209
бөліп жіберіп, қайта бақылағанда, екеуінің де сөздік қоры молайғанын
байқайды.
Сұрақ: Осы жәйттердің мән-жайын қалай түсіндіресіз?
7-тапсырма
Ересектер тобындағы балалардың мәнерлеп сөйлеуін, дауыс
ырғағын дұрыс қалыптастыру үшін тәрбиеші оларға тақпақтар
жаттатты. Бірақ мұндай әрекеттердің балаларға ықпалы аз болды.
Сұрақ: Мұның себебі не? Баланың сөйлеуін жақсату үшін
тәрбиешіге қандай кеңес берер едіңіз?
8-тапсырма
Төмендегі әдіс-тәсілдер арқылы бала қиялының қандай түрлерін
дамытып, қалыптастыруға болады?
а) Мектеп жасына дейінгі балалардың сүйікті сабағы кезінде,
өздерінің қалауы бойынша, саздан әр түрлі бейне жасау тапсырылды.
Бірақ тәрбиеші балалардың жас ерекшеліктерін және 4-тоқсан
бағдарламасын ескеріп, жеміс-жидектерді, тағамдарды, жануарларды,
ертегі кейіпкерлерін мүсіндеуді ұсынды.
9-тапсырма
Л.Н.Толстойдың мына сөзінен мектеп жасына дейінгі балалар
қиялының қандай ерекшеліктерін байқайсыз?
«Мен суретте сұр қоянды бейнеледім, содан соң сұр қоянды
бұтаға өзгерттім. Бұл бұта да маған ұнамады. Одан мен қайта ағаш
жасадым. Ағаштан үйілген пішен маясын жасадым, пішен маясынан
бұлт жасадым».
10-тапсырма
6 жасар балалар тіл дамыту сабағына тиісті материалды
меңгеруімен бірге жанама міндеттерді де орындайды. Олар зейінін
тек әңгіме мазмұнына аударып қоймай, әңгімені тыңдай отырып,
тәрбиешінің қосымша айтқан тапсырмасын да орындайды, әңгіме
мазмұны бейнеленген суреттерге де қарайды.
Сұрақ: Кітап оқу нәтижелі болу үшін зейіннің қандай қасиеттері
пайдалы?
Достарыңызбен бөлісу: