөніндегі
түсініктер эталон бола алады. Табиғатта түс пен пішіннің шексіз көп
түрі бар. Адамзат бұларды әдеттегі жеке түрлерге келтіріп реттей біледі,
бұл айналадағы дүниені қоғамдық тәжірибе айнасынан көргендей
қабылдауға мүмкіндік береді. Кез келген түсті спектрдің негізгі түстер
реңінің бірі ретінде (қошқыл қызыл) олардың қосылысының нәтижесі
ретінде (сары-жасыл), не қара түс пен ақ түс арасындағы аралық түс
(сұр) ретінде ажыратуға болады. Сондай-ақ кез келген заттың пішінін
белгілі геометриялық фигураға (сопақша, тікбұрыш) ұқсастыруға
немесе кеңістікте белгілі тәртіппен орналасқан осындай бірнеше
фигуралардың үйлесімі ретінде қабылдауға болады (мысалы, қардан
соғылған адамды бір-бірінің үстіне үйілген шеңбер арқылы бейнелеуге
болады). Мұнда әңгіме сөз түрінде бейнелеуде болып отырған жоқ,
біз заттардың қасиеттерін өзімізге таныс үлгілердің жеке түрлері мен
үйлесімі ретінде қабылдаймыз
.
Эталонның әр түрі жеке үлгілердің
жай ғана жиыны емес, берілген қасиеттің жеке түрлері белгілі бір
тетелестікпен орналасқан, қалай да бір тәртіппен топталған, айқын
белгілері бойынша дәлме-дәл ажыратылатын жүйе болып келеді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сенсорлық эталондарды игеруі
балалар бақшасының бағдарламасына сәйкес жеке геометриялық
фигуралармен, түстермен танысудан басталады. Мұндай танысу
негізінен тиімді іс-әрекеттердің көптеген түрлерін меңгеру үдерісінде
өтеді. Егер тіпті баланы қасиеттердің жеке түрлерін көпшілік
қабылдаған үлгілерге сәйкес ажырата алуды арнайы үйретпегеннің
өзінде мектеп жасына дейінгі бала сурет салу, құрастыру, мозайка
мен жапсырманы салғандағы материал қолдануында қажетті үлгілер
болады. Мысалы, бала сурет салғанда күн спектрінің түстеріне сәйкес
таңдалып алынған бояуларды пайдаланады, кубиктерді құрастырғанда
189
әр түрлі шамадағы үшбұрыштық, тікбұрыштық, шаршы элементтерді
қолданады. Мозаика мен жапсырманың материалдарында түрлі түсті
дөңгелекшелер, үшбұрышшалар, квадратшалар тағы басқалар болады.
Ересектер балаға сурет салуға, құрастыруға көмектескенінде олар
қалайда негізгі пішіндер мен түстерді атайды.
Заттардың қасиеттері туралы кез келген түсініктер пайда болуы
сияқты сенсорлық эталонды меңгеруде, үлгілердің мәніне ие болуға тиісті
тексерілуге бағытталған пішіннің жеке түрлері, түсі, шама бойынша
қатысы басқа да қасиеттері мен қатыстылығы қабылдау әрекеттерінің
нәтижесінде өтеді. Әйтсе де бұл жеткіліксіз. Бала қасиеттердің ішінен
барлық қалғандарына эталон ретінде қолданылатын солармен көптеген
заттардың қасиеттерін салыстыруға болатын жеке түрлерін бөле білуі
керек.
Көпшілік қабылдаған эталондарды меңгеруге қажетті жағдайлар
алғашқы рет әрекеттің тиімді түрлерінде жасалады. Балаларға
суретінде, құрастыруында, жапсырмасында, белгілі бір затты көрсете
білу тапсырмасы қойылғанда, ол осы заттың ерекшеліктерін қолындағы
материал ерекшеліктеріне қатыстылығын айқындауға тырысады. Бұл
баланы материалды бірнеше рет тексеруге мәжбүр етеді, түр-түсін,
кубик формаларын, мозаика элементтерін еске сақтауына тура келеді.
Түрлі заттардың бейнелерін жасағанда балалар әр жолы да сол бір түсті
кубиктерді, мозаика элементтерін пайдаланады, олардың қасиеттері
көптеген заттардың қасиеттерімен қатынастылығы айқындалады да
біртіндеп үлгілердің, эталондардың мәніне ие бола бастайды.
