157
Бала үшін үйшіктерге берілген орын айқын шарт болып табылады,
оған тұрғызылатын шарбақ сәйкес келуі керек.
Шарбақтарды тұрғызудың жаңа әдісін жақсы меңгеріп алған
балалар бағаналарды қоюдан бастайды. Бастапқы жоспарлау жұмысы
оларда айқын көріне бастады: олар қол қимылымен қоршалатын
алаңның аумағын сызып, бағаналар қадалатын орындарды белгіледі,
содан кейін ғана оларды қадады. Мұның үстіне балалар өздерін-өздері
бақылап, бағаналардың орналасуын анықтады.
Осыдан кейін бағаналардың арасына шарбақ орнатты, мұны көбіне
айқын түзу сызықтармен белгіледі.
Дұрыс тұрғызылған шарбақтар
қаздардың үйшіктерін түлкінің үйшігінен бөліп тұрды. Кейде балалар
жекелеген шарбақтармен түлкінің үйшігін де сенімді болу үшін бөліп
койды.
Әдетте, қаздар тұратын ауланың есігін оның алыс бөлігінен
шығарды және оны қақпамен мұқият жауып койды.
(Н. Н. Поддьяковтың
байқаула-рынан.)
Шарт бойынша құрастыру баланың түрлендіру ынтасын дамытады.
Мектепке дейінгі балаға бір шарттың өзін негізге ала отырып әр
түрлі шешім қабылдау төтенше қызғылықты; үйшіктерді түрліше
қоршау, өзен арқылы көпірді түрліше салу, үйлердің, түрлі типін
тұрғызу осының мысалы бола алады.
Біртіндеп күрделене беретін құрылыстардың тұтас қатарын жасау
балаға ұнайды. Мысалы, биік те аласа, кең де тар, ұзын да қысқа т.б.
үйшіктерді тұрғызу балаларды үйшіктердің түрлі тиіптері жөнінде
жалпыланған,
икемді ұғымын, оларды тұрғызудың жалпыланған
іскерліктерін қальштастырады. Бұл шынайы шығармашылық құрастыру
негізін жасайды. Балалар қандай да бір ойын барысында қажет болатын
үйшіктерді оңай тұрғызады, өздері салған құрылыстарда түрліше
мақсаттарды оңай іске асырады.
Егер баланың құрастыру тәжірибесі аз болып, дер кезінде
үлгі бойынша құрастыруды үйренбеген болса, ол
шарт бойынша
құрастыру кезеңінде үлкен қиыншылықтарға тап болады. Шартқа
сәйкес келетін жаңа бір нәрсені тұрғызу қажеттігі туғанда бала
әдеттегісінше құрылыстың шартқа аз сәйкес келетін, өзіне белгілі түрін
тұрғызуға кірісе бастайды, өйткені құрылыстың типтері жөнінде оның
жалпыланған ұғым мен оларды тұрғызарда жалпыланған іскерлігі әлі
де қалыптасқан жоқ.
Құрастыру іс-әрекетінің үшінші типі –
ойлау бойынша құрастыру.
Құрастырудың бұл типін баладан ойын іс-әрекеті талап етеді. Ойын
үшін тек арнаулы құрылыс материалынан (мысалы текшелерден) ғана
158
емес, сонымен бірге жихаз, тақтай, таяқ, зонт, матаның қиықтары сияқты
баланың төңірегіндегі заттардан құрылыс тұрғызуға тура келеді. Ойын
көбіне баланың тек өз басы ғана пайдаланатындай құрылыс тұрғызуды
да талап етеді. Балалар ойындарында өздері ішіне орналасатындай
үйлер салады, отырып алып жүзіп кететіндей кемелер мен баржалар
жасайды.
Ойында салынған құрылысты пайдалану
балалардың құрастыра
білуіне үлкен практикалық мән береді және құрастырудың сипатын
өзгертеді. Балалар өздерінің салған құрылысын белгілі бір нәрсеге
ұқсас болу үшін ғана емес, сонымен бірге өздері осы құрылыспен ойнау
үшін де құрастыра бастайды.
Мұндай жағдай балалардың құрастыру процесіне өзгеше
көзқарасын тудырады: балалар ойланған ойынға оның ерекшеліктері
сәйкес келетіндей құрылыстарды салуға тырысады.
Ойын үшін құрастыру балаларды біріктіреді, құрастыру үрдісінде
балалар құрылыс
жоспарын бірлесе талқылауды, ортақ келісімге
келуді, өздерінің тілектерін көпшілік қолданған құрастыру ойынына
бағындыруды және құрылыстың неғұрлым сәтті варианты жөніндегі өз
ойларын қорғауды үйренеді. Балалар салып бітірген құрылысты т. б.
қайта құрастыруды үйренеді.
Үлгі, шарт, ойлау бойынша құрастыру бір-бірін тура алмастыратын
кезеңдер емес. Құрастырудың барлық типтері міндеті мен жағдайына
байланысты кезектесіп отырады. Әйтсе де құрастырудың әр типі
баланың өзіне тән қабілеттерін дамытады.
Құрақ құрау мен жапсыруды жеке атау қажет. Бұл да жемісті іс-
әрекеттің екі түрі болып саналады.
Олардың психологиялық мәні
бейнелеу және құрастыру іс-әрекетінің мәніне ұқсас. Сурет салу,
құрастыру, жапсыру және құрақ құраумен белсене шұғылдану
арқасында балада ненің тындырылуы қажет екенін күні бұрын көзге
елестету қабілеті, іс-әрекетті жоспарлау қабілеті дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: