121
денесін өзі билеу сезімі бала үшін өзін-өзі мадақтау қызметін атқарады.
Баланың қозғалып жүру ниетін, сол сияқты тілегін мақсатына жету
мүмкіндігі және сонымен қоса, үлкендердің қатысуы мен мақұлдауын
қолдайды. Өте тез арада, алғашқы әлсіз қадамдардан соң үйлесімді тура
бағытты қимылдар жасау қабілеті қалыптаса бастайды. Екі жасқа қарай
бала орасан зор ынтамен өзінің жүрген жолынан кедергілер іздестіреді.
Қиындықтар және оларды жеңу сәбиде жағымды эмоциялық көңіл-күй
туғызады.
Қозғалып жүруге қабілеттілігінің (дене қимылының табысы
бола отырып) психологиялық салдары. Қозғалып жүруге
қабілеттілік
арқасында бала сыртқы дүниемен неғұрлым еркін де дербес қарым-
қатынас жасау дәуіріне енеді. Жүруді игеру кеңістікте бағдарлану
қабілетін дамытады. Бұлшық ет сезімі қашықтық пен заттың кеңістікте
орналасуын есептеу өлшемі болады. Бұл көру, қимылдау мен сезінудің
бірлескен қызметтері арқылы жүзеге асады.
Өзі қарап тұрған затқа
жақындай отырып, бала оның кеңістікте орналасу қалпын практикалық
түрде игереді. Жүру арқылы бала өзінің таным объектісі болатын
нәрселер шеңберін әлдеқайда кеңейтуге мүмкіндік алады. Ол ата-
аналары бұрын оған ұсынуға болмайды
деген сан алуан заттар мен
іс-әрекет жасауға қабілетті болады. Жаңа заттарды тексерудің жаңа
тәсілдерін туғызып, сәбиге нәрселердің осы уақытқа дейінгі жасырын
болып келген қасиеттері мен олардың арасындағы байланыстарын
ашады.
Достарыңызбен бөлісу: