85
Баланың кереуеті жарық алдыңғы жақтан түсетіндей болып қойылуы
тиіс, бұл да көздің қыли болуынан сақтайды.
Баланың көзін аурулардан, жарақат пен шаңнан сақтау қажет: оның
өз сүлгісі мен жастығы болуы тиіс, Көзді қолмен немесе пайдаланған
бет орамалмен ешуақытта сүртуге болмайды. Егер тәрбиеші-күтуші
баланың көзін сүрткенін байқаса, қабағы қызарса немесе көзі іріңдесе,
көзді калий перманганатының әлсіз ерітіндісімен, бор қышқылымен
немесе қайнаған сумен жуып, баланы дәрігерге көрсету керек.
Есту. Жаңа туған
баланың есту қабілеті әлсіз, бірақ өте қатты
дыбысты естиді және егер күшті шу шықса емуін тоқтата қояды. Есту
дабыл қуысындағы шырышты сүйықтың таралу дәрежесі мен оның
ауамен толуына қарай біртіндеп жақсарады. Есту мен көздің арасындағы
үйлестік біршама ерте пайда болады. Тіпті 2 айлық бала басы мен көзін
дыбыс шыққан жаққа бұра бастайды.
Құлақ гигиенасы. Баланың сыртқы дыбыс саңылауы шеміршекті
және тері бөліктен тұрады, ол нәзіктігімен ерекшеленеді, онда тітіркену
мен жарақат тез пайда болады. Мұндағы бездердің бірі құлақты шаңнан
қорғайтын құлық бөліп шығарады, оны
әлсін-әлсін кептіріп отыру
керек.
Жұтқыншақ мұрынмен жалғасатын евстахи түтігі қысқа әрі кең
болады, соның салдарынан балаларда көбіне ауыз қуысы арқылы
иңфекцияның енуінен ортаңғы құлақтың қабынуы пайда болады.
Осыған орай тамақтан кейін баланы ауыз шаюға үйрету, ал өте
кішкентайларға жиі-жиі қайнаған су ішкізу қажет.
Үнемі болатын шу балалар құлағының естуіне зиянды әсерін
тигізеді, өйткені күшті дыбыс дабыл
жарғағына недәуір қысым
жасайтындықтан, ол өзінің икемділігін жоғалтады. Бұл дыбысты
қабылдаудың әлсіреуіне әкеп соғады.
Режимді ұйымдастырғанда шулы ойындарды ақырын, тыныш
ойындармен кезектестіріп отыру қажет.
Дәм. Дәм сезімі ауыз қуысынын,
шырышты қабығындағы ең
алдымен тілдегі бүршіктер арқылы қабылдайды. Дәм сезу тіпті жаңа
туған баланың өзінде недәуір жетілген, олар тәттіні ынталана сорады,
ал керісінше қышқыл мен ащыға бет-аузын тыжырайтады, соруын
қояды, жылайды.
Достарыңызбен бөлісу: