механикалық есі емес, сөз логикалық есі
жақсы дамығанын байқауға болады.
Баланың сөз логикалық есінің жақсы дамығанын оның жақсы
түсінген материалды есінде сақтап қайта жаңғыртуынан байқауға
болады. Мысалы, 6 жастағы бала ертегі әңгіменің мазмұнын өз сөзімен
қайталап айтқан кезде өзіне онша таныс емес «азамат» деген сөзді өзіне
таныс күнделікті айтылып жүрген «ағай» деген сөзбен ауыстыра алады.
203
Кейде олар ертегі әңгіменің мазмұнын өзгертпей, өз логикасымен
толықтырып, қосып, тек жүйесін ғана өзгертуі мүмкін.
Баланың әңгіменің жүйесін өзгертуі ондағы кейіпкерлерге деген
көзқарасына байланысты болады. Егер кейіпкерді ұнатса, жақсы қарым-
қатынас кезінде оның жаманшылық жақтарын ұмытып кетеді де, тек
жақсылығын өзіне ұнаған жерін ғана есінде сақтайды.
Баланың сөз логикалық есін дамытуда оқу әрекетімен
шұғылдануының маңызы зор. Осы кезеңдегі сөз-логикалық естің
жүзеге асуының өзі үш кезеңнен өтеді:
практикалық
сөздік әрекеттік
ақыл-ой әрекеті негізінде
6-7 жасқа келгенде бала өз ойын сөзбен байланыстырып, қорытынды
жасап, есінде сақтай алады. Сөздің көмегімен есінде қалған материалға
талдау жасай алады және топтастырып логикалық байланыс жасайды.
Баланың сөздік қорының аздығы да есінде сақтап қалғанын
қайтадан толық жаңғыртып, айтып беруге кедергі келтіреді. Сондықтан
да баланың сөздік қорын дамыта отырып, материалды өз бетімен айтып
беруге үйрету керек.
6-7 жас бала қимыл-қозғалысы дамуының ең маңызды кезеңі.
Осы кезеңде
қимыл-қозғалыс есінің
дамуына байланысты күрделі
қозғалыстарды нақты анық етіп қиындықсыз жылдам меңгереді және
де өзгертіп орындауға да икемді болады. Сондай-ақ
эмоциялық есі
де
ерекше дами бастайды, оны
бейнелік естен
бөліп қарауға болмайды.
Бала есінің даму ерекшеліктері тек жасына ғана байланысты емес
екенін есте сақтау керек. Соңғы жылдардағы психологиялық зерттеулер
бойынша, ер балаға қарағанда қыз баланың бас миының оң жақ
бөлігінен гөрі сол жақ бөлігінің дамуында айырмашылық болатыны
айқындалды. Яғни, қыз баланың бас миының сол жақ бөлігінің дамуы
тез жүзеге асады, ал ер баланың бас миының оң жақ бөлігі тез дамиды.
Мұның бала есінің дамуына қатысы бар.
Өйткені мидың сол жақ бөлігі оң жақ бөлігіне қарағанда материалды
ерікті есте сақтауға, жете ойланып сөз-логикалық еске жағымды
эмоцияны еске сақтауға ықпалы ерекше, ал оң жақ бөлігі ырықсыз
есте сақтауды жүзеге асырып, жағымсыз эмоцияны, бейнелік есті,
сезім реакцияларын еске түсіруді жүзеге асырады. Бұл ақпарат ғылыми
тұрғыда дәлелденген.
Есті дамытудың әр түрлі жолдары бар. Негізінде ес мидың жұмыс
істеу қабілеттілігін көрсетеді, өйткені ес үдерісі арқылы әр түрлі
материал есте сақталып, кейін қайтадан жаңғыртылады.
204
Әр баланың есінің даму деңгейі материалды есте сақтау көлеміне,
қатесіз қайта жаңғыртуға, ұзақ есінде сақтауына, іс-жүзінде әрекет
ету барысында есіне сақтауына байланысты. Баланың материалды
еске сақтауын анықтау үшін бірнеше жеміс жидектер суретін балаға 1
минут көрсетіп, есте сақтап қалғандарын қайталатып тексеруге болады.
Ес үдерісінің нашар қалыптасуы іштен туа пайда болмайды, есте
сақтаудың нашар болуы баланың ес үдерісін күнделікті өмірде тәрбие
үдерісінде дұрыс дамытуға тікелей байланысты.
Баланың ес үдерісін дамыту үшін бірнеше есте сақтау тәсілдерін
білу керек. Мысалы:
1. 2 топтың балаларына көлемі бірдей мәтінді жаттап келіп,
айтып беруге тапсырма берген кезде 1-топқа еске сақтап, кейін қайта
жаңғырту керектігі түсіндіріледі, ал екінші топтың балаларына тек
жаттап келіңдер дейді. 1-топтың еске сақтауы 2-топқа қарағанда сапалы
болады. Өйткені еске сақтап қайта жаңғырту үшін мақсат қоюдың
маңызы ерекше.
2. Бала материалдың мән-мағынасын жақсы түсінсе, есінде бәрін
жақсы сақтайды.
3. Бала еске сақтауға тиіс материалды көзімен көріп, қолымен ұстап
тәжірибе жүзінде ұзақ, тікелей әрекет етсе, есінде жақсы сақтайды,
ал тез есте сақтаса тез ұмытады, әсіресе оқу әрекетін меңгерту кезінде
баланың әр түрлі есінің типтік ерекшеліктерін ескеру керек.
Мектепке дайындық кезеңінде көріп, естіп қабылдау және көріп
қимыл-қозғалыс арқылы қабылдау жиі жүзеге асады. Сондай-ақ
материалды қайталату арқылы есте сақтау тиімді. Мысалы, күрделі
материалды балаға бірден жаттатқызбай бөліп-бөліп, демалдырып
қайталап жаттатудың маңызы зор.
Онша көп қайрат күш жұмсауды талап етпейтін көркем сөз
үзінділерді, тарихи даталарды, географиялық атауларды бала жаттамай
тұрып, жақсылап оқып беріп, мазмұнын қарапайым тілмен жан-жақты
түсіндірудің маңызы зор.
В.С. Мухина бойынша мектепке дейінгі шақ есте сақтау мен еске
түсіру қабілеттілігінің пәрменді дамуымен сипатталады. Адамдар,
оқиғалар есте сақталатын кезең мектепке дейінгі шақта анықталмаған
мерзімге ығысады. Шындығында, бізге сәбилік шақтағы оқиғалардан
бірдеңені еске түсіру қиын немесе мүлде дерлік мүмкін болмаса,
мектепке дейінгі балалық шақ көптеген әсерлі сәттерді есте қалдырады.
Бұл әсіресе мектепке дейінгі ересектерге тән. Мектеп жасына дейінгі
баланың есі негізінен ықтиярсыз сипатта болады. Бұл бала көбіне
өзінің алдына бір нәрсені есінде қалдыру үшін саналы мақсаттарды
205
қоймайтындығын көрсетеді. Есте сақтау мен еске түсіру баланың еркі
мен санасына байланысты өтеді. Бұл екеуі де іс-әрекет арқылы жүзеге
асады әрі іс-әрекеттің сипатына байланысты болады. Бала іс-әрекетте
неге зейін қойса, оған не әсер етсе, не қызық болса, соны ғана есінде
сақтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |