сенсорлық тәрбиелеудің
басты міндеттерінің бірі. Мұндай
192
таныстырудың негізінде әрбір қасиеттің негізгі жеке түрлерін тексеру
мен есіне сақтау балалардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру жатыр.
Осы жеке түрлер эталондар мәніне ие болуы тиіс. Қасиеттердің жеке
эталондары жөніндегі түсініктердің қалыптасуы балаларды сурет
салуға, жабыстыру ісіне, құрастыруға, музыка сабақтарына үйрету, яғни
бала қабылдауына барған сайын күрделірек міндеттерді қоятын және
сенсорлық эталондарды меңгеруге бейімдейтін жағдайлар туғызатын
іс-әрекет түрімен тығыз байланысты.
Балаларды сенсорлық эталондармен таныстыру заттардың
қасиеттерінің негізгі жеке түрлерін білдіретін сөздерді баланың есінде
сақтауын ұйымдастыру болып табылады. Атау сөз - сенсорлық эталонды
белгілейді, оны баланың есінде бекітеді және ұғынарлықтай әрі дәл
қолдануға болатындай мүмкіндік береді. Бірақ бұл эталон атаулары
– баланың тиісті эталондарды тексеру және қолдануда өзіндік іс-
әрекет негізінде қабылданғанда ғана болады. Балаларға геометриялық
формалардың түстердің, шамалар қатынасының жеке түрлерін тек қана
көрсетіп, олардың аттарын есте сақтауға қол жеткізген жағдайларда,
тіпті дұрыс қолданылатын сөздің өзі мектеп жасына дейінгі баланың
ұғымдары мен қабылдауларын жетілдіруге себепші бола алмайды.
Мектепке дейінгі жас ішінде балаларды сенсорлық эталонмен
таныстыру біртіндеп тереңдей түседі.
Біріншіден, балаларды барған сайын эталон қасиеттерінің ең
нәзігірек жеке түрлерімен таныстырады. Спектр түстерімен танысудан
олардың реңктерімен танысуға, негізгі геометриялық фигуралармен
танысудан олардың осьтерінің, жақтарының, бұрыш шамаларының
арақатынасына байланысты түрленулерге және тағы да басқа заттардың
жалпы шамаларының өзара қатынасымен танысудан, жеке бағыттардың
өзара қатынасымен танысуға көшу осылайша басталады.
Екіншіден, балаларды үлгілердің арасындағы байланыстар және
қатынастармен, атап айтқанда спектрдегі түстердің орналасу ретімен,
ашықтығы бойынша реңктер өзгерісінің жүйелілігімен, түс тондарын
ұнамдыларға және ұнамсыздарға топтаумен, түстердің көруге
жайлысының және баттиған қарама-қарсыларының ұштасуымен;
фигураларды дөңгелектерге және түзу сызықтыларға бөлумен, бір
фигураларды екінші фигураларға түрлендіру мүмкіндігімен, олардың
пропорциялық өзгерістері; жүйелілігімен заттардың жалпы шамалары
мен жеке ұзындық бағыттарының кемуі немесе өсуі бойынша біріктіру
тағы басқаларымен таныстырады.
193
Достарыңызбен бөлісу: |