Арнайы ұйымдастырылған сенсорлық тәрбиесіз-ақ әдетте балалар
тек кейбір, мысалы дөңгелек пен квадрат формалары, қызыл сары,
жасыл және көк түсті эталондарын игереді, өйткені бұл формалар
мен түстер өзгелерден жиі кездеседі. Мектеп жасына дейінгі балалар
үшбұрыш, тікбұрыш, сопақша сияқты форманы, қызғылт-сары, көгілдір
күлгін түс туралы түсініктерді едәуір кеш меңгереді.
Кейбір эталондар ғана игерілгенде, бала заттардың осы эталонымен
сәйкес келетін қасиеттерін анық және дәл қабылдайды, ал эталоны әлі
игеріліп болмаған өзге жеке түрлер қасиеттерін тиянақсыз және көбіне
қате қабылдайды. Белгісіздеу қасиеттер меңгерілген жуықтағандай,
соларға теңелгендей болады, заттардың қасиеттерінің өзіндік
жалпылануы орын алады, Мысалы, квадрат туралы түсінігі бар бірақ
тікбұрыш пен трапеция жөнінде түсінігі жоқ бала квадраттан сәл ғана
айырмасы бар трапециялар мен тікбұрыштарды квадраттар ретінде
қабылдайды. Дәл сондай-ақ сары және қызыл түстер жөнінде түсінігі
бар, ал қызғылт сары түс жөнінде түсінігі жоқ балалар қызғылт сары
190
заттарды сары немесе қызыл түс түрінде қабылдауға бейім тұрады.
Меңгерілген эталондар олардың жай тек атауларына ғана емес, ең
алдымен қасиеттерді кабылдаудың өзіне ықпал ететіні балаларға үлгіге
сай дәл сол түсті заттарды үнсіз таңдау ұсынылғанда тәжірибелерде
байқалады. Мектепке дейінгі үш жастағылар көптеген жағдайларда
сары түсті үлгі бойынша тек сары заттарды, ал қызғылт сары түсті үлгі
бойынша қызғылт сары түсті де, сары түсті де таңдайды, көк түсті үлгі
бойынша тек қана көк түсті көгілдір түстілерге қарап көгілдір түсті де,
көк түсті де таңдайды. Бұл, әсіресе, алдымен балаларға үлгіні көрсетіп,
кейін оны жасырып қойып таңдауды ойша жүргізген жағдайда айқын
көрінеді. Бұл фактілерді балалардың сары мен қызғылт сары, көк пен
көгілдір түс арасын ажырата білмейді деп түсіндіруге болмайды. Таныс
түс үлгісі бойынша таңдау дұрыс жүргізіледі, ал сирек кездесетін
түстер бойынша қателіктер болады. Мұның себебі балалар, мысалы,
сары үлгіні алғанда оны өзіндегі эталонмен арақатысын ажыратады
да сары түс деп таниды. Мұнан кейін олар сары заттарды таңдап ала
бастайды, қалғандарын түсін жете тексеріп жатпай-ақ «ондай емес»
деп жай шетке ығыстырады. Қызғылт сары түс баланы қиын жағдайда
қалдырады. Қызғылт сары түс жөнінде оның түсінігі болмағандықтан,
бала оның орнына өзінде қалыптасқан эталондарға бәрінен жуығырақ
келетін сары түсті пайдаланады. Сондықтан бала үлгіге сәйкес қызғылт
сары түсті де және үлгіге сәйкеспейтін, бірақ таныс эталонға сәйкесетін
заттарды да таңдайды.
Әрекеттің тиімді түрлерін күрделендіру нәтижесінде бала біртіндеп
форма мен түстің жаңа эталондарын игереді және шамамен төрт-бес
жасқа жеткенде, олардың біршама толық жиынын меңгеріп алады.
Заттардың шамасы жөніндегі түсініктерді бала үлкен қиындықпен
меңгереді. Форма мен түстің эталондарына қарағанда, шаманың
көпшілік қабылдаған эталондары шартты сипатта келеді. Бұған
адамдардың саналы қолданатын өлшемдері (сантиметр, метр) жатады.
Өлшемдер жүйесі және оларды пайдаланудың жолдары, әдетте,
мектепке дейінгі балалық шақта меңгерілмейді. Мектеп жасына
дейінгі баланың шаманы қабылдауы басқа негізде дамиды. Олар
заттардың шама жағынан қатынастары жайлы түсініктерді меңгереді.
Бұл қатынастар зат басқа заттар қасында қандай орын (үлкен, кіші, ең
үлкен тағы басқалар) алатындығын көрсететін сөздермен белгіленеді.
Әдетте мектепке дейінгі жастың бас кезінде балаларда бір мезгілде
қабылданатын қос зат арасындағы шама қатынасы туралы ғана түсінік
болады (үлкен-кіші). Оқшауланған заттың шамасын бала анықтай
алмайды, өйткені оның өзге заттар арасындағы орнын ойда келтіруі
191
қажет. Мектепке дейінгі кіші және естияр жастағы балаларда үш зат
арасындағы шама қатынасы туралы түсініктер (үлкен, кіші, ең кіші)
қалыптаса бастайды. Балалар кейбір өздеріне таныс заттардың үлкендігі
мен кішілігін оларды өзге заттармен салыстыруға байланыссыз-ақ
анықтай бастайды («піл үлкен», «шыбын кіші»).
Бес-алты жасар бала түс пен форманың жеке эталондарын
меңгеру арқылы олардың арасындағы байланыстар мен қатынастарды,
заттардың қасиеттерінің өзгеруіне әсер ететін белгілері туралы
түсініктерді игеруге көшеді. Үлкендердің жәрдемімен арнаулы
ұйымдастырылған әрекетте бір ғана форманың өзі бұрыштарының
шамасы, осьтері мен қабырғаларының арақатынасы жағынан түрлене
алатынын, түзу сызықтарды қисық сызықтардан бөле отырып,
формаларды топтастыруға болатындығын балалар меңгеріп алады.
Мұнда форманың сенсорлық эталондарының жүйесі геометриялық
фигуралардың математикада берілетін ғылыми бөлінуінен басқаша
болады. Ал, егер де геометрияда дөңгелек сопақшаның жеке бір түрі,
квадрат тік бұрыштың жеке бір түрі ретінде көрінетін болса, сенсорлық
эталондар ретінде бұл фигуралардың бәрі «тең құқықты», өйткені
олардың бәрі тең дәрежеде белгілі бір заттар тобының формасы туралы
түсінік береді. Түстер туралы түсініктерді жетілдіру, спектрлық түстің
(тон реңктерін) меңгеруге жеткізеді. Бала әр түс мөлдірлігі жағынан
өзгертетіндігін, түстер көзге ұнамдылығы және ұнамсыздығы жөнінде
топталатынын біліп алады, жұмсақ, көзді тартарлық түстердің баттиған,
қарама-қарсы түстерге ұштасуымен танысады.
Баланың затты түрлі шамадағы өзге заттармен салыстыруынан шама
жөніндегі түсінігі байиды. Балаларда шаманың жалпы эталондарынан
басқа олардың ұзындығы, ені, биіктігі сияқты жеке өлшемдері жөнінде
түсініктері қалыптасады.
Барлық осы түсініктерді балалар нақты іс-әрекет үдерісінде
төңірекке күнделікті бағдар тұтудың нәтижесінде меңгереді және
әрдайым сөз арқылы бейнелене, ұғыныла бермейді. Сенсорлық
эталондарды меңгеру заттардың түсі мен формасына ғана қатысты
емес, заттар мен құбылыстардың өзге қасиеттеріне де қатысты
болады. Мысалы, мектепке дейінгі жастағы балалар тіл арқылы
қарым-қатынаста ана тілінің дыбыс жүйесіне сәйкес келетін үлгілерді,
музыкалық, іс-әрекет үдерісінде дыбыстың биіктігі мен ырғақтылығы
қатынастарының үлгілерін, т. б. үйренеді.
Балаларды сенсорлық эталондардың көптеген түрлерімен және
оларды жүйелеумен тетелес таныстыру – мектеп жасына дейінгі
балаларды
Достарыңызбен бөлісу: |